«Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы»

      География және табиғатты пайдалану факультеті, Картография және геоинформатика кафедрасы, Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер мамандығы 1-2 курс қазақ тобының куратор-эдвайзері Бекжанова Актоты Утеповнаның кураторлық сағат бойынша есеп беруі.

 

      Бүгін «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 20 Қаулысының қолданысқа енгізілгені туралы студенттерге хабарлама жасалды. Қаулыға сәйкес 2024 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай уақыт белдеуін белгілеу көзделген.

      Қаулымен таныстырғаннан кейін жалпы белдеулік уақыт туралы түсінік беріп өттім. Белдеулік Уақыт — бүкіл Жер бетін меридиан бойынша 24 сағаттық белдеуге бөлуге негізделген уақытты есептеу жүйесі; сағаттық белдеу ішіндегі ортаншы меридианның жергілікті зайырлық уақыты. Белдеулер Гринвич меридианынан бастап шығысқа қарай әрбір 150 бойлық бойынша саналады. Ал Гринвич арқылы өтетін нөлдік меридианды нөлінші белдеудің орта меридианы деп есептеуге келісілген. Әр меридиандағы орынның өзінің жергілікті уақыты бар. Мысалы, Алматы, Тараз, Шымкент қалалары әр меридианда орналасқан, олардың жергілікті уақыттарында бірер минуттық айырма бар. Бірақ олардың бәрінде де бірдей белдеулік уақыт (5-белдеулік) қолданылады. Ыңғайлы болу үшін сағаттық белдеулердің шекаралары дәл меридианның бойымен емес, мемлекеттік не әкімшілік шекараларымен, өзен, суайрық бойымен, т.б. жерлермен жүргізіледі. Белдеулік уақыт тұңғыш рет АҚШ-та 1883 ж., ал КСРО-да (оның ішінде Қазақстанда) 1919 ж. 1 шілдеде енгізілген. 

      2005 жылы Қазақстанда екі сағаттық белдеу енгізілген болатын. Олар: 6 және 5 сағаттық белдеулер. 2023 жылы Қазақстандық сарапшылар елімізде бірыңғай сағат белдеуін енгізу мәселесін қарастырды. Нәтижесінде, 5 -біртұтас уақыт белдеуіне көшуді дұрыс деп шешті. Мамандардың пікірінше, бұл шешім елге экономикалық жағынан тиімді.

      Қазақстанда осы жылдың 29 ақпанынан 1 наурызына қараған түні сағат 0:00 де елдегі үш мегаполис пен 12 облыста сағат тілі өзгереді. Яғни, Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстанда уақыт 1 сағатқа артқа жылжиды. Ал, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда да уақыт сол күйінде өзгеріссіз қалады.

      Жалпы сағат белдеулерінің ауысуы - бұл қалыпты жағдай. Экономикалық жағынан тиімді. Мысал, қаржы саласында, банк жүйесінде пайдасы зор. Бір уақытта жұмыс істейтін болады. 

      Бірыңғай сағат белдеуіне ауысу адам денсаулығы үшін де пайдалы болмақ. Сарапшылардың айтуынша, елдегі табиғи уақыттың сәйкес келмеуі адам ағзасына кері әсерін тигізуі мүмкін. 


 

 C:\Users\user\Downloads\WhatsApp Image 2024-02-05 at 13.54.56.jpeg

Кураторлық сағаттан соң сағаттық белдеуге қатысты студенттер өз ойларымен бөлісті, кейбірі келісіп, кейбір студенттер бұл өзгеріске қарсы екендігін айтып жатты.

Басылым күні :  13.02.2024