Жаңалықтар

ҚазҰУ профессоры Г.Н. Ким "Бірлік" медалімен марапатталды

22.01.2014

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық Корейтану орталығының директоры т.ғ.д., профессор Г.Н.Ким ұлтаралық бірлік пен өзара түсіністік ісіне қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Конькимен сырғанаудың жанкүйерлері әлемдік рекорд орнатты

20.01.2014

2014 жылдың 18 қаңтар күні «Медеу» мұз айдынында конькимен сырғанаудан жаңа рекорд орнатылды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері аталған шарадан тыс қалған жоқ. Университеттің жүзге жуық белсенді студенттері мен қызметкерлері бұл шараға қатысып, тарихта қалатын рекордтың орнатылуына септігін тигізді. Мерекелік шараға қатысушылардың барлығына сертификаттар берілді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркіне Алматы қаласының Жоғарғы оқу орындарынан кәсіпкер-студенттер келді

17.01.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінде Бiрiккен ұйымдастыру комитетi «Қазақстанның 2-ші Ұлттық кәсіпкер-студенттер жарысы» және «1-ші Қазақстандық инженерлі STEM (STEAM)-технологиясы және кәсіпкерлік оқыту форумы» атты жобаларының жарыс шеңберiнде мәжiлiс өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да "Білімді бағалаудың құзыретті-бағдарлы жүйесі" 44-ші ғылыми-әдістемелік конференциясы өз жұмысын бастады

17.01.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университі Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Білімді бағалаудың құзыретті-бағдарлы жүйесі» атты 44-ші ғылыми-әдістемелік конференциясы мен гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясының отырысы басталды.

Ары қарай оқу >>

Куратор-эдвайзерлерге арналған семинар өтті

16.01.2014

2014 жылдың 15 қаңтарында биология және биотехнология факультетінде Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің және Куратор-эдвайзерлер мектебінің ұйымдастыруымен куратор-эдвайзерлерге арналған семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

Жастар университеттің туған күнін атап өтті

15.01.2014

Оқу семестрінің басталуына әлі уақыт болса да, университет алды студенттерге толы. Оның себебі, бүгін білім мен ғылымның қарашаңырағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ашылғанына 80 жыл толып отыр. Оқу орнының мерейтойлы күнін белсенді студенттер ұмыт қалдырған жоқ.

Ары қарай оқу >>

«Білімді бағалаудың құзыреттік-бағдарлы жүйесі» атты 44-ші Ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді

14.01.2014

2014 жыл 17-18 қаңтар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде университеттің 80 жылдығына арналған «Білімді бағалаудың құзыреттік-бағдарлы жүйесі» атты 44-ші Ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Түлектер сабақтастығы» дәстүрлі спорттық мерекесі өткізіледі

10.01.2014

2014 жылдың 18 қаңтарында ҚазҰУ спорткешенінің №1 спорт залында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «Түлектер сабақтастығы» ұранымен дәстүрлі спорттық мерекесі өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері балаларға Жаңа жылдық мереке сыйлады

09.01.2014

«Балаларға Жаңа жыл сыйлаймыз!» мерекелік акциясы жыл сайын жақсы дәстүрге айналып келеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері «Альтернативті білім беру орталығы» қоғамдық қорының «Жастар жетістіктері» және «Шеврон» компаниясымен бірлесіп ҚР ДМ қарасты балалар хирургиясы мен педиатрия Ғылыми орталығының онкологиялық бөлімдерінде емделіп жатқан балалар үшін Жаңа жылдық мерекелік шараларды ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>