6B11103 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Білім беру бағдарламасы

6B11103 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Білім саласы

6В11 Қызмет көрсету

Дайындық бағыты

6B111 Қызмет көрсету саласы

Білім беру бағдарламаларының тобы

B093 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

БББ мақсаты

Оқу бағдарламасының мақсаты – ipгелі білім мен тәжірибелік дағдыларды иеленген, мейрамханалық және қонақ үй бизнесі саласындағы ұйымдастыру-басқару және өндірістік-техникалық мәселелерді шешуге әрі бәсекеге қабілетті бакалавр-мамандарын даярлау.

Оқыту тілі

қазақ / орыс / ағылшын 

Кредиттердің көлемі

240 ECTS

Берілетін академиялық дәреже

«6B11103 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету бакалавры

Оқытудың нәтижесі

ON 1: Қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны ескеріп, өндірістік қызметті ұйымдастыру формалары мен әдістерін таңдауды дәлелдей алу, орналастыру/тамақтандыру кәсіпорнының, оның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жалпы стратегиясын және маркетингтік, қаржылық, кадрлік сияқты функционалдық стратегияларын іске асыру.

ON 2: Бәсекелестік жағдайында мейрамханалық және қонақ үй сервисі саласындағы бизнесті талдау және жоспарлау, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің ықтимал көлемдерін, қаржылық көрсеткіштерін бағалау, сондай-ақ, нарық жағдайының тұрақсыз күйіндегі тәуекелдерді анықтау.

ON 3: Офистік және өндірістік құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің технологиялық дағдыларын, компьютерлік бағдаламаларын, Интернет-технологияларын, қонақуйлерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, GDS жүйесін игеру және оларды кәсіби қызмет бабында қолдану

ON 4: Қызмет көрсететін қызметкерлердің қонақтармен, бір-бірімен, басқарушылармен, басқа да қызметкерлермен қарым-қатынас жасау ережелерін қалыптастыру, бөлім қызметкерлері арасындағы және мейрамхана бөлімдері арасындағы өзара әрекеттесуін іске асыру.

ON 5: Қатынас құру қабілетін, іскерлік қатынастарды құру, тұлғааралық қатынастар қағидаларын білетінін, ұжыммен бірігіп жұмыс істей алатынын, кездесулер мен келісімдерді ұйымдастырып, откізе алатынын, орналастыру және тамақтандыру кәсіпорыдарының өнімдері мен көрсетілетін қызметтерінің презентацияларын ұйымдастыра алатынын, ұжымдағы қақтығыс жағдайларын шеше алатынын; тұтынушылар, серіктестер және мүдделі тараптар жағынан пайда болатын мәселелерді шеше алатынын көрсету

ON 6: Материалдық ресурстар мен қызметкерлер қажеттілігін, оларды мейрамханалық және қонақүй тұтынушыларына қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету мақсатында тиімді пайдалану әдістерін анықтау.

ON 7: Еңбекті қауіпсіз түрде ұйымдастыру, тұтынушыларға қызмет көрсету кәсіби функциясын іске асыру, фирма ішіндегі жұмыс тәртібі жүйесінің іске асырылуының, қызметкерлердің еңбек және қаржы тәртібінің, кәсіпорын орнатқан нормативтік құжаттар мен ішкі ережелерге сәйкес қызмет көрсету және өнім мен көрсетілетін қызметтер сапасы стандарттарының орындалуының мониторингі мен бақылауын ұйымдастыру.

ON 8: Өндірістік міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті ақпараттарды іздестіру және өңдеу, қонақжайлылық теориясы, тарихи тәжірбие, инновациялық технологиялар бойынша білімдерді іс жүзінде мейрамхана және қонақүй бизнесі кәсіпорындарында өндірістік үдерістерді пайдалану мақсатында пайдалануға жарамды ақпараттарды айналдыру, қонақүйлер мен мейрамхана кешендерін жобалау мен жоспарлау

ON 9: Қазіргі заманғы маркетинг технологияларын, оның ішінде Digital Маркетинг технологиясын қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының өнімдері мен көрсетілетін қызметтерін жылжыту және сату мақсатында игеру; нарықтың маркетингтік зерттеулерін жүргізу және дер кезінде бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын іске асыру

ON 10: Қонақтарды қабылдау, орналастыру, тамақтандыру, қауіпсіздік жұмыстарын қамтамасыз ететін мейрамхана және қонақүй саласының өндірістік бөлімшелерінің, қосалқы қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау, келушілердің қалауларын, физикалық және психологиялық қажеттіліктерін ескеріп, мәліметтердің клиенттік базасымен жұмыс істеу

ON 11: Мейрамханалық іс пен қонақүй бизнесіндегі әртүрлі тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру технологиялық процестерді білуін көрсету, кәсіпорын департаменттерінің (қызметтерінің, бөлімдерінің) бизнес-процестерін бақылау формалары мен әдістерін анықтау.

ON 12: Өз еркімен одан әрі білімін арттыру, кәсіби жетістіктерге жету және мансабын арттыру дағдылары, ынталылығы мен қабілетін көрсету.

Оқуға түсушілер үшін

»»»

Академиялық қызмет

 ОБ-ның оқу қызметі жүзеге асырылады:қызмет көрсету саласындағы жоғары білім беру қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік нұсқаулар шеңберінде;университетте оқу-әдістемелік процесті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асыру нәтижесінде;әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік құқықтық актілерді талдау және тарату;университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымды және перспективті жоспарлау; кафедрағы пәннің оқу-әдістемелік кешенінің (ПОӘК) нормативтік құқықтық актілерге, жұмыс оқу жоспарына және оқу бағдарламасына сәйкестігін үйлестіру;оқу үдерісінің оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуін бақылау, нәтижелерін құжаттау;оқу материалдарын әзірлеу; жұмыс оқу жоспарын әзірлеу және енгізу

Ғылыми қызмет

 Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте:мамандандырылған туризм кеңсесі;далалық экспедициялық зерттеулерге арналған арнайы туристік жабдықтар мен құрал-саймандар;мамандандырылған сынып/зертхана GDS «SABRE»;ГАЖ зертханасы;тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуі бар байланыс және техникалық жабдық.Рекреациялық география және туризм кафедрасының ғылыми бағыттары:Рекреациялық география және туризмді аумақтық ұйымдастыру;Қазақстандағы туризмнің тұрақты дамуын қамтамасыз ету;Қазақстандағы әлеуметтік туризмнің негіздерін қалыптастыру және тұжырымдамасын әзірлеу;Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экожүйелеріне туристік және рекреациялық жүктемелерді бағалау;Агротуризмді дамыту мен аумақтық ұйымдастырудың географиялық негіздерін жасау;Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында экологиялық туризмді жоспарлау және ұйымдастыру;Туризм және қонақжайлылық индустриясындағы цифрлық инновацияларды ғылыми қамтамасыз ету;Кәсіби туристік білім беру саласындағы инновациялық технологиялар.

Халықаралық қызмет

 Академиялық ұтқырлық серіктес университеттермен, соның ішінде шетелдік университеттермен, атап айтқанда Я.Кодолани қолданбалы ғылымдар университеті (Венгрия), Анадолы университеті және Анкара университеті (Түркия), Белгород мемлекеттік университеті, Орал Федералды университеті, Санкт-Петербург университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, РУДН (Ресей), Гонконг политехникалық университеті (ПолиЮ) (Қытай) және т.б. тиісті келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан университеттерімен туризм бойынша қосалқы альянс аясында академиялық ұтқырлық мүмкіндігі бар. Жібек жолы елдері (Сиань, Гонконг, Самарқанд, Алматы), TedQual.UNWTO (әлемдегі 80-нен астам жетекші мамандандырылған университеттер) бағдарламасына қатысушылардың желілік бағдарламалары, MEVLANA, Erasmus+ халықаралық бағдарламалары және т.б.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

 Халықаралық аккредиттеу, ұлттық аккредиттеу.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Туристік индустриясының Кәсіби стандарттары негізінде, жұмыс берушілердің қатысуымен, шетелдік серіктес университеттердің тәжірибесін және халықаралық білім кеңістігіне интеграциялану мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленді.
Жұмыс берушілер және қолданбалы/өндірістік тәжірибе негіздері:«Алматы қаласының Туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі; «KazTour» ЖШС; «Компас» туроператоры; «Фараб халықаралық агенттігі» ЖШС; «Dostyk Travel» ЖШС; Қазақстан туристік агенттіктерінің қауымдастығы; «Capital Tower Development» ЖШС The Ritz-Carlton, Алматы; «Достық» қонақ үйі АҚ, Алматы; ЖШС «QRS» Burger King Mega Park, Алматы; Алматы облысының туризм басқармасы; «Kazakh Tourism» ҰК АҚ; Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқа санаттары; Қазақстанның туристік қауымдастығы (ҚТА); Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы (KAGiR) және т.б.