Білім беру бағдарламалары

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

ПАСПОРТЫ

                     ___________________ 6B042_ _ Құқықтану ___________________

(Білім беру бағдарламасының коды және атауы)

 

1. Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

Тіркеу нөмірі

 

Білім беру саласының коды және жіктелуі

6В04 – Бизнес, басқару, құқық

Дайындық бағыттарының коды мен жіктелуі

6В042 – Құқық 

Білім беру бағдарламасының атауы

6B042_ _ – Құқықтану 

Кадрларды даярлау бағытына арналған лицензияға қосымшаның болуы

1.1 ББ Мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты «6B042_ _ – Құқықтану» мамандығы бойынша бакалаврларды кәсіби қызмет саласында теориялық-құқықтық білімді және оларды тәжірибелік іске асыру дағдыларын белсенді меңгеруді болжайтын практикалық-бағдарлы тәсіл негізінде дайындауды қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жоғары кәсіби және жеке қасиеттерге ие заңгер – маманды қалыптастыруға бағытталған, бұл оған еңбек нарығында басым сұраныс пен тұрақты бәсекеге қабілеттілікті және мемлекеттік басқару жүйесінде, құқық қорғау қызметінде, сондай-ақ азаматтық қоғамның маңызды салаларында өзін-өзі жүзеге асырудың кең мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

1.2 ББ негізгі көрсеткіштері 

ББ түрі: бакалавриат

ББ мерзімі: 4 жыл 

Оқыту түрі: күндізгі

Еңбек сыйымдылығы: 240 академиялық кредит

Берілетін дәреже: «6B042_ _ – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр

ББ түрі: Қолданыстағы ББ

1.3 Білім беру қызметтері нарығында позициялау тұрғысынан ББ артықшылықтары мен айрықша ерекшеліктерінің сипаттамасы

ББ айрықша ерекшеліктері: «6B042_ _ – Құқықтану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы еңбек нарығында түлектердің сұранысқа ие болуы, олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің саны, ҰБ орташа ұпайы бойынша «Құқықтану» бағыты бойынша Қазақстанның үздік білім беру бағдарламаларының қатарына кіреді. «6B042_ _ – Құқықтану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы халықаралық кәсіби стандарттарға сәйкес келеді.

«6B042_ _ – Құқықтану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін іске асырудың мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, студенттерді дайындау сапасын бағалауды реттейді. Білім беру бағдарламасы модульдік қағида және құзыреттілік тәсіл негізінде қалыптасатын негізгі оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады. Жоспар циклдер мен пәндерді, сондай-ақ тиісті құзыреттілікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін практикаларды меңгерудің логикалық жүйелілігін көрсетеді. Модульдер міндетті және таңдау компоненттерін қамтитын жалпы білім беретін, базалық, бейіндеуші пәндердің блоктарына топтастырылған.

ББ аккредитациясының болуы: «6B042_ _ – Құқықтану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы 2015 ж. FIBAA Агенттігінің халықаралық аккредиатциясынан және 2016 ж. ұлттық аккредитациядан сәтті өтті.

ББ материалдық техникалық базасы:

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте мынадай дәрісханалар бар: ойын процестерін өткізу үшін сот отырысы залына жабдықталған аудиториялар; электронды презентацияларды көрсетуге мүмкіндік беретін дәріс залдары; ЖК жабдықталған және Интернетке қолжетімділікпен жабдықталған кабинеттер; проекциялық-компьютерлік жүйемен жабдықталған және ЖОО-ның жергілікті желісі мен Интернет желісіне қосылған компьютерлік сынып.

Кадрлық әлеуеті: «6B042_ _ – Құқықтану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының пәндерін танымал профессорлар мен академиктер оытады: 29 заң ғылымдарының докторы, 50 заң ғылымдарының кандидаты және 16 PhD докторлары, соның ішінде «ЖОО үздік оқытушысы» грантының 17 иегері, дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның 10 лауреаты, мемлекеттік марапттардың 7 иегері.

Тәжірибеден өту базалары: «6B042_ _ – Құқықтану» мамандығы бойынша Білім беру бағдарламасының тәжірибеден өту базалары мыналар:  

- барлық деңгейдегі атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдар жүйесі;

- барлық деңгейдегі заң шығарушы биліктің орталық және жергілікті органдар жүйесі,

- түрлі құзыретті және юрисдикциялы орталық және жергілікті сот органдары;

- Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары;

- прокуратураның орталық және жергілікті органдары;

- мемлекеттік және жеке адвокатура органдары;

- нотариат органдары;  

- ұлттық қауіпсіздік органдары;

- халықаралық сот органдары және институттар мен құқық қорғау ұйымдары;

- мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпорындар кешені (фирмалар, компаниялар, банк және коммерциялық және коммерциялық емес   өзге қызметті жүзеге асыратын мекемелер).

Академиялық ұтқырлық: Академиялық ұтқырлық пен халықаралық ынтымақтастық аясында, студенттер шетелге оқуға жөнеліп, тәжірибеден өте алады: РФ ІІМ БҒЗИ ҒЗО-1 (Ресей Федерациясы), Рига техникалық университеті (Латвия Республикасы), Алтайская Экономика және құқық академиясы (Ресей Феерациясы), А.С. Грибоедов атынағы Халықаралық құқық және экономика институты (Ресей Федерациясы); Ж.Баласағұн атындағы қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғызстан); Орталық-Еуропалық университет (Венгрия); РФ басқару академиясы (Ресей Федерациясы); Шығыс құқық институты (Германия); г. Алматы қ. ЕҚЫҰ орталығы, МОТ, ЮСАИД өкілдігі; М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы), Т. Шевченко атындағы Киев Университеті (Ресей Федерациясы), Молдавия Мемлекеттік Университеті (Ресей Федерациясы), Берлин Еркін Университеті (Германия); Синьцзян педагогикалық университеті (ҚХР).

2. Оқыту нәтижелері форматындағы біліктілік талаптары

2.1 ББ оқытудан күтілетін нәтижелер

Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін студенттер қабілетті болады деп күтілуде:

ON1. Мемлекет пен құқықтың мәні мен формасын түсіндіру; жалпы құқықтық категорияларды талдау; әртүрлі елдердің мемлекеті мен құқығының пайда болуы мен даму процестерін бағалау; Шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фараби мен Абайдың ғылыми-философиялық мұрасы туралы түсінік қалыптастыру; тірі организмдердің тіршілік ету ортасымен өзара әрекеттесу заңдылықтарын бағалау; іскерлік ортадағы инновациялар туралы идеяларды қалыптастыру.

ON2. Конституциялық, әкімшілік, әкімшілік-рәсімдік процестік құқығының ерекшеліктерін түсіндіру; мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының жұмыс істеу процесін түсіндіру; мемлекеттік аппараттың тиімділігін, мемлекеттік органдардың құзыреттілігі критерийлерін бағалау; муниципалды органдардың дамуы мен жетілдіру жолдарын анықтау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық тәжірибесін бағалау.

ON3. Адам құқықтарын жіктеу; әр түрлі елдердегі адам құқықтарын қорғау тетіктерін салыстыру; билер сотының маңызын анықтау; ақпараттық құқықтың ерекшеліктерін және заңнамада цифрлық технологияларды қолдануды түсіндіру; киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін анықтау; қазіргі заманғы мемлекет функциялары туралы тұтас көріністі қалыптастыру.

ON4. Бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қорғаудың сот және соттан тыс рәсімдерінің ерекшеліктерін анықтау; азаматтық іс жүргізудің процессуалдық ережелерін саралау; нотариаттық жүйенің ерекшеліктерін түсіндіру; интеллектуалдық меншік құқығының заңды тұжырымдамаларымен және санаттарымен жұмыс жасау; төрелік және медиация институттарын пайдалану арқылы дау мен жанжалды шешудің баламалы тәртібі мен ерекшеліктерін бағалау және түсіндіру.

ON5. Еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын мәселелер бойынша білікті заңдық қорытындылар дайындау; еңбек қауіпсіздігі мен қауіпсіздігінен туындайтын құқықтық мәселелер мен қақтығыстарды шешу; корпоративтік құқықтың ерекшеліктерін түсіндіру; әлеуметтік қамсыздандыру құқығын түсіндіру; отбасы құқығындағы даулы (жанжалды) жағдайларды шешу дағдыларына ие болу.

ON6. Азаматтық құқықтың құқықтық түсініктерімен және категорияларымен жұмыс жасау; конракт және кәсіпкерлік құқық нормаларын салыстыру; ұлттық және халықаралық жеке құқық нормаларын бағалау; кәсіпкерлік құқықтың ерекшеліктерін түсіндіру; азаматтық-құқықтық нормаларды сыни тұрғыдан талдау дағдыларын көрсету; азаматтық-құқықтық мәселелер бойынша өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын меңгеру; азаматтық іс жүргізу мәселелері бойынша құқықтық тәжірибені жалпылауға негізделген ғылыми негізделген тұжырымдарды әзірлеу.

ON7. Экологиялық заңнаманың құқықтық нормаларын түсіндіру және дұрыс қолдану; жер құқығы институттары мен заңнаманың құқықтық мазмұнын, олардың ерекшеліктерін, жер заңнамасы құқықтық актілерінің мазмұнын талдау және олардың ережелерін тәжірибеде қолдану; аграрлық құқықтық қатынастарды талдау және саралау; тау-кен құқықтық қатынастары саласындағы қолданыстағы халықаралық және ұлттық заңнаманың тиімділігін талдау, өз көзқарасын дәлелдеп негіздеу; Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жағдайында су заңнамасын жетілдіруді түсіндіру және қолдану; энергетикалық құқық саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге талдау жасау.

ON8. Бизнес, қаржы, мемлекеттің қаржы қызметі, қаржылық дауларды шешу, халықаралық және ұлттық қаржы саясаты, қаржы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік саласында қалыптасқан қатынастарды құқықтық реттеу саласындағы қазіргі заманғы қолданбалы тәсілдерді білу мен түсінуді көрсету; тәжірибелік жағдайға және сақтандыру шартын тиісті жасасуға байланысты сақтандыру бағдарламасын оңтайлы таңдау; бюджеттік бақылауды және мемлекеттік бюджет аудитін жүзеге асырудың техникасы мен ұйымдастырылуын түсіну;   Қазақстанның банк секторындағы ұлттық экономикалық мүдделерін түсіну және қорғау; салық заңнамасын түсіну және түсіндіру; әлемдік қаржы жүйесіндегі халықаралық құқық тәртібін реттеу мәселелері бойынша білікті заң қорытындылары мен консультацияларын беру.

ON9. Кеден құқығы саласындағы ақпаратты жинау, талдау, жүйелеу және қорыту дағдыларын көрсету; кәсіби қызмет мәселелері бойынша анықтамалар мен талдамалық шолуларды іздеу және дайындауды жүзеге асыру, кеден ісі саласында құжат айналымын жүргізу; кәсіби қызметте ақпараттық кедендік технологияларды пайдалану; қабылданған моральдық және құқықтық нормалар, әлеуметтік стандарттар негізінде әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеттілік; адамдарға деген құрметті, басқа мәдениетке төзімділікті, әріптестік қатынастарды қолдауға дайындығын көрсету; халықаралық қатынастарды құқықтық реттеу үшін қолданылатын заңдарды білу негізінде құқықтық мәселелерді шешудің оңтайлы нұсқаларын жіктеу; инвестициялау саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды талдау, түсіндіру және дұрыс қолдану.

ON10. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және оларды шешу саласында туындайтын жағдайлар кезінде жедел-іздестіру қызметінің, прокуратура органдарының, адвокатураның, қылмыстық іс-жүргізу құқығының, қылмыстық-атқару құқығының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді талдау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасын бағалау және криминологияның қазіргі заманғы жетістіктерін ескере отырып, криминологиялық маңызы бар құбылыстарды, олардың детерминациясы мен даму үрдістерін талдау

ON11. Қылмыстық құқықтың, криминологияның, қылмыстық-атқару құқығының теориялық және практикалық проблемаларын бағалау және диагностикалау, оларды шешу жолдары мен тәсілдерін тұжырымдау, техникалық-криминалистикалық құралдар мен әдістерді талдау, оқиға болған жерді қарау кезінде жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалистикалық және өзге де есепке алу нысандарын пайдалану және қылмыстық-процестік құқықтағы тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде техникалық тәсілдерді жоспарлау.

ON12. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды және тергеп-тексеруді жетілдіру бойынша ұсынымдар мен әдістемелер әзірлеу, даулы мәселе бойынша шешімдер қабылдау және қылмыстық-құқықтық саладағы проблемалық жағдайларды шешу жолдарын табу, сондай-ақ криминалистика саласындағы техникалық-криминалистикалық құралдар мен әдістерді қолдану, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды және қалпына келтіруді сақтай отырып, прокуратура, адвокатура органдарының қызметін атқарылған жұмыс қорытындылары бойынша есептер түрінде баға беру.