Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Академиялық саясатымен" танысу. Табиғи-техногендік қатерлер мамандығының студенттері 1 және 2 бакалавриат курстары.

 

  Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер мамандығының 1-2 курс студенттерін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Академиялық саясатымен» таныстырдым. Студенттер өздерінің универ жүйесінде тұрған «Академиялық саясаттың» электронды нұсқасымен танысып, өздеріне түсініксіз болған жерлері бойынша сұрақтар қойды. Сол бойынша түсіндірме жұмыстар жасалды. Сонымен қатар, «Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау» бойынша барлық пункттеріне тоқталдық. Студенттер әсіресе алда болатын сессия кезінде туындайтын мәселелер мен академиялық ұтқырлық бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. 

   Кураторлық сағаттың соңында аталған құжатпен танысқандарын растап, тиісті тізімге студенттер өз қолдарын қойды. 

     Куратор-эдвайзер А.У. Бекжанова


 

Басылым күні :  07.10.2023