8D05106 – Тағам өндірісіндегі нанотехнология

Білім беру бағдарламасының атауы

8D05106 – Тағам өндірісіндегі нанотехнология

 

Білім саласы

8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика мен статистика

Дайындық бағыты

8D051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

D082 Биотехнология

БББ мақсаты

«Тағам өнеркәсібіндегі нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасы білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған, яғни:

- жаратылыстану ғылымдарының теориялық және әдістемелік негіздерін тереңдетіп зерттеуге, ғылыми салалар мен цифрлық технологиялардың білімі мен әдіснамасын жүйелі қолдану негізінде бионотехнология, тамақ өнеркәсібі және білім беру саласындағы инновациялық қызметке қабілетті болу;

- ғылымды дамытатын жаңа тұжырымдамалық білімді жасай білу;

- ғылыми пікірталастар, соның ішінде халықаралық ғылыми іс-шаралар аясында сарапшыларға ұсына білу.

Оқыту тілі

Қазақша/орысша/ағылшынша

Кредиттердің көлемі

180    

Берілетін академиялық дәреже

«8D05106 – Тағам өндірісіндегі нанотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Оқытудың нәтижесі

ON1. Тағам өнеркәсібінде қолданылатын наноматериалдар мен нанобұйымдардың құрамы, құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланысты талдап, салыстыру, сонымен қатар әртүрлі наноматериалдар жасау теориясы мен практикасы туралы білімдерін зерттеу әдістерінде көрсету.

ON2 Нанообъектілердің қаситеттері мен құрылымын зерттеуде, оны жақсарту және жаңа сипаттамаға қол жеткізу мақсатында жаңа әдіс тәсілдерді енгізу, нанобөлшектер мен наноөнімге тән қасиеттерін, оны зерттеу әдісі туралы мәліметтерді жүйелеу және жинақтау да ақпаратты талдау, оны ғылыми-практикалық қызмет процессі кезінде пайдалану.

ON3 Тағам өнеркәсібінде наноөнімдерді жасау кезінде сапалы, сенімділік пен шығын талаптарын, сондай-ақ мерзімдерді, өндірістің қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығын ескере отырып, ең тиімді шешім қабылдауға қабілеттілігі.

ON4 Тағам өнеркәсібіндегі қолданыстағы нанотехнологиялық процестерді және технологиялық сызбаларды, дайын өнімнің сапасын жақсарту, кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін арттыру, өндірістің экологиялық тазалығын арттырудағы процестерді оңтайландыру.

.ON5 Наноматериалдар мен нанотехнологияларды жетілдіру және құруда, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың жаңа құралдары мен әдістерін, жобалық құжаттаманы әзірлеуде, ғылыми зерттеулерді жүргізуде негізгі үрдісті басқару.

ON6 Сапаны бақылауға, шикізат пен дайын өнімнің қауіпсіздігіне қажетті көптеген зертханалық зерттеулерді өткізуде бионанотехнологиялар мен жаңа зерттеу әдістерін қолдана отырып, бионаноматериалдарды талдау

ON7 Бионанотехнология саласындағы зерттеулердің құқықтық негіздерімен, ғылыми-зерттеу қызметін реттейтін құжаттардың құқықтық базасымен, авторлық, нормативтік және технологиялық құжаттардың, патенттік және лицензиялық әдебиеттердің сақталуы жұмыстарымен жұмыс жүргізе білу.

ON8 ЖОО арналған бакалавриат және магистратура бағдарламасымен оқып жүрген студенттерге арналған оқу бағдарламасының жоспарын, дәріс, зерттеу және семинар сабақтарын беруге арналған оқу-әдістемелік ұсыныс жасау, белсенді оқу әдістерін пайдалана отырып, соның ішінде нанопроцесс моделдерін жасаудағы сабақтар мен мастер-класстар өткізу.

ON9 Ғылыми мақалаларды, бионанотехнологиялық процестерді жариялау мүмкіндігі бойынша, "Биотехнология", "Нанотехнология" мамандықтары үшін бакалавриаттың, магистратураның білім беру және жұмыс бағдарламаларын бекіту бойынша, сондай-ақ пәнаралық жұмыстарды қарастыру кезінде сараптау комиссиясының мүшесі болу.

ON10  Кәсіби қызметті жетілдіру үшін теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қолдана отырып, бионанотехнология саласындағы өзекті мәселелер мен проблемаларды анықтау үшін ғылыми жарияланымдарды сыни тұрғыдан бағалауды және наноматериалдардың, наноконструкциялардың және олардың биоқондырғыларының ықтимал уыттылығын ескере отырып технологиялық процестерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізе білу.

N11     Азық-түлік өнімдерін өндіруге арналған өсімдіктер мен жануарлардың негізінде шикі заттың сапасын бақылауды жүзеге асыра білу.

ON12 Оқу және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін мамандарға да, маман емес мамандарға да қол жетімді түрде жазбаша және ауызша түрде ғылыми есептер, рефераттар, тезистер, мақалалар, презентациялар, оқу-зерттеу және ғылыми жобалар және т. б. түрінде көрсете білу, командада жұмыс істеу, ғылыми зерттеулердің жаңа идеяларын жасау және рәсімдеу, импакт-факторлы рецензияланатын журналдарда мақалаларды жариялауға дайындау.

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/doctorate/speciality/1521

Академиялық қызмет

Академикаық іс-шаралар – университет басшылығы мен профессорлық-оқытушылар құрамының бірлескен жұмысы, яғни, жоғары кәсіби білімі бар, жаңа ғылыми білімдерді өндіруге арналған құзыреттерді қамтыған, болашақ маманды тәрбиелеу.

Ғылыми қызмет

Ғылыми қызметі – тағам өнеркәсібінде нанотехнологияларды қолдану саласындағы зерттеулер.

Халықаралық қызмет

алдағы уақытта басқа да шетелдік жоғары оқу орындарымен магистранттар мен докторанттар алмасу жоспарлануда.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Қызмет саласы: D082 – Тағам өнеркәсібіндегі нанотехнология; 8D05106 – Тамақ өнеркәсібіндегі нанотехнология: Биотехнологиялық және биомедициналық өнеркәсіп, гендік инженерия, нанобиотехнология, молекулалық модельдеу негіздерінің заманауи түсініктерді іздеу, ғылыми-зерттеу саласында өрістік және зертханалық биологиялық жұмыстарды орындау үшін заманауи аппараттар мен жабдықтарды пайдалану.