Шопен музыкасы

03.05.2016

Көрулер: 2139

Журналистика факультетінің 309 топ студенттері филармонияның камералық залында фортепиано музыкасының кешін тамашалады. Солисті - халықаралық байқаулардың дипломанты Жанар Сүлейменова. Кештің қонақтары ҚР Польша консулдығының қызметкерлері және Қазақстан мен Польшаның дипломаттары мен ғалымдары болды. Біздің екі елді ғасырлар бойғы байланыстар, Адольф Янушкевичтен бастап Қазақстанды екінші отаны ретінде таныған поляктардың тағдыры байланыстырып тұр.  

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы.