Жаңалықтар

ҚазҰУ және ЕҰУ қос дипломды магистрлерді даярлауға кірісті

30.06.2010

Қазақстанның жетекші жоғары оқу ордалары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиеті және Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қос диплом бағдарламасы бойынша магистрлерді бірлесіп дайындау жөнінде келісім жасасты. Бұл отандық кадрларды дайындау жолындағы жаңа қадам болмақ. Келісімге жоо ректорлары Бақытжан Жұмағұлов пен Бақытжан Әбдірайым қол қойды.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ: әріптестік қарым-қатынасты нығайту жолында

29.06.2010

2010 жылдың 29 маусымында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Малайзияның жетекші оқу ордасы KIM International-дың жетекшісі Датук Сарони Жудидың басшылығымен бір топ өкілдер келіп қайтты. Малайзияның Білім министрі Датук Сери Мохд Нажиб Тюн Абдул Разак (бүгінгі таңда Премьер-министр) бұл университетті 1997 жылы ашқан еді. Құрылғанына көп уақыт өтпесе де бұл университет дүние жүзі бойынша мойындалған оқу ордасы.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Студенттер құрылыс жасағының Құрылтайы өтті

29.06.2010

Ең алғаш рет өз аяқ алысын 1963 жылы бастау алған студенттік құрылыс жасағының қозғалысы 90-жылдары ұмыт қалған-ды. ҚазҰУ қалашығының көркеюін қалап, алдыңғы қатарлы саптан көрсету тұрғысында студенттік күш-жігердің маңызын жете түсінген университет ректоры Бақытжан Жұмағұлов 2008 оқу жылынан бастап бұрынғы дәстүрдi қайта жаңғыртып, студенттер құрылыс жасағын жандандыруды қолға алды. Енді, міне жас патриоттар Алматы қаласының қорғауға алынған табиғи парктерді әрлендіріп, өз қолдарымен жаңа оқу ғимараттарының бой көтеруіне үлестерін қосып жатыр.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 21.06.2010 – 26.06.2010

29.06.2010

  • ҚР Президент Институтының 20 жылдығы.
  • ҚазҰУ СҚЖ жиыны.
  • ҚазҰУ-да ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор Ғ.С. Сапарғалиевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі жағдайдағы Қазақстан қоғамының саяси жүйесін жетілдіру мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
  • ҚазҰУ-да Химиктер күнін атап өтті.
  • ҚазҰУ және ЕҰУ арасында қос диплом бағдарламасы бойынша магистрлерді дайындау келісім-шартына қол қойылды.
  • Хабарландыру: ҚазҰУ-ға оқуға келіңіздер.
  • ҚазҰУ студенттері баспасөз майталмандарын журналистер күнімен құттықтады.
  • Журналистер арасындағы Б. Құсанбек атындағы республикалық байқаудың қорытындысы шықты.
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ ғалымдарының авторлық жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • Шетелдік ғалымдар ҚазҰУ хақында
  • ҚазҰУ түлектері туралы
  • ҚазҰУ түлектері қара шаңырақ туралы
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Ұстазды ұлағаттау

29.06.2010

23 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР ҰҒА академигі, «Құрмет» орденінің иегері, заң ғылымдарының докторы, профессор Ғ.С. Сапарғалиевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі жағдайдағы Қазақстан қоғамының саяси жүйесін жетілдіру мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияда еліміздегі заң ғылымының беткеұстар ғалымдары, түлектері және Қазақстанның түкпір-түкпірінен мерейтой иесін құттықтай келген қонақтардың басын қосты.

Ары қарай оқу >>

Жапон тілінде шешендік өнер сайсысы өтті

25.06.2010

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жапонтану кафедрасының ұйымдастыруымен ХІV Орта-азиялық жапон тілндегі шешендік өнер сайысы өтті. Байқауға ҚР-дағы Жапония елшілігі мен қазақстандық жапон тілі оқытушыларының қауымдастығы қолдау көрсетті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 14.06.2010 – 19.06.2010

22.06.2010

  • «Алтын белгі» иегерлерін ҚазҰУ-ға ілім алуға шақырды.
  • Хабарландыру: ҚазҰУ-ға оқуға келіңіздер.
  • ҚазҰУ-дың химия факультеті үздік атанды.
  • ҚР Президенттік институтының 20-жылдық мерейтойына орай: «Нурсултан Назарбаев – лидер общеазиатского диалога».
  • Имидждік жарияланымдар.
  • ҚазҰУ ғалымдарының авторлық жарияланымдары.
  • Студенттердің жарияланымдары.
  • Біздің сарапшылар.
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы.

Ары қарай оқу >>

Келесі жыл – ЖОО оқулықтар жылы!

22.06.2010

Бұл жаңалықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және одан кейінгі білім беру республикалық оқу-әдістемелік кеңестің қатысушыларына Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне іс-сапармен барған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Бақытжан Жұмағұлов хабарлады. Ректордың басшылығымен университеттің 20 топ-менеджерлері де аталмыш шараға қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың химия факультеті жылдың үздігі атанды

22.06.2010

Биылғы жылдың нәтижесі бойынша «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік факультеті» байқауының жеңімпазы химия факультеті атанды. Бұл жөнінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінде өткен отырыста жарияланды.

Ары қарай оқу >>

«Алтын белгі» иегерлеріне ҚазҰУ-ға шақыру қағазы табыс етілді

22.06.2010

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өзінің ерекше «Алтын белгі» статусын растаған мектеп түлектердің мерекелік кездесуі өтті. Кеше ғана олар мектеп ғылымының биік шыңдарына ұмтылды, ал бүгін олармен ата-аналары, мектеп мұғалімдері, достары және сыныптастары мақтан етеді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 07.06.2010 – 12.06.2010

16.06.2010

  • ҚазҰУ-да Алматы қаласының әкімшілігіне қатысты жаңа технологиялар және инновациялар бойынша алғашқы кеңесі өтті.
  • ҚазҰУ-ға Корея Республикасынан Gangneung-Wonju университетінің өкілдері қонақтап қайтты.
  • ҚазҰУ-да І Халықаралық Жолдасбеков симпозиумы өтеді.
  • ҚазҰУ және Дублин университеттері арасында қарым-қатынас орнатылды.
  • ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен Төлеген Тәжібаевтың 100-жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі жоғары білім берудің мәселелері: жетістіктері және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
  • ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің түлектері бас қосады.
  • «Алтын белгілердің» таңдауы – ҚазҰУ.
  • ҚазҰУ-да философия докторларының (PhD) диссертациясы ашық түрде қорғалатын болды.
  • ҚазҰУ ғалымдарының «Нұрсұлтан Назарбаев – жалпыазиялық диалогтың көшбасшысы» атты жарияланымдары.
  • Имидждік жарияланымдар.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
  • Шетелдік ғалымдар ҚазҰУ туралы.
  • Біздің сарапшылар.
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары секциясы мәжілісінің ықшам – ақпары

14.06.2010

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның ірі оқу-әдістемелік орталығы болып саналады. 2010 жылдың 15 маусымында сағ.10.00-де.
Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жанында мына мекен жайда: Қарағанды қаласы, Универистетская көшесі 28, (ҚарМҰ-дың Студенттердің мәдениет Сарайында) Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары мамандықтары секциясының кезекті көшпелі мәжілісі өтеді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 31.05.2010 – 05.06.2010

10.06.2010

  • Европарламент депутаты ҚазҰУ-да болып қайтты.
  • ҚазҰУ-дың физика факультетінің студенттері балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті.
  • ҚазҰУ-да Алматы әкімшілігіне қарасты инновациялық және жаңа технологиялар Кеңесінің бірінші отырысы өтті.
  • ҚазҰУ-да Орта Азия және Кавказ аймағы бойынша Таяу Шығыс және Орта Азия елдерінің Халықаралық валюта қоры директорының орынбасары Дэвид Оуэн баяндама жасады.
  • ҰБТ ҚазҰУ-да.
  • Аңдатпа: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде академик Төлеген Тәжібаевтың 100-жылдық мерейтойына (1910-1964 ж.) арналған «Қазіргі жоғары білім берудің мәселелері: жетістіктері және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. (ФжС)
  • ҚазҰУ дайындық факультетінің студенттері арасында «Атамекенім-Қазақстан!» байқауы өтті.
  • Имидждік жарияланымдар.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
  • Студенттер жарияланымы.
  • Біздің сарапшылар.
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

Ары қарай оқу >>

Корей елінің студенттері ҚазҰУ-ды таңдайды

10.06.2010

Корейлік студенттердің тарапынан Қазақстандағы ең беделді университетте білім алуға деген қызығушылық артып келеді. Осы орайда 2008/09 оқу жылында ҚазҰУ-да білім алған Корей студентінің саны 95 болса, 2009/10 оқу жылында ҚазҰУ-дағы бұл көрсеткіш 140-қа жеткен. Бүгінгі таңда Корей студенттері ҚазҰУ-дың жазғы семестріне келуде. Бұл туралы Корея Республикасындағы Гангненг-Вонжу (Gangneung-Wonju) университеті деллигациясының әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне келген сапарында айтылды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ және Дублин Университетінің қарым-қатынас нығаюда

09.06.2010

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Дублин Университетінің өкілдері болып қайтты.
Кездесу аясында екі жақты оқытушылардың білім алмасуы, студенттік мобилділік, оқу бағдарламасын салыстыру, шетелдік бағдарламаларды игеруде оқытушылар мен студенттердің ағылшын тілін білуі, т.б. мәселелер қарастырылды. Әріптестік байланыста екі жақты дипломның маңыздылығы мен бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Тұңғыш рет ҚазҰУ-да Орта Азия және Кавказ ХВҚ елдері бойынша аймақтық экономикалық шолу өтті

09.06.2010

Таяу Шығыс және Орта Азия Халықаралық валюта қорын (ХВҚ) департаменті директорының орынбасары Дэвид Оуэн әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Орта Азия және Кавказ елдері бойынша аймақтық экономикалық шолу бастамасын жүзеге асырды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ І-ші Халықаралық Жолдасбеков симпозиумына дайындық үстінде

09.06.2010

Келесі жылдың наурыз айында Алматыда белгілі ғалым, білім және ғылым саласының майталманы, мемлекет және қоғам қайраткері Жолдасбеков Өмірбек Арсыланұлының 80 жылдығына байланысты І-ші Халықаралық Жолдасбеков симпозиумы өтеді. Бұл жөнінде академик Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен өткен ұйымдастыру комитетінің алғашқы мәжілісінде талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Ағылшын тіліне оқыту методикасының жаңа бағыттары

08.06.2010

2010 жылдың 7 маусымында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –да Жеңіс күнінің 65-жылдығына арналған «Ағылшын тіліне оқыту методикасының жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинарға Британдық Кеңестің өкілдері қатысты, МакМиллан баспасы, Алматы қаласы ЖОО-ның ағылшын тілі пәнінің оқытушылары, соның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Абай атындағы КазҰПУ, АТУ, Байланыс және коммуникациялар Академиясы, АҚҚУ, Алматы Аграрлық Университеті, Жүргенов атындағы өнер Академиясы.

Ары қарай оқу >>

Univesity of Dublin, Trinity College ғалымдар делегациясымен кездесу

07.06.2010

7маусым күні 2010ж. Univesity of Dublin, Trinity College (Исландия)ғалымдар делегациясымен кездесу өтті. Делегация мүшелері: Prof. Clive Williams, the Dean of Science and Engineering, Prof. Michael Manzke, Head of Computer Science School; John McPartland, Head of International Students; Prof. Igor Shvets, Chair of Applied Physics

Ары қарай оқу >>

Инновациялық кеңес жетістікке жетуде

07.06.2010

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен Алматы қаласының әкімшілігіне қатысты жаңа технологиялар және инновациялар бойынша алғашқы кеңесінде инновация саласына қомақты қаржыны тарту және өзекті ғылыми жетістіктерді пайдалану мәселелері қарастырылды. Бас қосуға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдіманов пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Б. Т. Жұмағұлов басшылық етті.

Ары қарай оқу >>

Студенттер мемлекеттік рәміздерді мақтан тұтады

05.06.2010

4 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң, тарих пен философия және саясаттану факультеттері Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті. Кездесу аясында мемлекеттік рәміздерді халық арасында кеңінен насихаттау, олардың жастар өмірінде алатын орны, тәрбиелік мәні талқыланды. Мемлекеттің айтулы мерекелерінің біріне арнап ҚазҰУ-дың 13 құрылыс жасағы «Менің Туым, менің Елтаңбам, менің Ұраным» атты мерекелік сайыстарды ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Төлеген Тәжібаевтың 100- жылдық мерейтойы

03.06.2010

2010 жылдың 10 маусымы, сағ. 10.00-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде академик Төлеген Тәжібаевтың 100-жылдық мерейтойына (1910-1964 ж.) арналған «Қазіргі жоғары білім берудің мәселелері: жетістіктері және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 24.05.2010 – 29.05.2010

01.06.2010

  • ҚазҰУ-да Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы Олжас Сүлейменовпен кездесу өтті.
  • ҚазҰУ-да Субұрқақтар күні аталды.
  • ҚазҰУ-дың тарих факультетінде «Жаңа заман тарихының мәселелері: бағыттары мен қарастырылуы»атты тақырыптағы дәстүрлі «Е.Б. Бекмаханов оқуларына» арналған халықаралық конференция өтті.
  • Философия және саясаттану факультетінде «Қазақстан Республикасының халықаралық имиджі қалыптасу контексінде интеллектуалдық ұлт қалыптастыру» атты дәстүрлі X Мұстафиндік саяси оқулары аясында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің төрағасы Григорий Марченко ҚазҰУ студенттеріне дәріс оқыды.
  • ҚазҰУ-ға Орта Азиядағы Францияның өкілі сенатор Эмери дэ Монтескью келіп қайтты.
  • Алматыда ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға мүше болуы: нәтижелері және болашағы» атты конференция өтті.
  • ҚазҰУ-да Химиктер күні аталды.
  • ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде жапон тілінен Ортаазиялық шешенсөз өнері өтті.
  • ҚазҰУ студенті Әлмира Тұрсынбаева «Студенттік Ару» байқауының жеңімпазы атанды.
  • Ұлы Жеңіске 65 жыл!
  • Имидждік жарияланымдар.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
  • Студенттер жарияланымы.
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы.
  • Біздің сарапшылар.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

Ары қарай оқу >>