ҚазҰУ командасы ҚР туризм бойынша Чемпионатының жүлдегері

30.06.2016

Көрулер: 3417

ҚазҰУ командасы ҚР туризм бойынша Чемпионатының жүлдегері!

Қазақстан Республикасының спорттық туризм чемпионатының нәтижесі бойынша Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары мен ағылшын бөлімінің студенттері өз тобындағы 18 команда ішінде 2 орынға ие болды. Жүлделі орынға «Туризм» мамандығы студенттерінің оқу тәжірибесі аясында орындалған, Іле Алатауы бойынша Түрген шатқалынан Көлсай көлдеріне дейінгі оқу-жаттығу жорығы иеленді.

Топ жетекшісі – кафедра меңгерушісі Артемьев А.М., қатысушылар: аға оқытушы Калимбетов Е.А., студенттер - Омар Меруерт, Касымханова Арайлым, Жиенбай Дана, Рысберген Акерке, Жансеитова Бота, Турган Асем, Мырзагалиева Аяжан.

Республикалық спорттық туризм Федерация сайтында 2016 жылғы спорттық туризм бойынша ел Чемпионатының нәтижелері жарияланды.

ҚазҰУ құрамасын құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!

Рекреациялық география және туризм кафедрасы