ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАСАҒАН ЖОЛДАУЫН КАФЕДРА МӘЖІЛІСІНДЕ ТАЛҚЫЛАДЫ.

3-мам-24

Көрулер: 54

Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының профессорлары мен оқытушылары арасында ҚР Президентінің ғылым күніне орай жасаған жолдауын кафедра мәжілісінде талқылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті.

Президент, ең алдымен, жиынға қатысушыларды Ғылым күнімен шын жүректен құттықтап, бұл мереке ғұлама ғалым, заңғар тұлға Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.

– Дәл бүгін академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толды. Біз ұлы Абайды қазақ руханиятының темірқазығы, Ахмет Байтұрсынұлын Ұлт ұстазы дейміз. Ал Қаныш Сәтбаевты қазіргі қазақ ғылымының атасы деуге болады. Өздеріңіз білесіздер, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – халқымыздың біртуар перзенті. Еліміз әлі күнге дейін оның ғылыми жаңалықтарының игілігін көріп отыр. Әйгілі ғалымның мерейтойын жоғары деңгейде атап өту маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.