Жаңалықтар

ҚазМұнайГаз бен ҚазҰУ-дың серіктестігі

30.11.2010

ҚазҰУ Жұмыс берушілер кеңесінің мүшесі ҚазМұнайГаз жұмысқа орналастыру мақсатында заң және халықаралық қатынастар факультеттерінің 4- курс, магистратураның 1, 2-курс студенттерін іріктейтін болады. Оған қалалық және республикалық университеттік олимпиадаларға, саяси және заң ғылымдар байқауларына, әр-түрлі интеллектуалды және пікірсайыс форумдарына қатысқан; құқықтық ғылым саласында эссе, баяндама және зерттеу жұмыстары жарияланған, ағылшын тілін жетік меңгерген студенттер қатыса алады.

Ары қарай оқу >>

HSBC Банкі ҚазҰУ-дың үздік түлектерін жұмысқа шақырады

30.11.2010

HSBS Банкі ҚазҰУ-дың экономика және бизнес жоғары мектебі, халықаралық қатынастар және механика-математика факультеттерінің 4 курс студенттерін, магистратураның 1, 2 курс студенттерін жұмысқа шақырады.

Ары қарай оқу >>

Күн тәртібінде электронды кітапхананы құру мәселесі

30.11.2010

29 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңес залында ректорат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде ҚазҰУ ғылыми кітапханасының даму стратегиясы талқыланды. Осы жөнінде ғылыми кітапхананың директоры Гүлжан Мұсағалиева баяндама жасап, алда тұрған жоспарларды ортаға салды.

Ары қарай оқу >>

«ЕҢ МЫҚТЫ ХИМИК-АНАЛИТИК 2010»

30.11.2010

«ЕҢ МЫҚТЫ химик-аналитик 2010» САЙЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2010 жылдың қараша айының 24-25 жұлдыздарында ҚазҰУ-нің Химия факультетінде аналитикалық химия және сирек элементтер химиясы кафедрасының және Физика-химиялық зерттеу және талдау орталығының ұйымдастырылуымен және демеуімен «Ең мықты химик-аналитик 2010» сайысы жүргізілді.

Ары қарай оқу >>

"Казахстанская правда" Общенациональная ежедневная газета

30.11.2010

Расширить горизонты безопасности

30 ноября 2010 года

Накануне выдающегося события в истории суверенного Казахстана – Саммита Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе – невольно задумываешься о том, каковы же итоги председательства нашей страны в ОБСЕ. Впервые эта почетная и ответственная миссия возложена на государство постсоветского пространства. Не только для нас, казахстанцев, но и для самой структуры это решение имеет важное историческое значение, демонстрирующее действенность принципа равноправия.

Ары қарай оқу >>

Білім. Ғылым. Өндіріс

29.11.2010

Алматы қаласы өнеркәсіп және кәсіпкерлер басқармасының қолдауымен 2010 жылдың 25 қарашасында сағат 11-00-де әл-Фараби жанындағы Қолданбалы лингвистика және мәдениаралық байланыстар орталығында TEMPUS PERSEUS бағдарламасы аясында «Білім-Ғылым-Өндіріс» Дөңгелек үстелі өтті. Онда университеттің ғалымдары, қазақстандық және шетелдік өнеркәсіп орындары мен қоғамдық ұйымдарының Kookmin Bankтың, POSCO, LG, ҒЗИ –дың өкілдері және оқытушылар қатысты.

Бұл өткізілген шараның негізгі мақсаты ЖОО-ны сапалы білім беруге, корпоративті байланыстар орнатуға, университеттің ішкі және сыртқы макроэкономикалық ортадағы болып жатқан негізгі өзгерістерге, бизнес сұраныстарына тез бейімделуге және бәсекелестіктік дәрежесін арттыруға ынталандыру болды.

Үйлестіруші Бимағамбетова Ж.Т. TEMPUS PERSEUS «Білім-Ғылым-Өндіріс» аптасының негізгі мақсаттары мен міндеттері, REDIC ашылуы туралы және жобаның болашақтағы жоспарлары жөнінде ақпарат берді.

Дөңгелек үстел барысында ғылым мен өндіріс арасында ашық диалог болды. Университет пен өндірістік құрылымдардың өзара қарым қатынасы моделін құру мәселесән талқылағанда тамақ және жеңіл өнеркәсіптегі тауар өндірушілер Ассоциациасының бас директоры Безрукова Нина Семёновна университетпен бірігіп жасайтын шаралар жәнінде нақты ұсыныстар білдірді.

Kookmin Bank өкілі Ханг Сан Донның білімдегі халықаралық серіктестік мәселесі халықаралық үлгідегі сертификат беретін қаржылық технология бойынша кадрларды қайта дайындаумен айналысатын біріккен ғылыми-зерттеу Орталығын құруда бәрінің қызығушылығын тудырды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да мәжіліс депутаты Камал Бұрханов қонақта

29.11.2010

1 желтоқсанда сағат 12.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих факультетінің Бекмаханов оқу залында ҚР Парламенті халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, мәжіліс депутаты, с.ғ.д., профессор Камал Назымұлы Бұрханов студенттер қауымына «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Астанада өтетін саммиттің қорытындысы» тақырыбында дәріс оқитын болады.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 22.11.2010 – 27.11.2010

29.11.2010

  • ҚазҰУ заң факультетінің ұйымдастыруымен «2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін жүзеге асыруға байланысты құқық қорғау органдары мен сот қызметін оңтайландыру мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
  • ҚазҰУ-да Акита университетінің (Жапония) профессоры Тошио Мизута бастаған Минералды және энергетикалық ресурстарды зерттеу бойынша Халықаралық орталықтың (ICREMER) делегациясы болып қайтты.
  • ҚазҰУ-дың заң факультетінде профессор Ғ.Ы. Баймурзиннің 80 жылдығына арналған «Қылмыстық саясат: XXI ғасырда қылмыстылықпен күресудің стратегиясы және тактикасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да студенттердің ғылыми жұмыстары бойынша байқау өтеді

29.11.2010

1 желтоқсан күні ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 70 жылдық мерейтойы аясында студенттердің ғылыми жұмыстары бойынша байқау өтеді. Байқауды жалпы және этникалық педагогика кафедрасының аясында құрылған «ЛОГОС» студенттік ғылыми қоғамы ұйымдастырып отыр.

Ары қарай оқу >>

«1 - желтоқсан ЖҚТБ - мен күресудің бүкіләлемдік күні. Нашақорлыққа жол жоқ!»

27.11.2010

Мақсаты: Студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Ұйымдастырушылар: Ақпараттық жүйелер мамандығының 1 курс эдвайзері Кожанова А.М және АЖ -10-5,6 топ студенттері.

Өту уақыты, орны: 26.11.2010ж. сағат 12.30, Актовый зал.

Ары қарай оқу >>

«1 - желтоқсан ЖҚТБ - мен күресудің бүкіләлемдік күні. Нашақорлыққа жол жоқ!»

26.11.2010

Мақсаты: Студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Ұйымдастырушылар: Ақпараттық жүйелер мамандығының 1 курс эдвайзері Кожанова А.М және АЖ -10-5,6 топ студенттері.

Өту уақыты, орны: 26.11.2010ж. сағат 12.30, Актовый зал.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ММУ-да қонақта болып қайтты

26.11.2010

М.В. Ломоносов атындағы ММУ-да Халықаралық студенттік ұйымдар бірлестігінің V съезі және Гаудеамус жастар фестивалі өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастар комитетінің жетекшісі Назира Болдурукова осы съездің басқарушы орталығына мүше болып сайланды.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінде жаңа аудитория ашылды

26.11.2010

15 жылдық мерейтойын атап жатқан халықаралық қатынастар факультеті бірқатар табыстарға қол жеткізді. Солардың қатарында факультет студенттері мен ұстаздары үшін аса маңызды сәттердің бірі «Қазақстан Республикасының дипломатиясы және сыртқы саясаты» аудиториясының ашылуы болды.

Ары қарай оқу >>

Жаңа бастамада жастардың үлесі зор

25.11.2010

Бүгінәл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов студент белсенділерімен кездесіп жастарды мазалап жүрген бірқатар мәселелерді талқылап алды. Кездесуге университет басшылары, «Сұңқар» студенттер кәсіподағы мен факультет клубтарының мүшелері, оқу озаттары қатысты.

Ары қарай оқу >>

Ректор биология факультетінде болды

25.11.2010

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, академик Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы университет қызметкерлерімен етене танысу үшін әр факультетті тиянақты түрде аралап жүргенін хабарлаған болатынбыз. Ондағы мақсат – барлық факультет ұжымымен жан-жақты танысу ғана емес, факультеттердегі қордаланған мәселелерді тыңғылықты шешу және қасиетті қара шаңырақты ірі ғылыми зерттеу университетіне айналдыру барысындағы жұмыстарды түсіндіру. Осы орайда, 25 қарашада ректор биология факультетінде болып, факультет жұмысының қыр-сырына қанықты.

Биология факультеті - 1934 жылы негізі қаланған университеттің екі факультетінің бірі. Алғашқы жылдары факультетте ботаника және зоология деп аталатын 2 кафедра жұмыс істеп, онда барлығы 22 студент ғана білім алды. Келесі жылдары олардың саны артып, өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясы, дарвинизм және генетика, топырақтану, гидробиология және ихтиология, гистология және цитология, микробиология, биофизика, биохимия, табиғатты қорғау кафедралары ашылып, соған сәйкес білім алушылардың саны да артты. Әртүрлі кезеңдерде кафедралар қайта құрылып және осы уақытта 6 кафедра қызмет атқарады.

Факультет табалдырығын аттаған ректор Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы ғимаратта орналасқан мұражайда болып, факультеттің кафедралары және зертханалары жұмыстарымен мұқият танысты. Зертханаларда жүзеге асырылып жатқан ғылыми зерттеу жұмыстарына ризашылығын білдірген ректор «Мұндай жасалып жатқан зерттеулер біздің білім орданы ірі ғылыми зерттеу университетіне айналдыру мақсатымызбен астасып жатыр. Енді осы жұмыстарға біз нарықтық көзқараспен қарап, оны өндіріске енгізу жағын ойластыруымыз керек» деді. Бұл мәселе факультет ұжымы қызметкерлерімен болған басқосуда да кеңінен талқыланды. Өз кезегінде биология факультетінің деканы Тамара Минажқызы факультетте атқарылып жатқан шаралар мен алдағы жүзеге асырылатын жоспарлары туралы ой бөлісті.

Ары қарай оқу >>

Әріптесіміз білім ордасына басшылыққа кетті

24.11.2010

Кеше әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы осы оқу ордасында Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор қызметін абыройлы атқарған Темірбеков Нұрлан Мұханұлын Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры қызметіне сәттілік тілеп, марапатпен шығарып салды. ҚазҰУ ректоры, университеттің проректорлары мен әкімшілік тарапы Нұрлан Мұханұлын университет ректоры қызметіне тағайындалуымен құттықтап, еңбегіне жеміс тіледі.

ҚазҰУ-да Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор қызметін атқарған Нұрлан Темірбеков университеттің, сондай-ақ, еліміздің ғылым кеңістігінің дамуына зор үлес қосты. Оның бастамасымен «Болашақтың ғылымы» атты халықаралық-тәжірибелік конгресс, республикалық, университетаралық бірнеше ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылды.

Ғылым саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген Нұрлан Мұханұлы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін басқара отырып, еліміздің ғылым болашағын одан әрі ілгерілетіп, дамыта түсетіндігіне ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы сенім білдіреді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Темірбеков Нұрлан Мұханұлына әріптестік қолдау білдіріп, жаңа қызметіңізге табысты еңбек тілейді.

Ары қарай оқу >>

Кафедра механики приглашает всех желающих на лекции профессора Михаила Панфилова

24.11.2010

Кафедра механики приглашает всех желающих на лекции профессора Михаила Панфилова (Mikhail Panfilov) из Национального политехнического университета Лоран (Institut National Polytechnique de Lorraine - INPL), Франция с 24 ноября по 4 декабря 2010 г., ежедневно проходящие в 217 ауд. с 14.00- 18.00

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ректоры мен ICREMER делегациясының кездесуі өтті

24.11.2010

24 қарашада ҚазҰУ-дың Отырыс залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов Акита университетінің (Жапония) профессоры Тошио Мизута бастаған Минералды және Энергетикалық Ресурстарды Зерттеу бойынша Халықаралық орталықтың (ICREMER) делегациясымен кездесті. Сонымен қатар, жапон делегациясының құрамын доктор Тсиуоши Адачи (ICREMER) мен доктор Нобуики Масуда (ICREMER) толықтырды. Меймандарды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов, бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаев, профессор Зұлқайыр Мансұров және биология, физика факультеттерінің декандары қарсы алды.

2009 жылдың 1 қазанында құрылған, сондай-ақ Акита университетінің жанында жұмыс істейтін Орталық Жапонияның ең үлкен архипелагы – Хонсю аралындағы Акита профинциясының астанасы Акита қаласында орналасқан. ICREMER ғылыми-зерттеу орталығы инженерия және энергетика салаларында жапондық, шетелдік студенттер мен магистранттарды оқытып, кәсіби мамандарды дайындаумен айналысады.

Орталықтың құрылу мақсаты Жапонияның шикізатпен қамтамасыз етуші Африка және Азия елдерімен достастық қатынастарын орнатуға бағытталған. Қазіргі уақытта орталық әлемнің 15-тен астам елдеріндегі ғылыми-зерттеу орталықтармен ынтымақтасуда.

Кездесуде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Жапонияның білім және ғылым орталықтары арасындағы, атап айтқанда ICREMER орталығымен әріптестік байланысты нығайту жұмыстары қаралды. Мәселен екіжақты маман алмасу, студенттер мен магистранттарды оқу тәжірибесіне жіберуге жол ашу сияқты өзекті мәселелер ескерілді.

- Біздің университет бірлесе жұмыс істеуге әрқашан дайын. Осы уақытқа дейін де Жапонияның бірнеше университеттерімен әріптестік қарым-қатынастамыз. Сіз арқылы ректорларыңызды бізге қонаққа шақырамын. Бүгінгі күні біздің университеттен алты маман Жапония университеттерінде біліктілігін арттыруда. Патент қорғалуы, интеллектуалды жекеменшік, лицензиялау жұмыстары бізді қызықтырады, осы жөнінде тәжірибе алмасуды қарастырсақ», - деді Ғалымқайыр Мұтанұлы.

Ары қарай оқу >>

Профессор Ғ.Ы. Баймурзиннің 80 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

24.11.2010

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетіндегі қылмыстық құқық және криминология кафедрасы мен қылмыстылықпен күресу проблемаларын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы профессор Ғ.Ы. Баймурзиннің 80 жылдығына арналған «Қылмыстық саясат: XXI ғасырда қылмыстылықпен күресудің стратегиясы және тактикасы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты – ғалымдардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үйлестірілген қылмыстық саясатты қалыптастыру мәселелеріне келесі бағыттар бойынша назарын аудару:

- криминологиялық саясат;

- қылмыстық-құқықтық саясат;

- қылмыстық-процессуалдық саясат;

- қылмыстық-атқару саясаты;

- жедел-іздестіру қызметі саласындағы саясат;

- әкімшілік-құқықтық саясат.

Ғылыми форум кезінде қолданыстағы заңнаманы және қылмыстық саясатты ізгілендіру немесе оның мақсаттарын тиімді жүзеге асыру тенденцияларын ескере отырып, қылмыстылыққа қарсы іс-әрекет аясында құқық қолданушы органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды қалыптастыру жоспарланады:

- стратегиялық - қоғамның нақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- тактикалық - қылмыстылықты тежеу және оны әлеуметтік қолайлы деңгейде ұстап тұру.

Конференцияның жұмысына ҚР және шет мемлекеттердің маман-сарапшылары, белгілі ғалым-заңгерлер, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың басшылары мен өкілдері: ҚР Парламенті Сенатының Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің Төрағасы Б.М. Имашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы Р.Ж. Мұқашев, ҚР Әділет министрі Р.Т. Түсіпбеков, ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.И. Рогов, ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә. Мәми, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Н.Ә. Әбіқаев, ҚР Ішкі істер министрі С.Н. Баймағанбетов, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы М.Т. Әлімбеков, ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұлов және т.б. қатысады деп күтілуде.

Ары қарай оқу >>

География факультеті Швейцариядағы туристік білім беру жүйесімен әріптестікті нығайтты

24.11.2010

Жақында география факультетінде туризм кафедрасының ұйымдастыруымен Швейцарияның қонақ үйі және туристік менеджменті институтының HTMi білім беру бағдарламаларының презинтациясы өтті. Аталмыш факультеттің студенттері, магистранттары мен оқытушылары HTMi-нің қазақстандағы ресми өкілі Ирина Вольскаямен кездесті. Институт өкілі Швейцариядағы туристік білім беру жүйесі туралы, HTMi ынтымақтастығы мен академиялық мобильділік қағидаларын іске асыру мүмкіндігі жөнінде, жеке білім беру моделдері туралы әнгімеледі. Ағылшын тілінде өткен дәріс бейне көріністермен, слайд-шоулармен, ақпараттық буклеттермен жабдықталды. Дәріс соңында жиналған қауым тарапынан қойылған сұрақтарға толық түрде жазбаша жауап берілді.

Ары қарай оқу >>

Ғылыми кеңес тәрбие мәселесін алға қойды

23.11.2010

23 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәжіліс залында кезекті Ғылыми кеңес өтті. Күн тәртібінде Тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор ШолпанЖаманбалаеваның Университеттің тәрбие жұмысының негізгі бағыттары туралы баяндамасы, Бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаевтың «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің эндаументі туралы» Жарлығының жобасы туралы ақпары мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рейтингтік жүйесі туралы баяндамасы тыңдалды.

Университет негізінен – оқыту, ғылыми-зерттеу жұмыстары және тәрбие сияқты үш бағытты негізге ала отырып тұлға қалыптастыратындығын ескерсек, әрине, тәрбие саласы университеттің оқу жүйесіндегі ең үлкен бағыт болып табылады. Осы кезекте Ғылыми кеңестің бүгінгі басты тақырыбы да тәрбие жұмыстарына арналды. Тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор ШолпанЕрболқызы ҚазҰУ-дағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары туралы баяндай келіп, тәрбие жұмысын ұйымдстырушылық-кадрлық қамтамасыз ету мәселесін алға қойды. Оның ішінде эдвайзерлік, кураторлық міндеттердің бір жүйеге келтірілуін, бұл қызметтің студенттік қоғамдағы тәрбиелік мәнін дамытуды айтты. Сонымен қатар, студенттердің азаматтық-патриоттық қабілеттерін дамыту, студенттерді рухани-адамгершілік және мәдени-эстетикалық тәрбиелеу, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту жұмыстарын нықтап қолға алуда бірлесіп әріптестік қызмет атқаруға шақырды. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы атқарылған істерге тоқталып, тәрбие жұмысын жетілдіру міндеттерін де оқытушы-профессорлар назарына ұсынды.

Ары қарай оқу >>

Жаһандану үрдісіндегі қазақ жастарының ұлттық бет-бейнесі

23.11.2010

24 қараша 2010 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінде сағ. 12-00 де, 412 дәрісханада «ҚАЗАҚТАНУ және ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯ» орталығының «Жаһандану үрдісіндегі қазақ жастарының ұлттық бет-бейнесі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтеді.

Ұйымдастыру алқасы жас ғалымдарды, докторанттарды, аспиранттарды, ізденушілерді, магистрант және бакалавр студенттерін дөңгелек үстел мәжілісіне атсалысуына шақырады.

Дөңгелек үстел мәжілісінің негізгі бағыттары:

- Қазақы болмыс, қазақы сенім

- Президент Жолдауындағы ұлттық мүдде

- Қазақ ділі, діні, үміті

- Ұлттық рух және ұрпақ талғамы

- Жастардың тіл және ойлану мәдениеті

- Елдік – идеялық тұтастық

- Ұлттың рухани келбеті

- Ұлттық болмыстағы жастық бейнесі

- Ұлттық рух және әлеуметтік тұлға

- Ел басқару дәстүріндегі ұлттық идея

- Елдік пен ерліктің тарихи бастауы, әдеби нұсқауы

- Батырлық, батылдық, олардың танымдық-тәрбиелік маңызы

- Рухани тәжірибе және рухани тәуелсіздік және т.б.

«ҚАЗАҚТАНУ және ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯ» орталығы - ұлттық мәдениет жанашырлары, жас ғалымдар, мамандардың басын қосып, елдің еңсесін және оның инттелектуалды сипатын көтеретін өзекті мәселелерді талқылайтын ашық ғылыми ұйым. «ҚАЗАҚТАНУ және ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯ» орталығының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің жас ғалымдарының, магистранттары мен студенттерінің негізінде жұмыс істейді әрі осы орталықтың мақсат-міндеттерін өздеріне жақын тұтатын басқа факультеттер мен жоғары оқу орындарының талаптыларын пікірталасқа тартуды мақсат тұтады.

Орталықтың мақсаты – қазақты тану, қазақты құрметтеу, қазақ болу, қазақты таныту идеясын насихаттау, зерттеу және осы дәстүрге қатысты жобаларға қатысу.

Ары қарай оқу >>

19 қараша

22.11.2010

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінде 2010 жылдың 19 қараша күні сағат 1500-де «АШЫҚ ЕСІК» күні өтті, мұнда факультет деканы Оңғарбаев Е.Қ. химия факультетінің тарихы, саясаты, негізгі ғылыми бағыттар мен жетістіктері туралы мағлұматтар берді. Сонымен қатар жаңа оқу жылындағы факультеттегі мамандықтар, қажетті орындар мен өту баллдары, мамандықты қалай таңдау туралы мағұлыматтар берілді. Оқушылар деканның баяндамасын тыңдап, бейорганикалық химия кафедрасының қызметкерлері тәжірибе көрсеттті. Барлық келген оқушылырға жарнама материалдары таратылды.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 15.11.2010 – 20.11.2010

20.11.2010

  • ҚазҰУ Мұражайында панфиловшы-жауынгер, Алматы қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшесі, полковник Григорий Визиряконың қатысуымен «Сіздердің ерліктеріңіз халық жадында мәңгілік сақталады» атты іс-шарасы өтті.
  • ҚазҰУ студенттерінің ұйымдастыруымен ЕҚЫҰ саммитіне арналған флеш-мобакция өтті.
  • ҚазҰУ студенті «Ана тілі аруы-2010» байқауының жеңімпазы атанды.
  • ҚазҰУ-да Алматы қ. ЖОО ректорлары жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын талқылады.
  • ҚазҰУ-да ТЕМПУС жобасы бойынша «Орта Азиядағы сапа мен аккредитация кепілдемесінің жүйесі» (CANQA) атты халықаралық конференциясы өтті.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«Достар» КТК командасы жеңімпаз атанды!

20.11.2010

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Достар» командасы КТК-ның 10-шы Республикалық КТК чемпионатының финалына қатысып бас жүлдені жеңіп алды. Ойында Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы Экономика және құқық колледжі, Қазақ қатынас жолдары университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының командалары өнер көрсетті.

Ары қарай оқу >>

Орта Азияда білім сапасы мен аккредитациялауды нығайту жолдары

19.11.2010

19 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ТЕМПУС жобасы бойынша «Орта Азиядағы сапа мен аккредитация кепілдемесінің жүйесі» (CANQA) тақырыбында халықаралық конференция өтті. Шараны «EdNet» қауымдастығы мен ТЕМПУС ұлттық кеңсесі ұйымдастырды. Бас қосуға Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, Франция, Бельгия, Финляндия, Польша, Испанияның еуропалық мамандары мен сарапшылар қатысқан болатын.

Ары қарай оқу >>

Бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша Академиялық кеңес

19.11.2010

Бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның білім беру бағдарламаларын жетілдіру мақсатында академиялық мәселелер жөніндегі департаментте Академиялық кеңес құрылды.

Ары қарай оқу >>

Ол көктем оралмайды

19.11.2010

Қараша айының 18-жұлдызында Халықаралық студенттер күніне арналған студенттік «БІЗ» драма театры «Ол көктем оралмайды» қойылымымен жаңа маусымы ашылды.

“БІЗ” студенттер театры университеттік театр өнерінің дәстүрін жалғастыруда. Студенттік ұжым көрермендерге “Адаспаңдар!”, «Бағдаршам», «Той», «Кешіріңіз, сізді ажал күтіп тұр», «Ол көктем оралмайды» атты қойылымдар ұсынып үлгерді. Театрдың көркемдік жетекшісі – режиссер Ғалымжан Сайлаубеков.

Театр – бұл мәңгілік сезімге толы тұтас бір өмір. Махаббат пен өшпенділік, өмір мен өлім, сенім мен үміт. Студенттер үшін театр өнерінің сиқырлы күшіне жанасуға, түрлі кейіпкерлердің бейнесін сомдауға, «біз» сөзінде мыңдаған «мен»-нің болуын, ал «біз» бірге әлемді төңкеретін күш екенін түсінуге жол ашады.

Ары қарай оқу >>

КОРЕЙТАНУ КАФЕДРАСЫНДА ЕЛШІ САҒАТЫ ӨТТІ

19.11.2010

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ корейтану кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде Елші сағаты өтті. Корей Республикасы Елшілігінің Бас өкілі Шин Хён Ын студенттерге «Қазіргі Корей Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынас: өзекті мәселелері және перспективалары» тақырыбында дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

Ректорлар басқосуында жемқорлық мәселелері талқыланды

18.11.2010

18-қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қалалық жоғарғы оқу орындарының ректорлары ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын талқылады. ЖОО ректорлары жұмыс барысындағы бас қосуында Қазақстан жоғарғы мектептеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы күрес мәселелері тиянақты түрде қарастырылып, оқу ордалары арасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде тәжірибе алмасу мәселелері сөз болды.

Ары қарай оқу >>

«Жалын» көркемөнерпаздар фестивалі өз мәресіне жетті

18.11.2010

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов студенттерді Халықаралық студенттер күнімен құттықтап, «Жалын» фестиваль лауреаттарын марапаттады. Ректор бастамасы әрі қолдауымен университет көлемінде бірінші рет 1-курс студенттері арасында «Жалын» көркемөнерпаздар фестивалі өтіп отыр. Фестивальдің бірінші кезеңі 1400-ден аса бірінші курс студенттерінің қатысуымен факультеттер деңгейінде өткізіліп, екінші кезеңге жолдама алған 500-ге жуық студент бақтарын сынады. Фестивальдің мақсаты – жігер оты жалындап жанған студент жастардың жас дәуренін текке өткізбей, жаман әдеттерден аулақ ету, олардың заман ағымына ілескен зымыраған күндеріндегі бос уақыттарын әсерлі ән, көк нөсер күй, күмбірлеген домбыра, мың бұралған би әлемімен қауыштыру. Фестивальге қатысқан көркемөнерпаздардың саны көңілге қуаныш ұялатты. Фестивальдің марапаттау рәсімі мен гала-концерті Студенттер сарайының үлкен сахнасында 2010 жылдың 17-қараша күні өтті.

Ары қарай оқу >>

Орта Азиядағы сапа және аккредитация кепілдемесінің жүйесі

18.11.2010

19-21 қараша күндері сағ. 9.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ТЕМПУС жобасы бойынша «Орта Азиядағы сапа мен аккредитация кепілдемесінің жүйесі» (CANQA) атты халықаралық конференция өтеді. Шараны «EdNet» қауымдастығы мен ТЕМПУС ұлттық кеңсесі ұйымдастырып отыр.

Ары қарай оқу >>

Заңгерлер бас қосты

18.11.2010

10 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің ұйымдастыруымен «2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін жүзеге асыруға байланысты құқық қорғау органдары мен сот қызметін оңтайландыру мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Лидерлік лекция

18.11.2010

2010 жылдың 10 қараша күні С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлеттік Университетінің биология факультетінің түлегі халықаралық дәрежедегі ғалым Қазақстанның жетекші ботанигі ҚР ҰАҒ академигі И.О.Байтулин «Биологиялық әр түрлілік және олардың мәселелері мен қалыптастырып сақтау сұрақтары» атты тақырыбқа лидерлік лекция оқыды.

Ары қарай оқу >>

Ректорлар ЖОО-дағы жемқорлық мәселелерін талқылайды

17.11.2010

18-қарашада сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қ. жоо ректорлары жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын талқылайтын болады. ЖОО ректорлары жұмыс барысындағы бас қосуда Қазақстан білім беру ісіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы күрес мәселелері тиянақты түрде қарастырылып, ЖОО арасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылады.

Ары қарай оқу >>

Мұнай кен орны өңдеу саласындағы бастаушы компания халықаралық еңбек нарығына мамандар дайындайды

17.11.2010

Мансап секторы және АДЖИП ККО компаниясының субмердігерлігі Сайпем С.п.А компаниясы палубалы офицер, кемелік механик мамандықтар бойынша оқыту мақсатымен түлектер арасында іріктеу жасайды. Кандидаттардың оқуы Оманның Халықаралық Теңіз Колледжінде 5 жыл аралығында өтеді. Оманның Халықаралық Теңіз Колледжі студенттерді халықаралық деңгей жобаларында жұмыс істеуге дайындайды. Осы мақсатпен математика және ағылшын тілінің жақсы, білімді барлық факультет студенттері қарастырылады. Кандидаттарға келесі жағдай қарастырылады: стипендия, баспана, тамақтану, жол жүру, визаны дайындау. Оқу аяқталысымен Сайпем компаниясы олармен 5 жылға еңбек келісім-шартына отырады. 19 қарашада Saipem компаниясының презентациясы және кандидаттар арасында ағылшын тілінде математикадан тестілеу өтеді.

Ары қарай оқу >>

Өнерлі студенттер байқауы

17.11.2010

17 қарашада философия және саясаттану факультетінде жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 70 жылдығына орай «050103 - педагогика және психология», «5В0050103 - педагогика және психология», «5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтардан құралған топтар арасында «Өнерлі студенттер байқауы» өнер сайысы өтуде.

Іс-шараның басты мақсаты студенттерді шығармашылық іс-әрекетке қатыстыра отырып, қоғамдық белсенділікті және екпінді дамыту, университеттің тәрбиелік іс-шараларына қатысатын талантты жастарды қолдау.

Сайыс талаптары бойынша әр топ өзін таныстырып, ән, би, күй орындау, мәнерлеп қара өлең оқу өнерлерімен барша қауымды тәнті етпек.

Ары қарай оқу >>

конференция

16.11.2010

22-23 желтоқсан 2010 ж. Алматы қ. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде академик Жұбанов К.А. 75-жылдығына арналған «Көмірсутекті, минералды және өсімдік текті шикізаттардан әртүрлі функционалды бағыттағы жаңа материалдар алудың келешектегі инновациялық технологиялары» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция болады.

Конференцияны ұйымдастырушылар – ЕМК Жаңа химиялық технологиялар мен материалдары ҒЗИ, химия факультетінің катализ және мұнайхимиясы кафедрасы.

Ары қарай оқу >>

«Құрбан айт – құтты мереке»

15.11.2010

Хабарландыру!!!

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Химия факультетінің «Катализ және мұнайхимиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 15 қараша сағат 16.30-да Үлкен химия залында (Малахит залының қасындағы) «Құрбан айт – құтты мереке» атты ҚМДБ Бостандық ауданының бас имамы Асан Тілеубердімен кездесуге шақырамыз! Келем деушілерге есік ашық!

Катализ және мұнайхимиясы кафедрасы

Ары қарай оқу >>

«Қылмыстық саясатты ізгіліктендіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет аясында заңнаманы жетілдіру» конференциясы

15.11.2010

18 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті қылмыстық құқық және криминология кафедрасы «Қылмыстық саясатты ізгіліктендіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет аясында заңнаманы жетілдіру» атты жоғары оқу орындарының арасында студенттік конференциясын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«БІЗ» театрының жаңа маусымы

15.11.2010

18 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Халықаралық студенттер күніне орай, «Біз» студенттер театры «Ол көктем оралмайды» атты спектаклімен жаңа маусым тұсаукесерін ашады.

Спектакль Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында сағат 19.00-де басталады. Келем деушілерге есік ашық.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 8.11.2010 – 13.11.2010

15.11.2010

  • ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде «Қазақстандағы кітап басу: жағдайы және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
  • ҚазҰУ-ға Корей Республикасының бас консулы Шин Хён Ын мырза келіп қайтты.
  • ҚазҰУ-да «Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті – Қазақстан төрағалығының қорытынды кезеңі» дөңгелек үстелі өтті (ХҚФ).
  • ҚазҰУ-да қазақ тілі кафедрасының 20 жылдық мерейтойына арналған “Мемлекеттік тіл – интеллектуалдық ұлт қалыптастырудың негізі” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері «Ана тілі» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды

15.11.2010

Қазақстан РеспубликасыБілім жәнеғылым министрлігі және «Қазақ газеттері» ЖШС-ның ұйымдастыруымен жас ұрпақтың ортасында ұлттық тілімізді және мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау мақсатында 2010 жылғы 11-13 қараша аралығында Көкшетау қаласында Республикалық «Ана тілі» аруы» және «Ана тілі» сұлтаны» байқауы өтті.

Ары қарай оқу >>

Тәрбие жұмысын жетілдіру жөніндегі семинарлар

13.11.2010

2010 жылдың қыркүйек айының аяғы мен қараша айының басында бекітілген кесте бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің факультеттерінде университеттің Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің ұйымдастыруымен университет кафедраларында және оқытушылардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі семинарлар өтті. Семинар факультет декандары, деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, эдвайзерлер, оқытушылар және жоғарыдағы аталған департамент қызметкерлері қатысуымен өтті.

Семинар факультет кафедраларының және оқытушылардың жаңа 2010-2011 оқу жылдарына арналған тәрбие жұмысын жоспарлауда қандай мәселелерге көңіл бөлу керектігі және жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктерін талқыға салуды мақсат тұтты. Сонымен қатар, университетте жұмыс жасап жатқан әртүрлі студенттік ұйымдар, үйірмелер және басқа да ұйымдардың факультеттерде, кафедраларда тәрбие жұмысын жүзеге асыруда алатын орны және бұл ұйымдармен кафедра оқытушыларының байланысын, қарым-қатынасын күшейту көзделген.

Ары қарай оқу >>

Ірі қаржыгерлер ҚазҰУ-да қонақта

13.11.2010

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың қасиетті қара шаңырақты еліміздің ең ірі ғылыми зерттеу орталықтарының ордасына айналдыру мақсатындағы іргелі идеясына орай, 12 қарашада университетте ҚР Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Аркен Арыстанов, осы агенттік аппаратының жетекшісі Нұржан Қабиев және «АӨҚО академиясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Ольга Кузнецова қонақта болды. Кездесуге университет жетекшілігі және экономика, заң факультетінің басшылары мен оқытушылары қатысты.

Бас қосуды ашқан ректор Ғалымқайыр Мұтанұлы бүгінгі таңда университет алдында тұрған мақсат-міндеттерді саралап, оның Қазақстан қаржы саласын дамытуда білікті маман даярлау бағытында жасап отырған жұмыстарына тоқталды. «Сондықтан, мұндай отырыстардың ірі ғылыми зерттеу орталықтары ордасына айналу мақсатында біздің оқытушыларымыз бен студенттеріміз үшін берер тағлымы мол» деді ректор.

Ары қарай оқу >>

Global Intern Халықаралық байқауы

12.11.2010

Мансап Секторы және Education First компаниясы 18 қарашада Global Intern халықаралық байқауының презентациясын өткізеді. Байқауда 50-ден астам мемлекеттердің студенттері қатысады, байқаудың нәтижесі бойынша жеңімпаздар 3 айдын аралығында таңдаған үш мемлекеттерінде тәжірибе өту мүмкіндігін алады. Презентация шеңберінде мансаптық даму сұрақтарына арналған бірегей семинары өтеді: түйіні дұрыс құру, жұмыс іздеген кезінде назарға қандай шарттар алу және т.б. Семинарды Андерс Бауэр мырза өткізеді - Стокгольм Экономика мектебінің түлегі, Гарвард университетіндегі магистранттарға арналған бағдарламаның қатысушысы.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ жастары ҰОС батырларын еске алу шарасы

12.11.2010

15 қарашада сағат 14.30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайы университеттің әскери кафедрасымен бірлесе отырып Алматы қаласы әкімшілігі жастарды патриоттыққа тәрбиелеу жөніндегі Комиссияның қолдауымен «Сіздердің ерліктеріңіз халық жадында мәңгілік сақталады» атты іс-шарасын өткізеді. ҰОС ардагері, панфиловшы-жауынгер, Алматы қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшесі, полковник Г.М. Визиряко қатысады.

Ары қарай оқу >>

Ректор филология факультетінің ұжымымен кездесті

12.11.2010

11 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры болып тағайындалған Ғалымқайыр Мұтанов университет қызметкерлерімен танысуын жалғастырды. Осы жолы филология факультетінің оқытушы-профессорларымен әңгімелесіп, сауалдарына жауап берді.

Ары қарай оқу >>

17-қараша – Халықаралық студенттер күні қарсаңында бірінші курс студенттері арасында қазанның 4-нен бастап 1 ай көлемінде өткен «Жалын» көркемөнерпаздар фестивалінің марапаттау салтанаты өткізілмек

12.11.2010

Білім мен ғылымның қарашаңырағы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерге шынайы өнер арқылы тәрбие беруді негізге айналдырған. Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің ұйымдастыруымен университет көлемінде бірінші курс студенттері арасында «Жалын» көркемөнерпаздар фестивалі өткізілуде. Фестивальдің бірінші кезеңі 1400-ден аса бірінші курс студенттерінің қатысуымен факультеттер деңгейінде өткізіліп, қазіргі таңда екінші кезеңге жолдама алған 500-ге жуық студент бақтарын сынауда. Фестивальдің марапаттау рәсімі мен гала-концерті Студенттер сарайының үлкен сахнасында 17-қараша күні өткізілгелі отыр.

Ары қарай оқу >>

Сұлулар мен сұлтандар Көкшетауда бақ сынамақ

12.11.2010

Кеше 2010 жылдың 11-қарашасында Көкшетау қаласында Республикалық «Ана тілі аруы» және «Ана тілі сұлтаны» байқауы басталды. Байқауға Республикамыздың 37 жоғары оқу орындарынан келген үміткерлер қатысуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің намысын қорғайтын филология факультетінің 1-курс студенті Әшірәлі Әйгерім мен химия факультетінің 3-курс студенті Бұрханбеков Қайратқа және байқауға қатысушыларға сәттілік тілейміз.

Ары қарай оқу >>

Алматы қалалық ақындар айтысы өтті

12.11.2010

Тәуелсіздік мерекесінің алдында өткізіліп жатқан ауқымды шаралардың бірі – «Алматы - Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі» атты қалалық ақындар айтысы болды. Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің қызметкері Рүстем Қайыртайұлы айтыстың бас жүлдесін иемденді. Аймақтық сыннан суырылып шыққандар Елордада бақ сынамақ. Алматы қаласының намысын ҚазҰУ түлегі, студенттер клубының қызметкері Рүстем Қайыртайұлы қорғайтын болды. Рүстемге алдағы ақтық сайыста «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп Абай ақын айтқандай, жеңіспен оралады деп сенеміз.

Ары қарай оқу >>

Туризмдегі стратегиялық жоспарлау тренингі

11.11.2010

Алматы областық әкімшілігі Текелі қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ туризм кафедрасымен біріге отырып, Орталық Азия Университеті кәсіби және үздіксіз білім беру Мектебі базасында туризмдегі стратегиялық жоспарлау бойынша аудандық/қалалық спорт бөлімі қызметкерлері үшін тренинг жүргізілген. Туризмді, дене тәрбиесі мен спортты басқару, сонымен қатар, Іле-Алатауы және Жоңғар-Алатауы ұлттық саябақтарының, балалар мен жасөспірімдер туризмі мен экскурсияның облыстық орталығының, қоғамдық туристік ұйымдардың аудандық құрылымдарының 20-дан астам қатысушылары 3 күн бойы Туризм және Спорт Министрлігімен, туризм және статистиканың облыстық бөлімшелерінің, ҚазҰУ туризм кафедрасының өкілдерімен кездесті. Бағдарлама өзіне дәрістер мен семинарларды, іскерлік ойын, презентация, пікір-таластарды енгізіп, зерттелетін терриориялардағы туризмнің дамуының концепцияларын құрған қатысушылардың қорытындысымен өз жұмысын аяқтады.

Ары қарай оқу >>

«Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті – Қазақстан төрағалығының қорытынды кезеңі»

11.11.2010

Еуропалық Ақпараттық Орталық, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы 10 қарашада «Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті – Қазақстан төрағалығының қорытынды кезеңі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Ғылыми форум «2010: Қазақстан – ЕҚЫҰ Төрағасы» атты үш жылдық жобаны жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды және ҚР Президенті Әкімшілігінің бағдарламасына енгізілген.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы А.Кельчевский мырза, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы КСЗИ, Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, Философия және саясаттану институты басшылығы, қазақстандық және шетелдік жетекші сарапшылар, ҚР-да тіркелген дипломатиялық миссиялардың, бейүкіметтік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ғалымдардың баяндамалары, сарапшылардың пікірлері Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-да төрағалығын қорытындылауда және алдағы болатын Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті бойынша ұсыныстар жасауда маңызды болмақ.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-ға Түркия университеттерінің делегациясы іс-сапармен келді.

10.11.2010

10 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Сулеймен Демирел университетінің (Түркия Республикасы) ректоры, профессор Месут Ақгүлдің басшылық етуімен түрік делегациясы сапармен келді. Делегация құрамында - профессор Шериф Али Текалан, Фатих университетінің ректоры, профессор Фарух Шен – «Түрік-неміс» қоғамдық қорының президенті, Сулеймен Демирел университетінің профессоры – Мұрат Қарагөз (Түркия), Асқар Жұмаділдаев (Қазақстан), сонымен қатар, Сүлеймен Демирел университетінің проректоры, профессор Дандай Искхакоглы, Йылмаз Матылмаш – Сүлеймен Демирел университетінің бас кеңесшісі және доктор Мұхтархан Оразбай – Сүлеймен Демирел университеті ректорының кеңесшісі. Делегацияны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалымқайыр Мұтанов қабылдады.

Сүлеймен Демирел университеті Түркияның Испарта қаласында орналасқан қоғамдық университеті болып табылады. Университет негізі 1992 жылы қаланған. Студенттердің жалпы саны - 39000. Университет Түркияда көлемі бойынша төртінші орын алатын жоғары білім беру мекемесі болып табылады. Ауыл шаруашылығы, инженерия, медицина және бизнес салаларындағы өзінің зерттеу бағдарламаларымен танымал. Сондай-ақ, Еуразиялық университеттер қауымдастығы мен Еуропа Кеңесі оқу бағдарламаларының (Erasmus Mundus, Tempus және т.б.) мүшесі болып табылады.

Ары қарай оқу >>

PhD бағдарламасы аясында дәріс жинағы

10.11.2010

Химия факультеті 2010 жылдың айының 16 мен 30 жұлтызы аралығында PhD бағдарламасы аясында дәріс жинағын оқу мақсатында Мемфис университетінің наноматерилдар және инновация институтының диреторы, профессор Евгений Пинхасик келетінін хабарлайды.

Дәрістер химия факультетінің № 404 аудиториясында өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Сұңқарымыз» самғай берсін

08.11.2010

Қапы өткізбе сол кездің бір сағаты,

Өкініш қалмайды кетсе ағатың

Күні-түні дей көрме, ғылым ізде,

Қалсын десең артыңа адам атың,-

деп адамзат ақылманы, қазақ халқының данышпан ақыны Ш. Құдайбердіұлы жырлағандай, жарық дүние есігін ашып, өмір деген бір күндік сәулеге» іңгәләт келген әрбір адам бұл өмірде, толыққанды адам боп өтуге міндетті. Атыңа, ізбасар ұрпақтарына адам аты қалуы үшін еңбекпен ет ауғыртудан қашпай, ғылымының алтын кеніне бойлайды. Міне, біз де ос ұзынан-ұзақ жолға түсіп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰҰ-да оқып, білімнің биігіне қанат қағудамыз.

ҚазҰУ-қазіргі жаһандану заманында жалынды жастарға әлемдік деңгейде білім беріп жатқан қазақтың қарашаңырағы. Бұл киелі орыннан көптеген тұғырлы тұлғалар түлеп ұшқан. Білім беру жүйесі ерекше болғандықтан, мұнда тек қазақ жастарын ғана емес, сонымен қатар, шет елдік студенттер де «білім» атты кәусар бұлақтың мөлдір тұнығынан нәр алуда. Осы әр түрлі ұлт өкілдерінің бәрі болмаса да, кейбіреулерінің қазақ тілінде, яғни оқып жатқан елінің мемлекеттік тілінде тіл қатып, сол тілінде білімнің бар байлығын бойына дарытуға талпынып жатқанына көңілің шат болады. Демек, бұл дегеніңіз, өзге өркениетті елдер де Қазақстанның әлемдік сахнадағы орнын танып жатыр деген сөз. «Төрткүл дүниенің төрт құбыласынан тұрақты дос, айнымас әріптес, сапарлас серіктес, қақысы бұзылмас көрші тапқан Қазақстан жаңа мыңжылдықтың ұлы көшінде керуен тартып келеді», - деп азаттықтың ашық аспанының астында өмір сүріп жатқан еліміздің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев айтқандй, күллі әлемге Шолпан жұлдызындай жарқ етіп көрініп жатқан еліміз алдағы уақытта дамып, қарыштаған 50 елдің керуен көшінің алдына түсетініне сенімдімін. Міне, осындай дәрежеге жету үшін біздің білім алу және білім беру деңгейіміз өте жоғары болу керек. Ал осы білім беру жүйесінің көшбасшысы ретінде ҚазҰУ-ды мақтанышпен атап өте аламыз. Бұл білім ордасында көптеген студенттік ұйымдар жұмыс жасайды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері Анкарада өткен универсиадаға қатысты

08.11.2010

25-31 қазан аралығында Анкарада түркі тілдес елдердің арасында студенттік универсиада өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері жарысқа қатысып, үздік нәтижелер көрсетіп қайтты. Жарыс спорттың кіші үстел теннисі, шахмат, еркін және дәстүрлі күрес, волейбол (әйелдер арасында) және баскетбол (ерлер арасында) түрлері бойынша өтті.

Ары қарай оқу >>

танысу кеші

06.11.2010

Физикалық химия және электрохимия кафедрасының меңгерушісі проф., М.К Алдабергеновтің ұйымдастыруымен қарашаның 3-ші жұлдызында танысу кеші өткізілді. Физикалық химия және электрохимия кафедрасының 3-курс студенттері: Салтанат пен Изагулдің қазақтың ұлттық "Қаражорға" биін орындауда.Танысу кешіне қонаққа келген профессор Шабикова Г.Х оқытушылар менстуденттерге жылы лебізін білдіруде.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 1.11.2010 – 6.11.2010

06.11.2010

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының жанынан студенттік ақпарат орталығы ашылды.
  • ҚазҰУ-да ҰОС Батыры Бауыржан Момышұлының 100-жылдық мерейтойын арналған «Халық батыры Бауыржан Момышұлы және қазіргі заман» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
  • ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде профессор Сәдуақас Темірбековтің «Өмір өрнектері» атты кітабының тұсаукесері өтті.
  • ҚазҰУ-дың заң факультетінде профессор Есберген Алаухановтың «Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет» кітабының тұсаукесері болды.
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ басшысы ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Қуанышбек Есекеевпен жүздесті

04.11.2010

3 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақтелеком» АҚ, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Қуанышбек Есекеевпен кездесу өтті. Кездесуге ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, факультет декандары қатысты.

«Қазақтелеком» АҚ қазіргі таңда қарқынды дамып келеді, мемлекеттік бағдарламалар жасалып, жақсарту шаралары да көзделіп отыр. ҚазҰУ мен «Қазақтелеком» АҚ арасында әріптестік байланысты жүйелеу, ортақ бағдарлама жасап, байланыс түрлерінің студенттерге оқу барысында тиімді, ыңғайлы келетін тұстарын қарастыру керектігіне ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов баса назар аударуды ұсынды. Сондай-ақ, кездесу барысында қойылған сұрақтарға Қуанышбек Есекеев нақты әрі жан-жақты жауап берді.

- Мен ҚазҰУ түлегімін. Сондықтан, оқу орнына қолымнан келген көмекті көрсетуге дайынмын. Біздің компания болашақта телекоммуникация нарығында үлкен жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Мысалы, Ксеll, Altel байланыс желілерін айтсақ болады. Студенттер біздің компанияда байланыс пен экономика салалары бойынша өндірістік тәжірибелерден өтуге мүмкіндіктері бар. ТМД елдерімен салыстырсақ, біз халықаралық компаниялармен серіктес ретінде қызмет атқарамыз», - деді ол өз сөзінде.

Ары қарай оқу >>

Дені саудың – жаны сау

04.11.2010

15 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механико-математика факультеті мен «Екі қанат» қоғамдық ұйымы бірлесе отырып жасанды түсік пен қыз баланың денсаулығын сақтауға арналған конференцияны ұйымдастырады.

Ары қарай оқу >>

Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті – Қазақстан төрағалығының қорытынды кезеңі

04.11.2010

10 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті, Еуропалық Ақпараттық Орталық, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті – Қазақстан төрағалығының қорытынды кезеңі» атты «дөңгелек үстелі» өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ философия факультетінің алғашқы түлегі кітабының тұсауын кесті

04.11.2010

4 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Кіші Фараби» академиясының ұйымдастыруымен қазақ халқының кемеңгер қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында онымен қызметтес болған мемлекеттік және қоғам қайраткері, танымал мәдениеттанушы ғалым, профессор Сәдуақас Темірбековтің «Өмір өрнектері» атты кітабының тұсауы кесілді.

Ары қарай оқу >>

Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл

04.11.2010

Қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңкты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлы-XX ғасыр биігінде тұрған дара тұлға. Биылғы жыл басталысымен, еліміздің барлық өңірлерінде Б.Момышұлының 100-жылдық мерейтойына арнайы іс-шара, мерейтой мен ғылыми конференциялар өтіп жатыр. Соның бір көрінісі 4-қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 15-қабатта «Халық батыры Бауыржан Момышұлы және қазіргі заман» атты Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: Қазіргі заман тұрғысынан қазақ халқының көрнекті қайраткері Бауыржан Момышұлының өмір жолын жан-жақты және терең қарастыру, халық батырының өнегелі мұрасы арқылы Қазақстан Республикасының жастарына патриоттық тәрбие беру.

Конференцияға қатысу үшін Ресей, Түркия, Қырғызстан, Белоруссия, Өзбекстан Республикасынан ғалымдар шақырылған, конференция жұмысына Бауыржан Момышұлының өмір жолын және қызметін зерттеген танымал ғалымдар Ким Серікбаев, Мекемтас Мырзахметұлы, Мамытбек Қалдыбай және ҚазҰУ басшылығынан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Нұрлан Темірбеков, тіл және тәрбие ісі жөніндегі проректор Шолпан Жаманбалаева, тарих факультетінің деканы Жәкен Таймағамбетов, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, ақын Иран-Ғайып және т.б. қатысты. Арнайы қонақ ретінде шақырылған Б.Момышұлының ұлы, ақын, жазушы Бақытжан Момышұлы және келіні Зейнеп Ахметова келді.

Ары қарай оқу >>

Қазақстандағы Германия жылы

03.11.2010

4 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті мен Фридрих Эберт атындағы қор бірлесе отырып Германия мен Еуропаның ғылым мен білім беру күндері аясында «Германия мен Еуропадағы кәсіподақ қозғалысы: өзекті мәселелері және болашағы» атты пікірталас сайысын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" Республикалық қоғамдық-саяси газет

03.11.2010

Алпауыт мемлекеттермен әріптестік керек

"Инновация енді егемендікті баянды етіп, Астана аспанын ашық ұстайтын болды". - Бізбен әңгімесін физика ғылымдарының докторы, академик, әл-Фараби атындағы Ұлттық университет профессоры Фазылхан Байымбетов осылай бастады.

Ары қарай оқу >>

«Halloween» стиліндегі кеш

02.11.2010

1 қараша күні «Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы» кафедрасында «iClub.pd» атты жаңа клубтың ашылуына байланысты алғашқы салтанатты жиын өтті.

Ары қарай оқу >>

Өндірістік практиканың маман ретінде қалыптасудағы ролі

02.11.2010

Химия факультетінде 10 қараша күні сағат 1600 308 аудиторияда «Өндірістік практиканың жоғары білікті маман ретінде қалыптасудағы ролі» атты дөңгелек стол өтеді. Онда «Петро Қазақстан Ойл Продокс» (Шымкент мұнай өңдеу зауыты) кәсіпорынында практикадан өту мүмкіндігі қарастырылады. Ұйымдастырушы катализ және мұнай химия кафедрасының аға оқытушысы х.ғ.к., Мылтықбаева Ж.К және осы кафедраның 4 курс студенттері. Химия факультетінің оқытушылары мен студенттерін пікір бөлісуге шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

Ежедневная общественно-политическая газета "Экспресс-Казахстан"

02.11.2010

Наука без границ

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошел конгресс на тему "Наука будущего" с участием ведущих ученых из стран СНГ, Евразии и Америки при содействии Министерства образования и науки РК.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газет

02.11.2010

Қазақы тәрбие алғаныма қуанамын

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі «Ана тілі аруы» байқауы өтті. Оған студенттер арасынан 700 сұлу қатысып, тек іріктеуден өткен 14-і ғана ақырғы айналымға жолдама ұтып алған болатын. Бұл соңғы сында ерекше өнерімен көзге түскен кәріс қызы Ирина Тен дараланып, «Сымбатты ару» аталымын жеңіп алды. Қазақшаға судай Иринаның талабын байқаған біз редакцияға арнайы шақырып, аз-кем әңгімелескен едік.

Ары қарай оқу >>

Жалпыұлттық республикалық газет

02.11.2010

“Болашақтың ғылымы” халықаралық ынтымақтастықты арттырмақ

Алматыда “Болашақтың ғы­­лымы” атты халықаралық ғы­лы­ми-білім беру конгресі өз жұ­мы­сын аяқтады. Әл-Фараби атын­да­ғы Қазақ Ұлттық универси­те­тінде өткізілген екі күндік кон­гресс жұмысына Еуропа мен Азия елдерінің жетекші отыз университетінің ректорлары жә­не өзге де белгілі ғалымдар қатысты.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 25.10.2010 – 30.10.2010

02.11.2010

  • ҚазҰУ-да «Ана тілі аруы» байқауы өтті.
  • ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде профессор Б. Құдайбергеновтың 65-жылдық мерейтойына арналған «Жаңа діни ағымдар, қазіргі Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
  • ҚазҰУ ASIIN Халықаралық аккредитация агенттігінің (Германия) бакалавр және магистратура білім беру бағдарламасы бойынша аккредитациялаудан өтті.
  • ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде корейтану кафедрасының ашық есік күндері өтті.
  • ҚазҰУ-дың биология факультетінде академик Т.Б. Дарханбаевтың 100-жылдық мерейтойына арналған «Биотехнология, нанотехнология және физико-химиялық биология» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
  • ҚазҰУ-дың ХҚФ-не 15 жыл!
  • ҚазҰУ-дың Спортклубына - 60 жыл!
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттер жарияланымы
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Виртуалдық олимпиада

01.11.2010

2010-2011 оқу жылының қараша айынан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті виртуалды олимпиада өткізуді жоспарлап отыр. Олимпиада ай сайын, қараша айынан наурыз айы аралығында өтетін болады. Сәуір айының 27-ші жұлдызында, 5 ай бойы жақсы нәтижелерге қол жеткізген оқушылар, механика-математика факультетінде 30-шы сәуірде өтетін соңғы турға қатысатын болады. Турдың нәтижесі бойынша жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары беріледі.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіз елдің дипломаттарын даярлаған орда

01.11.2010

Еліміздің халықаралық қатынастар саласындағы мамандарына әлемдік баға берілді. Мұхит асқан құттықтау хаттар мен ізгі лебіздер, тәуелсіз еліміздің сыртқы саясатына қолпаштау мен отандық ғалымдарымыздың біліктілігіне деген үздік бағалардың толастамаған сәтіне 29 қазанда ҚазҰУ қалашығындағы Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің 15 жылдығына арналған мерекелік кеш барысында куә болдық.

Мерейтойға ҚР СІМ, ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері, АҚШ, Германия, Франция, ҚХР, Жапония және басқа да мемлекеттер елшілігінің өкілдері қатысты. Атап өтер болсақ, ҚР СІМ Төтенше және Өкілетті елшісі Әуезхан Мақтайұлы Қырбасов, АҚШ-тың Алматыдағы БАС консулы Майкл Сноуден, Қазақстандағы Польша Елшілігінің екінші хатшысы Михала Чаброс және Нью-Мексико университетінің профессоры Грегри Глиссен бастаған бірнеше шетелдік профессорлар әріптестерін қуаныштарымен құттықтай келіпті. Сондай-ақ, аталған өкілдерден бөлек тағы да АҚШ, Еуропа, Орта Азия елдерінен біршама құттықтау хаттар келіпті. Әлемнен келген үшбу хаттармен факультет профессоры Фатима Көкеева таныстырып өтті.

Еліміздің сыртқы-ішкі саясатына жетекші мамандар даярлап отырған факультет ұстаздарының еңбегі өлшеусіз. Осы орайда 15 жылдық мерекелерімен арнайы құттықтай келген университет басшылығы ұстаздар еңбегін ұлықтады. Академик, ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов атынан құттықтау сөз алған университеттің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов:

- 15 жыл ішінде халықаралық қатынастар факультеті 2500-ден аста түлекті қанаттандырып үлгерді. Бұл факультеттен даярланған жоғары қабілетті мамандар елді дүние жүзіне танытып жүр. Алдағы еңбектеріңізге де табыс тілеймін,- деп атап өтті. Одан кейін К.К.Қожахмет, Е.Қ.Байзақова, Г.С.Сүлейменова, Н.К.Шәкіров (декан), Ғ.К.Мақашева, С.Ж.Айдарбекова, Ә.М.Төлеген, Ф.Т.Көкеева, М.Ш.Гүбайдулина сияқты факультеттің профессор-ғалымдарын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары білікті ғылыми мамандарды дайындау ісіндегі ұзақ жылғы адал еңбегі, халықаралық қатынастар факультетіне шынайы берілген белсенді қызметі үшін ҚазҰУ ректоры Ғ.Қ.Мұтановтың «Алғыс хатымен» марапаттады.

Ары қарай оқу >>