«Психоактивті заттар мен құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу»

18-қар-23

Көрулер: 396

2023 жылғы 17 қарашада биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы Есенбекова А.Е. 6B05108-Биомедицина мамандығының 3 курс студенттерімен «Психоактивті заттар мен құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу» тақырыбы бойынша ТДМ 3 шеңберінде кез келген жастағы барлық адамдар үшін салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқатына жәрдемдесуге ықпал ету мақсатында дәріс өткізілді.

Қазіргі уақытта психоактивті заттар мен құмар ойындарға тәуелділік өзекті мәселе. Дәріс студенттерге құмар ойындар мен нашақорлықтың алдын алу механизмдері, себептері мен әдістері туралы түсінік қалыптастыруға және тәрбиелеуге бағытталған. Дәрістен бөлек студенттер тақырыпқа сай Отандық “Шекер” сериалына, сонымен қатар Хьюберт Селбидың «Реквием по Мечте» және Уильям Берроуздың “Джанки” атты кітабына талдау жасалды.

Қосымша тапсырма ретінде “Суд над Наркоманией” тақырыбында көрініс құрды. Көріністің мақсаты - адамдардың алкоголь мен есірткіні қолдануының алдын алу, осы мәселе бойынша білім алуға деген ұмтылысты қалыптастыру, өз іс-әрекеттерін бақылау және олардың нәтижесін болжау.