ENSAIA-мен BioWare (магистратура) білім беру бағдарламасы бойынша қос диплом бағдарламасын ұзарту жөніндегі келіссөздер

21.09.2023

Көрулер: 392

12 қыркүйекте ENSAIA университетінің басшылығымен ENSAIA университеті мен BioWare (магистратура) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биотехнология (магистратура) бірлескен қос дипломдық білім беру бағдарламаларын ұзарту бойынша келіссөздер өтті. Жыл сайын ENSAIA-да Абай-Верн бағдарламасы аясында 6 магистрант білім алуда, олар Нанси қаласында 1 жылдық оқудан өтеді, сонымен қатар Францияның жетекші ғылыми институттары мен өндірістік кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтеді.

Биылғы жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның биотехнология кафедрасында биотехнология бағытында оқып жатқан алты магистрант Ecole Nationale Superieure d’ Agronomie және des Industries Alimentaires университеті Нанси қаласында, Францияда 1 жыл оқып,  қос диплом алды.

Іссапардың нәтижесінде франциялық серіктестеріміз ҚазҰУ делегациясы университетімізге келді және қос дипломды бағдарламаны ары қарай ұзартуға байланысты келісімдер жүргізді деген мазмұнда өз газеттерінде қысқаша мақала шығарды.

ТДМ 4 - Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету.