ҚазҰУ ҚАЛАШЫҒЫНДА ЖӘРМЕҢКЕ!

 

          Болашақ қоғамда тұрақты дамыту үшін БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары негіз болып отыр. Олар адамзаттың жаһандық мәселелерін, оның ішінде кедейлікпен, теңсіздікпен, климаттың өзгеруімен күрес, қоршаған ортаның нашарлауымен т.б. күресіп, көптеген бағыттағы мәселелерді шешеді. Сондықтан БҰҰ 17 мақсаты өзара тығыз байланысты және біздің басқа елдерден қалыс қалмауымыз және 2030 жылға дейін соған жетуіміз маңызды екенін білеміз.

          Сол мақсатта  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Оқу агробиозертханасының және Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдары ұсынылған жәрмеңке өткізілді.

          Жәрмеңке  қазан айының 21 күні, аквапоника аумағында өткізілді.

          Жәрмеңке студенттерге қолжетімді баға бойынша әртүрлі сапалы тамақ өнімдермен қамтамасыз етуді көздейді.

          Осы жерде тәрбиенің бір бағыты- студентті еңбекке тәрбиелеу болса, екінші бағытты салауатты өмір сүру үшін дәруменге толы жемі-жидек пен көкөністерді күнделікті өзіміздің тағамдарымызға қолдану арқылы денсаулығымызға керекті дәрумендерді толтыра алатынымызды түсіндіру.

          Ғалымдар күніне 800 грамм жеміс-жидек пен көкөністерді қабылдау адамның өмір жасын ұзартатынын дәлелдеп шықты. 200 грамм көкөніс пен жемісті пайдалану жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім деңгейі мен  қатерлі ісік ауруларына шалдығу деңгейін де төмендетіп, мезгілсіз өлім деңгейін азайтатыны дәлелденген. |

          География және табиғатты пайдалану факультетінің, геоинформатика және табиғатты пайдалану факультетінің, картография және геоинформатика кафедрасының 1-курс (1,2,3 топ қ/б) студенттері «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсаты бойынша, салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлығына кез келген жаста сау болуына ықпал ету ол әрбір адамның міндеті екенін  жақсы түсінеді.

          Кез келген елдің болашағы-халқының денсаулығына байланысты екенін  дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің бағытымыз-салауатты өмір салты. Студенттерімізге мүмкіндігінше жеміс-жидектерді көбінен қолдану ұсынылды.

          Студенттерімізге қол жетімді бағамен,  кейбірі тегін әртүрлі жеміс-жидектер мен көгеністер таратылып, жәрмеңкеден жақсы көңіл күймен тарастық.

 

Басылым күні :  23.10.2023