Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО халықаралық кафедрасы ашылды

08.06.2016

Көрулер: 3717

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары мен БҰҰ, ЮНЕСКО өкілдерінің бірлескен мәжілісінде университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокованың қолы қойылған, университетте тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО халықаралық кафедрасының ашылуын ресми түрде растайтын құжатты салтанатты түрде көрсетті. ЮНЕСКО және ИСЕКО жұмыстары бойынша ҚР комиссиясының бас хатшысы Әсел Өтегенова университеттің тұрақты даму шешіміне қосқан үлесін атап өтіп, Ирина Бокова ханымның: «Тұрақты даму бойынша мақсаттарды табысты іске асыру тек көшбасшылардың мойнындағы жұмыс емес, ең алдымен азаматтық қоғамның жұмысы».

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО кластер бюросының Алматыдағы директоры Андрей Шевелев жаңа ЮНЕСКО кафедрасының сапалы білім беру, гендерлік теңдік, лайықты жұмыс пен экономикалық даму, тұрақты қалалар, климат өзгерісімен күрес, экожүйелердің сақталуы, тұрақты даму үшін бірлік пен ынтымақтастықты алға тарту сынды тұрақты даму мақсаттарына жетуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

БҰҰ-ның Алматы бойынша қоғамдық ақпарат департаментінің директоры Властимил Самек университетті тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ашылуымен құттықтай отыра, ҚазҰУ-дың тұрақты даму бойынша жеткен жетістіктері жоғары оқу орнының БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасы бойынша жаһандық хаб ретіндегі дәрежесін 2018 жылға дейін ұзартуға негіз болғанын айтты. Сонымен қатар, ол ЮНЕСКО кафедрасының ашылуы – жастардың мүмкіндіктерін арттырып, әлеуметтік инновациялар мен өзгерістерге, әлемдік мәдениеттің қалыптасуына өз септігін тигізетініне сенім білдірді.

Университет ректоры тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы демократиялық құндылықтар, соның ішінде, толеранттылық, плюрализм, адам құқығын құрметтеу, бостандық ұғымдары алға қойылатын пікірталас алаңы болатынын растады. ЮНЕСКО кафедрасы қызметі шеңберіндегі жобаларды іске асыру тұрақты даму айналасында мемлекет пен аудан әлеуетін арттыруға қолдау көрсету бағытындағы бастамаларға жаңа серпін болары анық. Атап айтқанда, бұл – тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау, жасыл экономика мен жаңартылатын энергия беру бойынша ғылыми-зерттеушілік жобалардың іске асуына дайындық пен қолдау.

Бұл – Қазақстандағы білім беру, ғылым мен мәдениет жөніндегі БҰҰ-мен танылған бесінші ЮНЕСКО кафедрасы, оның екеуі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да. 1996 жылдан бері университетте БАҚ, журналистика мен медиа білім саласында ірі жобаларды жүзеге асыратын, журналистика және бұқарамен қатынас орнату салалары бойынша ЮНЕСКО кафедрасы жұмыс істейді.

 

 

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ

Баспасөз қызметі

8(727) 377 3148/49

www. kaznu.kz

Фото: Жүнісбеков Марат