Алдиярова Әлия Бразильдік Джиу-джитсу бойынша Жылдық Кәсіпқой Әлем Чемпионатының жеңімпазы

29.04.2016

Көрулер: 3864

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ассистенті Алдиярова Әлия Несіпбекқызы халықаралық жарыста екінші жүлделі орынға ие болып, Біріккен Араб Әмірлігіне өз жүйріктігін паш етті. Бразильдік Джиу-джитсу бойынша Жылдық Кәсіпқой Әлем Чемпионаты осы жылдың сәуір айының 18-24 күндері аралығында Абу-Даби қаласында орналасқан Шейх Зайд ибн Сұлтан Аль-Нахайян атындағы спорттық кешеннің әлемдік IPIC Arena аумағында өтті. Жарысқа 100 елден келген 5000-нан аса спортшылар бақ сынады. Әлияның қарсыластары Венгрия, Палестина, Сауд Арабиясы, БАӘ, Канада, Франция сияқты 6 түрлі елден, сонымен қатар Қазақстаннан келген 11 спортшы болды. Әлемнің күміс чемпионы атағын иеленгені үшін «Samurai» спорт клубының жаттықтырушысы Алдияров Альберт Александровичке шексіз алғысын білдіреді. Алдияровтар жұбы осындай деңгейдегі жарыстарда үздік нәтиже көрсететін Қазақстанның алғаш отбасы болып табылады. Ұстанатын ұрандары Республиканың салауатты нациясын қолдау.