7M05110 – Тағамдық биотехнология

Білім беру бағдарламасының атауы

7M05110 – Тағамдық биотехнология

Білім саласы

7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

7М051 Биологиялық және сабақтас ғалымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

М082 Биотехнология

БББ мақсаты

Ғылыми-зерттеу институттары мен тамақ өндірісі үшін жоғары білікті мамандарды дайындау. Білім беру бағдарламасын іске асыру мыналарға қабілетті маманның тұлғасын қалыптастыруға бағытталған:

  • ·         заманауи әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, тамақ биотехнологиясы саласындағы кәсіби міндеттерді, өндірістік міндеттерді шешу;
  • ·         тағамдық технологияларда ферментативті және микробиологиялық процестерді, гендік инженерия әдістерін қолдану;
  • ·         тағам комбинаторикасының жаңа зерттеу әдістерін қолдана отырып, өндірісті бақылау;
  • ·         азық-түлік қауіпсіздігінің ағымдағы жағдайын бағалау, шикізат пен дайын тамақ өнімдерінің сапасына бақылау жүргізу;
  • ·         тағамдық биотехнологиядағы технологиялық жетістіктерді талдау.

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

«7M05110 - Тағамдық биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Оқытудың нәтижесі

Түлек осы бағдарламаны оқып шыққаннан кейін мынадай қабілеттіліктерге ие болады:

 

ON1. Көпөлшемді статистикалық анализ әдісін, соның ішінде факторлы және кластерлі анализ негіздерін талдау.

ON2. Өнімдерді өндіруде биотехнологиялық процесстердің талаптары мен факторларын басқаруға.

ON3. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірістік процестердің ұйымдастырылу принциптерін және шығарылып жатқан өнімдердің номенклатурасын сипаттау.

ON4. Энергия құндылығы, макро- микроэлементтердің құрамы бойынша адамдардың тамақтану рационын меңгеру.

ON5. НАССР және тағамдық өнеркәсіптің халықарлық стандартына сәйкес тағамдық өнімдердің стандарттау және сертификаттаудың негізгі принциптерін бақылау.

ON6. Сериялы және массалы өндірістің аппараттары мен машиналарын, процестің техникалық есептелуі мен технологиялық құралдарының жетілдірілуі бойынша олардың биофизикалық процестерінің орындалу мен есептеу алгоритмдерін модельдеу.

ON7. Денсаулық сақтау органдарымен көрсетілген гигиеналық талаптарға сай тағамдық және хошиістендіргіш қоспалардың қолданылуы мен жаңа шикізат көздерінің және дайын тағамдық өнімдердің гигиеналық қауіпсіздігін анықтаудың тиісті жолдарын салыстыру.

ON8. Қолданушылардың көзқарасымен жаңа өнімдердің оргонолептикалық көрсеткіштерін және жеке ұлттардың тамақтануындағы дәстүрлі және ұлттық ерекшеліктерін бақылауға; қолданушылар үшін негізгі нутриент құрамды және сақтау тұрақтылығы бойынша өнімдерді теңдестіруге.

ON9. Стандартты және сертификатталған тәжірбиелер базасында шикізат, жартылай фабрикат және дайын өнімдердің сапасының эффективті жүйесін ұйымдастыру.

ON10. Лабороториялық және өндірістік шарттарда заманауи технологиялық құрал-жабдықтардың кәсіби эксплуатациясына қабілетті болу.

ON11. Базалы ақпараттар әдісімен экспериментальді зерттеулерді өңдеу жұмыстарын жүргізу.

ON12. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың қолданылуымен және интелектуальді меншік обьектілерін қорғауға қойылатын талаптарды ескере отырып ғылыми-техникалық есептер, үлгілер, ғылыми есептер және публикациялар негізінде   орындалған жұмыстардың нәтижелерін ұсыну.

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1778

Академиялық қызмет

Қазіргі уақытта "Биотехнология" кафедрасының ұжымында 12 ғылым докторы, 20 ғылым кандидаты және 13 PhD белсеңді жұмыс атқаруда. Олар келесі салаларда белсенді ғылыми жұмыстар жүргізуде:

  • ·         Биоэнергетика және Фототрофты микроорганизмдердің биотехнологиясы.
  • ·         Экологиялық биотехнология, биохимия, өсімдіктер физиологиясы.
  • ·         Биоинформатика, геномика, протеомика.
  • ·         Карбонизацияланған сорбенттердің эфферентті қасиеттері.
  • ·         Альгология, микробалдырлар негізінде БАВ. Тамақ биотехнологиясы.
  • ·         Топырақ микроорганизмдерінің физиологиясы, ластанған топырақтың биоремедиациясы.
  • ·         Пробиотикалық биотехнология. 

Ғылыми қызмет

Кафедрада іргелі және қолданбалы бағыттағы ғылыми зерттеулер белсенді жүргізілуде. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін кафедрада төмендегідей зертханалар бар:

-          «Фатобиотехнология» зертханасы;

-          «Микроорганизмидер экологиясы» зертханасы;

-          «Жалпы микробиология» зертханасы;

-          «Биохимия» зертханасы;

-          «Өсімдіктер физиологиясы» зертханасы;

-          «Биоинформатика» зертханасы

Халықаралық қызмет

«7М05110 – Тағамдық биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша серіктес ЖОО ISA Lille High Engineering school, Франция

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер мыналар болып табылады:

  1. «Компания Фудмастер» АҚ;
  2. «VIVA Pharm» ЖШС;
  3. «САУТС-ОЙЛ» ЖШС;
  4. «Carlsberg» ЖШС;
  5. «Биологии және биотехнология ғылыми-зерттеу институты»;
  6. Жалпыға білім беру, арнайы және жоғары оқу орындары;
  7. «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС,
  8. KazEcoSolutions ЖШС;
  9. «Антиген ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС;
  10. «Eurasian Foods Corporation» АҚ ;
  11. «Raimbek Bottlers» ЖШС.