Басты мақсат - ынтымақтастықты дамыту

15.06.2016

Көрулер: 4199

Қиыр Шығыс кафедрасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 13 маусымында Корея Республикасы Сыртқы Істер министрлігі, Корей қоры, Корея Республикасының шетелдегі корей қорының өкілдерімен және Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің оқытушы-профессорлар құрамының арасында жемісті кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты жиынға қатысушыларды Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің қызметімен таныстыру және Сыртқы Істер министрлігі, Корей қоры, Корея Республикасының шетелдегі корей қорымен ынтымақтастықты дамыту. Қиыр Шығыс кафедрасындағы корейтану бөлімі Қазақстандағы корейтану ғылымының негізгі базасы болып табылады. Бұл кездесуде өзара ынтымақтастық туралы әртүрлі мәселелер талқыланды.