8D05103 – Биофизика

Білім беру бағдарламасының атауы

8D05103 – Биофизика

Білім саласы

8D05 Жаратылыстану, математика және статистика

Дайындық бағыты

8D051 Биология және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

D080 Биология

БББ мақсаты

Қазіргі заманғы жаратылыстану мен биофизиканың негізгі принциптерін түсіндіруге қабілетті; қазіргі заманғы ғылыми ізденістің әдіснамасы мен заманауи медико-биологиялық эксперименталды құрылғылармен жұмыс істеуді білетін, биофизика мен биологияның жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеуге және интерпретациялауға қабілетті, осы білімді диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру кезінде одан әрі қолдану мақсатында және зерттеу объектісін барабар сипаттау негізінде дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға дайын, биофизиканың перспективті инновациялық бағыттарын дамытуға арналған проекциямен әдіснаманы таңдай алатын биофизика саласындағы жоғары білікті пәнаралық маманды сапалы даярлау. Биофизик-маман өзінің және басқа да ғылыми қызметінің қандай да бір өніміне баға береді және оның маңыздылығын анықтай алады, олардың жұмыс тілін пайдалана отырып, ғылыми пікірталастарда өзінің ғылыми пікірін дәлелді түрде бере алады және қорғай алады; жаңа перспективті құралдарды құру және өз нәтижелерін практикалық пайдалану және енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында зерттеудің қазіргі заманғы теориялық және эксперименттік әдістерін игеруге қатысуға дайын.

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттердің көлемі

180

Берілетін академиялық дәреже

«8D05103 – Биофизика» білім беру бағдарламасы бойынша философия ғылымдарының докторы

Оқытудың нәтижесі

Түлек осы бағдарламаны оқып шыққаннан кейін мынадай қабілеттіліктерге ие болады:

 

ON1. Биофизикалық процестерді жүйелі түсінігін көрсету, тірі жүйелердегі зерттелетін құбылыстардың физика-химиялық заңдылықтарын түсіндіретін теориялық жағдайларды дәйек келтіре отырып дәлелдеу;

ON2. Зерттелетін биофизикалық заңдылықтарды түсіндіретін жаңа теорияларды құру үшін ғылыми мәселелерді зерттеу және өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін өндіріске енгізу;

ON3. Биофизикалық зерттеулердің жаңа заманауи эксперименттік әдістерін әзірлеуге қатысу;

ON4. Зерттеу барысында туындайтын мәселелердің ғылыми мәнін анықтау және оларды шешу үшін биофизикалық процестер мен құбылыстарды талдау үшін тиісті физика-математикалық аппаратты қолдану;

ON5. Биофизикалық зерттеулер мақсатында диагностиканың заманауи эксперименттік әдістерін әзірлеу;

ON6. Заманауи мультимедиялық, ақпараттық - коммуникациялық технологиялар мен компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін, сондай-ақ биологиялық процестер мен құбылыстарды зерттеудің отандық және шетелдік тәжірибесін қолдану;

ON7. Өз бетінше зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін түсіндіру және ғылым мен өндірістің осы бағытын дамытуға жеке үлес қосу;

ON8. Жоғары оқу орындарында оқу сабақтарын жүргізе отырып, магистрлік және докторлық диссертацияларды басқаруды қамтамасыз ете отырып, тиісті оқу-әдістемелік құжаттамаларды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды әзірлей отырып, педагогикалық қызметті жүзеге асыра білу;

ON9. Тексеруге және бағалауға жататын мәселелер бойынша қызметті сипаттайтын зерттеулердің, құжаттардың, материалдардың ұсынылған нәтижелеріне талдау мен сараптама жасауды жүзеге асыру, сараптама мәні бойынша қорытындыларды тұжырымдау және негіздеу;

ON10. Өзінің құзыреттік саласында алынған жаңа идеяларды жинақтау және фактілерді сыни талдау, бағалау, өз зерттеулерінің нәтижелерін қалың жұртшылықпен талқылау қабілетіне ие болу;

ON11. Адам денсаулығы мен табиғатты қорғау принциптеріне, сондай-ақ кәсіби мақсаттарға жету үшін әріптестермен тиімді ынтымақтастық құру және тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасай білу;

ON12. Жоғары моральдық-этикалық нормаларды, нақты саладағы қызметті жүзеге асыру кезінде шығармашылық ойлауды сақтай отырып, шығармашылық бірегейлігін көрсету және өзінің кәсіби өсу мен даму траекториясын құру кезінде өзінің жоғары бәсекелестік қабілетін көрсету.

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/doctorate/speciality/1503

Академиялық қызмет

Биофизика мамандығы бойынша докторантура түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға қабілетті:

1. Ғылыми зерттеуші,

2. Зертхана маманы;

3. Мұғалім – биофизик,

4. Сарапшы

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте тиісті мамандандырылған зертханалар бар.

Практика базалары:

Адам және жануарлар физиологиясы ҒЗИ,

Онкология және радиология ҒЗИ,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Биология және биотехнология проблемары ҒЗИ,

Биологиялық, ауылшаруашылық бейіндегі ғылыми-зерттеу мекемелері және агроөнеркәсіптік орталықтар, диагностикалық және медициналық орталықтар.

«Керемет» СҚО орналасқан "Smart Health" диагностикалық медициналық орталығы

Алматы қ. лицейлері мен колледждері.

Кадрлық потенциал:

Мамандық бойынша даярлауды 15 оқытушы жүзеге асырады, оның ішінде:

ғылым докторлары – 6

ғылым кандидаттары – 9

мамандық бойынша ОПҚ дәрежелілігі. % – 100%

Атақтары бойынша 1 – ҚР ҰҒА академигі, 1 – ЖМ ҰҒА академигі, 3 – профессор; 9 – доцент; 6 – ғылым докторы; 9 – ғылым кандидаты.

Сабақтар 2 тілде (мемлекеттік және орыс тілдерінде) өткізіледі.

Барлық дәрістік курстарды оқуды тек ғылыми атағы мен дәрежесі бар оқытушылар ғана қамтамасыз етті.

Қазіргі уақытта кафедраның ОПҚ және оқу-көмекші қызметкерлерінің құрамы кафедраның барлық пәндері бойынша тиісті ғылыми-әдістемелік деңгейде жоғары тиімді сабақтар өткізуді қамтамасыз етеді.

Академиялық ұтқырлық ҚР ішінде және Халықаралық бағдарламалар (DAAD, ERASMUS және т.б.) бойынша жүзеге асырылады.

Ғылыми қызмет

Кафедраның ғылыми мектептері немесе ғылыми бағыттары:

Биофизика және биомедицина кафедрасында адам физиологиясы мен биофизикасы, жас ерекшелік физиологиясы мен еңбек физиологиясы, биологияны оқыту әдістемесі мен хронобиология бойынша зерттеулер жүргізіледі.

Кафедрада халықаралық деңгейде танылған ғылыми мектептер жұмыс істейді: профессор С.Т. Төлеухановтың хронофизиология бойынша мектебі және профессор В.М. Инюшиннің биофизика бойынша мектебі.

Халықаралық қызмет

Ғылыми мектептер немесе кафедраның ғылыми бағыттары (ғылыми жобалар):

Дрексел университеті (Филадельфия, АҚШ), Бен-Гурион университеті (Израиль), ММУ, Халықтар Достығы университеті, Томск Университеті (Ресей) және басқа да шетел университеттерімен халықаралық байланыс орнатылған.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Шетелдік жоғары оқу орындарының ұқсас бағдарламаларымен салыстыру жүргізілді:

Білім беру бағдарламасы Қазақстанның сұранысқа білім беру бағдарламаларының қатарына кіреді, ал оқылатын пәндердің көлемі мен тізбесі бойынша шетелдік бағдарламаларға ұқсас. Сабақ барысында іскерлік ойындар, тренингтер, сондай-ақ жеке және командалық жұмыс үйлесімі бар үздік заманауи білім беру әдістемелері қолданылады.

Білім беру бағдарламасының ерекшелігі пәндерді таңдау арқылы жеке оқу траекториясын құру мүмкіндігі болып табылады.