Кафедраның тарихы

 


 

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы республикадағы дүние жүзі тарихы, архив ісі және кітапхана ісі саласындағы мамандарды дайындайтын жетекші орталық болып табылады. Кафедра тарихшыларды, архив және кітапхана ісі мамандарын даярлауда маңызды рөл атқаратын бірнеше мамандықтарды біріктіреді. Қазіргі таңда Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ғылыми-педагогикалық ұжымында 45 ғалым, оның ішінде, 13 тарих ғылымдарының докторы, профессор, 16 тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, 4 PhD докторы бар. Кафедрада ғылыми дәрежесі бар профессор-оқытушылар құрамның үлесі 90 % құрайды.

Кафедра – 6В02205 – Тарих; 7M01601 – Тарих; 7М01602 – Тарих және география; 7M02210 – Тарих; 8D02206 – Тарих; 6В03204 – Архивтану, құжаттану және құжаттаны қамтамасыз ету; 6В03208 – Сандық архивтану және құжаттану; 7M03207 – Сандық архивтану және құжаттану; 8D03205 – Мұрағаттану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету; 6В03205 – Кітапханалық ақпараттық жүйелер; 7M03206 – Кітапханалық ақпараттық жүйелер; 8D03206 – Кітапханалық ақпараттық жүйелер Оқу бағдарламалары бойынша үш сатыда (бакалавр, магистр, доктор) мамандар дайындайды.

Кафедрада QS WUR бойынша үздік 300-ге кіретін Италияның Ла- Сапиенца университетімен «7M02208 – Дүниежүзі тарихы» мамандығы бойынша және Ресей Мемлекеттік Гуманитарлық Университетімен «7M03208 – Мұрағаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша әзірленген қос дипломдық бағдарламалар бар.

Кафедра дәріс оқуға жұмыс берушілерді (ҚР Президенті Архиві, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы) 5 кредиттен кем емес жүктемемен және белгілі шетелдік ғалымдар – Ксавье Аллез – Әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің ғылыми қызметкері (Париж, Франция), Этьен Пейрат – Саяси ғылымдар жоғары мектебінің ғылыми қызметкері (Париж, Франция), Фабио Грасси – Ла Сапиенца университетінің профессоры (Рим, Италия), Мариуш Марчевский – Адам Мицкевич университетінің (Польша) аға ғылыми қызметкері, Музеен Карабах – Эдитепе университетінің PhD докторы (Стамбул, Түркия), Волкан Ипек – Билкент университетінің PhD докторы (Анкара, Түркия), Виктор Деннингхаус – Гамбург университетінің профессоры (Гамбург, Германия), Наталья Яшина – Қазан университетінің доценті (Қазан, РФ) тартқан.

Германияның, Италияның, Австрияның, АҚШ-тың, Жапонияның, Түркияның, Польшаның бірқатар университеттерімен ғылыми және алқалы байланыстар орнатылған. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы QS WUR бойынша үздік 300, THE WUR бойынша үздік 500-ге кіретін ЖОО-да тағылымдамадан өтеді. Scopus-те нөлдік емес SJR индексі бар рейтингтік журналдарда ғылыми мақалалар жариялайды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын және ҚазҰУ-дың постдокторантурасына, оның ішінде «Жас Ғалым» жобасы бойынша сырттан гранттар тартылады. Халықаралық қысқы және жазғы мектептерді ұйымдастырады.