Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы


Ибрашев Жарас Умарович

– тарих ғылымдарының докторы, халықаралық қатынастар және ҚР-ның сыртқы саясаты кафедрасының профессоры. Жетекші ғалым ретінде, ол халықаралық қатынастар, еуропалық интеграция мәселелері бойынша ғылыми зерттеулермен айналысады. Ол 35 ғылым кандидаттарын, 10 ғылым докторларын дайындап шығарды. Ж:У. Ибрашевтың ғылыми еңбектері ғаламдануды және интеграцияны, көпжақты және ұжымдық дипломатияны, еуропалық интеграцияның әр түрлі аспектілерін зерттеуге арналған. Ж.У.Ибрашевтың Францияның ғылыми зерттеу орталықтарымен ғылыим байланысы бар. Ол Ренн-1 (Франция) университетінің құрметті профессоры.

Осы үрдісті жүзеге асыруда Қазақстанда «халықаралық қатынастар мектебінің» негізін салған Ж.У.Ибрашевпен қатар, өзінің оқытушысының алғашқы және де талантты жолын қууышылар халақыралық қатынастар және ҚР-ның сыртқы саясаты кафедрасының жетекші ғалымдары да үлкен үлес қосуда.

Губайдуллина Мара Шаукатовна – тарих ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық қатынастар және саяси ғылымдар саласының маманы. Оның ғылыми зерттеулерінің аясына халықаралық қатынастар, Европадағы, Орталық Азиядағы және әлемдегі интеграциялық үдерістер, Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің сыртқы саясаты кіреді. М:Ш. Губайдуллинаның 150-ден астам жарық көрген еңбектері бар.

Кукеева Фатима Тураровна -отандық тарихнамада американдық бағыттың негізін қалаушылардың бірі. Ф.Т. Кукеева АҚШ университеттері және ғылыми орталықтарымен (Валдост мемлекеттік университеті, Алабама мемлекеттік университеті, Вандербильт университеті және т.б.) байланысы бар. 100-ден аса ғылыми еңбектері бар.

Байзакова Куралай Иртысовна халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты саласындағы жетекші мамандардың бірі болып табылады. Оның ғылыми қызығушылықтары – еуропалық интеграция жағдайында Францияның сыртқы саясаты, Орталық Азия елдеріне тәжірибені зерттеу аясында аймақтық интеграция және аймақтық қауіпсіздік мәселелері болып табылады