Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына арналған іс-шара өтті

17.03.2023

Көрулер: 485

м

 

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың туғанына – 125 жыл толды. Осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасымен республиканың барлық аймағында, мемлекет қайраткерінің мерейтойы атап өтіледі. Сондай-ақ ТҮРКСОЙ ұйымының шешімімен түркі әлемінде 2023-ші жыл Жүргенов жылы болып жарияланған еді.
2023 жылдың 17 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен (аға оқытушы Оразаев Е.Т.) «Өмрі тұнған өнеге» атты ашық тәрие сағаты өткізілді. Аталған іс-шараға факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Ашық тәрбие сағатына арнайы қонақ болып Т.Жүргенов атындағы Қоғамдық қордың төрағасы Сәби Ансат, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бауыржан Иманғалиев, Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы, өнертану магистрі Кенжебаева Лейла Әбдіғаниқызы, , Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кітапхана қызметкері Шакабаева Айнұр Шәріпханқызы қатысты. Іс-шара барысында Шакабаева Айнұр Шәріпханқызының көмегімен арнайы көрме ұйымдастырылды. Көпшілікке экранда Темірбек Жүргенов туралы фильм көрсетілді. Іс-шараны факультет деканы т.ғ.д., профессор Байгунаков Досбол Сүлейменұлы ашып берді. Т.Жүргенов атындағы Қоғамдық қордың төрағасы Сәби Ансат ұлы тұлғаның оқу-ағарту саласындағы еңбегіне тоқталып, мерейтой аясында аймағымыздағы білім беру ұйымдарында көптеген іс-шаралар өтетіндігін жеткізді. Іс-шара арнайы қонақ Бауыржан Иманғалиев пен Айнұр Шәріпханқызының баяндамасымен жалғасты. Тарих факультетінің магистранты Фрунзеқұл Нұржан Т.Жүргеновтің тарихшылар үшін алатын орны туралы баяндама жасады. Баяндамашылардан кейін тәрбие сағатының бағыты шағын концертке ұласты.
Факультет студенттері Нұртай ӘбілқайырАлаш қайраткері Темірбек Жүргеновтің рухына «Арнау» айтса, 1 курс студенті Адилбек Бибигуль Қазақстанның Халық артисі Хабиба Елебекованың «Темір-Нарком» монологынан үзінді оқыды, 1 курс студенті Дарибаев Эльдардың орындауында Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйін шертіп, Ару-ана әнімен жұртты тебірентті. Дәуренбекұлы Абылай «Соңғы сөз» Темірбек Жүргеновтің монологынан үзінді оқыды. Іс-шара соңында т.ғ.к., профессор, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі Мырзабекова Рыскелді Саламатқызы келген қонақтарға іс-шараның өткізілуіне қолдау білдірген Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалдыұлына үлкен алғысын білдірді. Шара соңында сыйлықтар таратылып, барлығы естелік суретке түсті.