Ынтымақтастық ­көкжиегі кеңеюде

02.10.2019

Көрулер: 3166

Әл-Фараби атындағы ҚаҰУ-ға Венгрия ректорлары конференциясының құрметті президенті, доктор Габор Кестели-Сабо бастаған делегация келді.

Венгерлік қонақтар ахуалдық басқару орталығына, бизнес құзыреттілікті дамыту кластеріне және университет мұражайына барды. Жоғары оқу орнының басшылығымен кездесу барысында ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары атап айтқанда, студенттер үшін бірлескен жазғы мектептер ұйымдастыру, бакалаврлар, магистранттар және докторанттармен алмасуды арттыру қажеттілігі, ғылыми-зерттеу тағылымдамалар мүмкіндігі, әріптестік докторлық бағдарламалар жүргізу, соның ішінде инновациялық әзірлемелер саласында, академиялық ұтқырлықты дамыту мәселелері талқыланды.

Венгрия ректорларының конференциясы қоғамдық ұйым болып табылады, онда мемлекеттің жоғары білім берудің барлық жүйесі ұсынылған.

"Біз ҚазҰУ басшылығын ағымдағы жылдың желтоқсан айында Будапештте өтетін ректорлар Форумына шақырамыз. Венгерлік жоғары оқу орындарымен жеке қарым-қатынас жасау, тәжірибе алмасу және білім беру кеңістігіндегі өзара қарым - қатынасты нығайту, бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларға жаңа мазмұн беру мүмкіндігі ұсынылады",-деп атап өтті Кестели-Сабо мырза.

Айта кету керек, ҚазҰУ Венгрияның 7 жоғары оқу орнымен жұмыс істейді, Эразмус+ аясында Шопрон университетімен жұмыс жалғасуда.

 

www.kaznu.kz