Жаңалықтар

Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі Н.К. Ахметжанов «Ғылыми-технологиялық паркінде» ұйымдастырылған көрмеге қатысты

03.06.2015

2015 жыл 29 мамырда Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Үкімет басшысының орынбасары Б.М. Сапарбаевтың, ЖОО, кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың, ҚР Парламентінің, халықаралық аккредитациялық орталықтар мен рейтингтік агенттіктер өкілдерінің қатысуымен «Елдің инновациялық даму негіздері ретінде ғылым, білім беру және бизнес интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

Ары қарай оқу >>

Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» еңбегіне 40 жыл толуына орай конференция өтті

02.06.2015

ҚазҰУ-да университет жанындағы Олжас Сүлейменов ғылыми-зерттеу орталығы мен «Олжас кітапханасы» баспа үйінің ұйымдастыруымен әйгілі ақын, көрнекті қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің «Аз и Я» еңбегінің жарыққа шыққанына 40 жыл толуына орай конференция өтті.


Ары қарай оқу >>

БҰҰ бас хатшысының орынбасары К.Гайяк ҚазҰУ-да болды

28.05.2015

Алматыда айтулы оқиға орын алды. БҰҰ бас хатшысының байланыс және қоғамдық ақпарат бойынша орынбасары Кристина Гайяк әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келді. Ол оқытушылар мен студенттерге арнап дәріс оқыды, сонымен қатар тұрақты дамудағы университеттердің рөлі туралы дөңгелек үстелге қатысты.

Ары қарай оқу >>

Журналистика факультетінде 5 институционалдық реформа бойынша дөңгелек үстел өтті

27.05.2015

ҚазҰУ-да «5 институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам»: Қазақстан дамуындағы жаңа кезең» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп ұйымдастырылды. Нәтижесінде университетте «Қазақстан-2050» республикалық біліми-ақпараттық орталығын ашу жөнінде шешім қабылданды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ғалымдары VIII Астана экономикалық форумына қатысты

27.05.2015

Жуырда география және табиғатты пайдалану факультеті энергоэкология кафедрасының меңгерушісі Т.Базарбаева мен кафедра оқытушылары Т.Тәжібаева, С.Полякова VIII Астана экономикалық форумына қатысып қайтты.

Ары қарай оқу >>

БҰҰ бас хатшысы ҚазҰУ-дың тұрақты даму саласындағы жұмысына жоғары баға берді

27.05.2015

Сеулде (Оңт.Корея) БҰҰ-ның академиялық ықпал бойынша екінші форумы өтті, онда өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, стратегиялық даму бойынша 2015 жылдан кейінгі күн тәртібіндегі мәселелер белгіленді. Бұл шараның маңыздылығы – БҰҰ Бас ассамблеясы бекітетін мыңжылдық тұрақты дамудың жаһандық стратегиясын қабылдауына дайындық жылы өтіп отырғандығында.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Әбілфайыз Ыдырысов» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

26.05.2015

ҚазҰУ-да университеттік «Өнегелі өмір» тағылымнамалық сериясымен «Әбілфайыз Ыдырысов» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты шараға еліміздің белгілі тұлғалары мен жазушылары, БАҚ өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ «COMSATSҚА» қабылданды

26.05.2015

ҚазҰУ – беделді «COMSATS» халықаралық үкіметаралық ұйымына мүше болған ТМД ЖОО-лары ішіндегі жалғыз университет (Оңтүстіктегі тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен технология бойынша комиссия).

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен Малазия университеті магистранттарды бірлесіп оқытатын болды

20.05.2015

ҚР Ұлттық банкі мен Ислам банкінің бірлескен саммиты аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Тун Абдул Разак университеті (УНИРАЗАК, Малазия) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ары қарай оқу >>