7М05107 – Генетика (1,5 жыл)

Білім беру бағдарламасы

7М05107 – Генетика (1,5 жыл)

Білім саласы

7М05 – Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

7М051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламасының тобы

М081 - Генетика

БББ мақсаты

Бағдарлама жалпы және молекулярлық генетика саласындағы кәсіптік білімі бар, далалық және зертханалық жағдайларда генетикалық зерттеулер жүргізудің практикалық дағдылардымен бәсекеге қабілетті; биология, биомедицина, биотехнология, экология, археогенетика, криминалистика және генетик маманның білімі мен дағдыларын талап ететін кәсіби қызметтің басқа салаларында тәжірибелік міндеттерді орындауға қабілетті маманды даярлауға бағытталған.

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттердің көлемі

90

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқыту нәтижелері

ОН1 - Организмнің іргелі қасиеттерінің - тұқым қуалаушылық және өзгергіштіктің, дамудың молекулалық, клеткалық, организмдік деңгейлерінде қалыптасуының генетикалық заңдылықтарын талдау;

ОН2 - Генетикалық талдау, генетикалық және хромосомалық инженерия, археогенетика, генофонд пен табиғи жүйелерді сақтау   қағидаттарын кәсіби қызметінде қолдану;

ОН 3 - Іргелі және қолданбалы генетика үшін тәжірибелік зерттеуде объективті нәтижелер алу мақсатында жалпы және молекулалық генетиканың жоғары ақпараттық әдістерін қолдану;

ОН 4 - Кешенді, сонымен бірге, пәнаралық зерттеулердің жобаларын құрастыру және оларды енгізу;

ОН 5 - Зерттеу және өндірістік қызметті тиімді орындау және орындалатын жұмыстардың сапасына жауапты болу;

ОН 6 - Әр түрлі деңгейдегі конференциялар мен семинарларда ғылыми және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін көрсету және талқылау;

ОН 7 - Этикалық және құқықтық нормаларды құрметтеу және биоэтика қағидаларын ұстану барысында ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстарды орындау;

ОН 8 - Үздіксіз өз-өзімен білім алу негізінде болашақ кәсіби мансапты жобалауды жүзеге асыру; команданың корпоративтік рухын қолдау.

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1810