Математикалық және компьютерлік пішіндеу кафедрасының 4 курс студенттері ҚазҰУ Басқарма төрағасы – ректордың атынан грамотамен марапатталды

30-қаз-22

Көрулер: 616

Студенттердің командалық жұмысының және еңбек тәртібінің арқасында, қысқа мерзімнің ішінде университетіміздің барлық жатақханаларының оқу корпустарының  схемасы жасалынды. Бірнеше жылдың аралығында алынған білім практика барысында сәтті қолданылды. Осыған байланысты Механика-математика факультетінің 4-курс студенттері: 

 

  • Сабыркулова Айдана
  • Тлеухабылова Евгения
  • Абутаев Жанарыс
  • Айсаринов Махамбет
  • Тоискина Екатерина 

 

«Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің» Басқарма төрағасы - Ректоры Ж.К. Түймебаевтан университет дамуына қосқан өзіндік үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

 

15 мамыр мен 2 шілде аралығында Механика-математика факультетінің 4-курс студенттері Ситуациялық басқару орталығынан өндірістік практиканы өтті. Практика аясында, студенттеріміз университеттің нысандық схемаларын жасау үшін «Антитеррорлық объектіні қорғау паспортын» әзірлеуге үйретілді.