«Тарих» факультетінің тарихшы студенттеріне арналған Әдістемелік кабинетінің тұсаукесері өтті

09.02.2023

Көрулер: 717

2022 жылдың 9 ақпан күні "№181 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының ұйымдастырумен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Тарих» факультетінің тарихшы студенттеріне арналған Әдістемелік кабинетінің тұсаукесері болып өтті. Жаңа кабинеттің лентасын қию құрметі Тарих факультетінің деканы т.ғ.д., профессор Байгунаков Досбол Сүлейменұлы мен т.ғ.д., профессор Төлебаев Тұрғанжан Әбеуұлына ұсынылды. Одан бөлек іс шараға кафедра меңгерушісі т.ғ.к., профессор Мырзабекова Рыскелді Саламатқызы, т.ғ.к., доцент Құнапина Қайеркен Құдайбергенқызы, т.ғ.к., доцент Алпысбаева Нұрзипа Көмешбайқызы, т.ғ.к., доцент Мийманбаева Фиалка Нуруевна, т.ғ.к., доцент Қартабаева Ерке Тамабекқызы және аға оқытушы Оразаев Ернұр Тұрсынұлы қатысты. Факультет деканы мен «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамын мектеп әкімшілігі әдістемелік кабинетпен таныстырды. Алғашқы сөзді факультет деканы Байгунаков Досбол Сүлейменұлы алып, өзінің құттықтауын арнады. Мектеп директоры Сатаева Жеңіскүл Иманғалиқызы әдістемелік кабинет факультет пен жұмыс берушінің арасындағы байланысты нығайтуға негіз болатынын айтты. Тарих факультетінің магистранттары да іс-шараға белсене қатысты. Студенттер де ұстаздарына, мектеп әкімшілігіне ақ тілектерін білдірді. Іс-шара соңында барлық қатысушылар естелік фотоға түсті.