Тыл ардагерлерінің ұлы ерлігіне тарихи естелік

25.05.2016

Көрулер: 4275

2016 жылдың 23 мамырында Оңтүстік-Орал мемлекеттік университетінің алаңында «Мәңгі өлмейтін полк – тыл батырлары: Ресей мен Қазақстан – ортақ Ұлы Жеңіс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары - «Еуразиялық достастық» әлеуметтік-экономикалық даму Қоры, Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті, «Азамат» қазақ қоғамдық орталығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан).

Іс-шара «Мәңгі өлмейтін полк – тыл батырлары: Ресей мен Қазақстан – ортақ Ұлы Жеңіс» акциясының студент-қатысушыларын Оңтүстік-Орал университетінің бас ғимаратының алдында суретке түсіруден басталды. Бұл бастама дөңгелек үстелдің көтеріңкі көңіл-күймен басталуына әсер етті.

Дөңгелек үстелді «Еуразиялық достастық» әлеуметтік-экономикалық даму Қорының президенті Виктор Михайлович Каточков ашып, шараның маңыздылығы мен қаралатын тақырыптарға тоқталды. «Жақында ғана бүкіл әлем сұрапыл соғыста кеңес халқының ұлтшыл Германияны жеңгеніне 71 жыл толуын атап өтті. Бүгінгі күні осы ұлы күнге арналған іс-шаралардың бірқатары өтіп жатыр. В.М. Каточков «Мәңгі өлмейтін полк – тыл батырлары» мерзімсіз акцияның басталатының айтты.

Дөңгелек үстелдің қатысушыларына сәлем сөзін арнаған Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті әскери факультетінің басшысының орынбасары, полковник, педагогика ғылымдарының кандидаты Константин Николаевич Крикунов аталмыш дөңгелек үстелдің оңтүстік Орал астанасының тұрғындары үшін аса маңызды екенін кесіп айтты. «Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы майдан пен тылдың ортақ күшімен өтті. Константин Николаевич: «Біздің қала мен Челябинск облысының жұмысшылары соғыс жылдарында «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!» ұранымен өмір сүрді, еңбек етті және күресті», - деді.

«Еуразиялық достастық» қорының сарапшысы, тарих ғылымдарының докторы Игорь Вячеславович Сибиряков өз сөзінде Қазақстан Республикасының тыл жұмысшыларының жеңіске қосқан үлесінің еленбей қалғандығын айтты. Игорь Вячеславович: «Қазақстан майданның мықты арсеналына айналғандығын, елдің Еуропа бөлігінен Шымкент, Алматы, Петропавл, Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Ақмола, Көкшетау қалаларында 220-ға жуық қорғаныс мекемелері ұйымдастырылғанын атап өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Лайла Сейсембекқызы Ахметованың сөзінің басты идеясы – тыл жұмысшыларының ұлы ерліктері туралы тарихи естелікті сақтау. Бұл естелік Ресей мен Қазақстанның халқын ұлттық ерекшеліктеріне, сенімі мен жасына, әлеуметтік жағдайына қарамастан біріктіретіні сөзсіз. Біздің генетикалық санамызда жеңімпаздың психологиясын сақтап қалады. Соғыс туралы естелік біздің қиындықтарға қарамастан, нақты жеңіске деген рухтың сақталуына көмектеседі. Бұл естелік ТМД елдері мен жақын шет елдердің арасындағы байланыстың берік болуына әсер етеді.

Оңтүстік Орал - Жеңістің ошағы болды. Танкоград – Жеңіс ісіне теңдессіз үлес қосқан тыл жұмысшыларының символын білдіретін Челябинскінің екінші атауы. Тыл батырларының қайсарлығының символын аты аңызға айналған Челябинск трактор зауыты туралы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Дмитрий Сергеевич Гулхарев айтты.

Тарихшы Татьяна Юрьевна Зубкова Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскер мен елді жабдықтаудағы Қазақстанның рөлі туралы айтты.

«Еуразиялық достастық» әлеуметтік-экономикалық даму қорының вице-президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ирина Юрьевна Окольнишникова жастардың патриоттық тәрбиесіне үлес қосуға ниетті еріктілердің күшін біріктіретін «Мәңгі өлмейтін полк – тыл батырлары» мерзімсіз акциясын ашты.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы – Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне, жоғары оқу орындарына және бұқаралық ақпарат құралдарына жіберілетін резолюция қабылданды.

Капарова Елназ

Студенттік баспасөз Орталығы