«Таза ауа-жанға дауа»

 

      Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер мамандығының 1-2 курс студенттерін Салауатты өмір салтын ұстануға байланысты «Таза ауа-жанға дауа» тақырыбы бойынша Алматы қаласының Бас ботаникалық бағына серуенге шығып, демалдық. Студенттер сол жердегі әртүрлі аллеялармен қыдырып, керемет әсер алды.

      Сонымен қатар, Ботаникалық бақтың құрылуымен танысты. Негізгі ғылыми бағыттары: жергілікті және басқа жақтан әкелінген өсімдіктердің қасиеттерін жан-жақты зерттеу, оларды өсірудің, тиімді пайдаланудың жолын көрсету; өсімдіктерді жерсіндірудің теориялық негіздері мен практикалық тәсілдерін жасау; дүние жүзі флорасына жататын өсімдіктердің биологиялық-экологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Бас ботаникалық бақта жергілікті және басқа жерлерден әкелінген өсімдіктердің 5,5 мыңдай түрлері мен сорттары (оның 100-ге жуық түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген) бар. Олар ботаникалық-географиялық, жүйелілік, ландшафтылық тұрғысынан, сондай-ақ, пайдалы қасиеттері негізінде топтастырылған.

      Ботаникалық бақтың керемет жерлерінде суреттерге түсіп, тамақтанып, әртүрлі тақырыптарда ашық әңгіме болып, қызықты демалыс өткіздік. 

Басылым күні :  26.11.2023