Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбындағы тәрбие сағаты.

 

     Желтоқсан айының 15-жұлдызында «Геодезия және картография» мамандығының 3-курс студенттерімен Тәуелсіздіктің күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбындағы ашық сабақ өткізілді.

     Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұмтылған бостандықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарихи тұрғыдан бағамдасақ, тәуелсіздікті алғанымызға – аса көп уақыт болған жоқ. Десе де, жұртымыз аз уақыт ішінде әлемдік алпауыттармен терезесін теңестіріп, халықаралық қауымдастыққа қарышты қадамдарымен танылып үлгерді. Осы мерзім аралығында қазақ ұлты саяси және экономикалық даму бағытын дербес айқындай алатын қарымы мен қабілетін дәлелдей білді.

     Ашық сабақ барысында студенттер тәуелсіздік жайлы ақпараттармен танысып, ой бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды.

Басылым күні :  20.12.2023