Докторантура

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

ПАСПОРТЫ

 8D042_ _ - Құқықтану

_________________________________________

(Білім беру бағдарламасының коды және атауы)

 

1. Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

Тіркеу нөмірі

 

Білім беру саласының коды және атауы

8D04 Бизнес, басқару және құқық

Даярлау бағытының коды және атауы

8D042 _ _ Құқық

Білім беру бағдарламасының коды және атауы

8D042­_ _ - Құқықтану

Кадрлар даярлау бағыты бойынша лицензияға қосымша

1.1 ББ мақсаты

Конституциялық және әкімшілік құқықты дамытудың жаңа бағыттарын анықтауға қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау; құқық теориясы және адам құқықтарын қорғау саласында жаңа құқықтық идеяларды генерациялау; жалпы құқықтық жүйені зерттеудің қазіргі заманғы технологияларын пайдалану; адам құқықтарын қорғау саласында заңнаманы және құқықтық практиканы жетілдіру үшін ғылыми ұсынымдар әзірлеу; медиация институтын пайдалана отырып, құқық идеялары мен ережелері негізінде даулы жағдайларды шешуде шешім қабылдай білу және өзіне жауапкершілік алу

1.2 ББ негізгі көрсеткіштері

БББ типі: докторантура

БББ мерзімі: 3 жыл

Оқыту нысаны: күндізгі

Еңбек сыйымдылығы: 180 академиялық кредит

Берілетін дәреже:   доктор PhD      

8D042 Құқық, 8D042-Құқықтану                       

БББ түрі:

Қолданыстағы БББ

1.3 Білім беру нарығында ББ артықшылықтары мен ерекшеліктерін сипаттау

 

БББ материалды-техникалық базасы:

  1. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте зертханалар бар;
  2. Қылмысқа қарсы күрес мәселелері орталығы;
  3. «Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау» ғылыми зерттеу орталығы
  4. Құқықтық тәрбие орталығы;
  5. Экологиялық қауіпсіздік және табиғатты пайдалану құқығы орталығы;
  6. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін зерттеу орталығы;
  7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар ҒЗИ;
  8. Медиация орталығы. 
  9. Кадрлық әлеует:

90 адамнан тұратын профессорлық-оқытушылық құрам төрт кафедраға шоғырланған. ПОҚ құрамында ҚР ҰҒА академигі, з.ғ. д., профессор С.С. Сартаев, сонымен қатар сабақтарды белгілі ғалымдар өткізеді: 29 заң ғылымдарының докторы, 50 заң ғылымдарының кандидаты және 15 PhD докторы. Олардың ішінде 18-і «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері, 10-ы талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның лауреаты, 10 мемлекеттік марапаттың иегері бар. Оқытуды шетелдік профессорлар мен практикалық қызметкерлер жүзеге асырады. Докторанттарды дайындауға жұмыс берушілердің өкілдері белсенді қатысады: Парламент, Үкімет, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, ІІМ, әділет органдары, адвокатура және Нотариат органдары.

Оқыту үдерісі жаңа әдістемелерді қолдана отырып, үш тілде жүзеге асырылады. Ең үздік заманауи білім беру әдістемелері пайдаланылады, олардың ішінде ойын сот процестері, іскерлік ойындар, тренингтер, сондай-ақ жеке және командалық жұмыс үйлесімі.

Практика базалары:

- ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы

- барлық деңгейдегі орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының жүйесі,

- барлық деңгейдегі заң шығарушы биліктің орталық және жергілікті органдарының жүйесі,

- әртүрлі құзырет пен юрисдикциядағы орталық және жергілікті сот органдары,

- Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары,

- прокуратураның орталық және жергілікті органдары,

- мемлекеттік және жеке адвокатура органдары,

- нотариат органдары;

- Ұлттық қауіпсіздік органдары,

- халықаралық сот органдары және институттар мен құқық қорғау ұйымдары,

- коммерциялық қызметті және коммерциялық емес қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпорындар кешені (фирмалар, компаниялар, банктік және басқа мекемелер).          

Академиялық ұтқырлық

Докторанттар үш ай бойы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына ғылыми тағылымдамаға баруға мүмкіндігі бар. Ресей Федерациясы, Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания, Польша университеттерімен докторанттарды дайындау бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісім-шарттар бар. Докторанттардың ғылыми кеңесшілері ҚР және алыс шетелдердің жетекші ғалымдары болып табылады. Шетелдік ғылыми кеңесшілер кеңес беру үшін және семестр бойы оқу сабақтарын жүргізу үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келеді.

Кафедраның ғылыми мектептері немесе ғылыми бағыттары (ғылыми жобалар)

Келесі бағыттар бойынша ғылыми мектептер бар: теориялық-құқықтық (профессор Ибраева А. С.); тарихи-құқықтық (профессор Усеинова Г. Р.); қылмыстық-құқықтық (профессор Джансараева Р. Р.); қылмыстық - криминалистикалық (профессор Тапалова Р. Б.); азаматтық-құқықтық (профессор Тыныбеков С. Т.); зияткерлік-құқықтық (профессор Жетпісбаев Б. А.); конституциялық-құқықтық (профессор Баймаханова Д. М.); мемлекеттік басқару мектебі (профессор Кенжалиев З. Ж.); әлеуметтік-құқықтық (профессор Абайдельдинов Т. М.); экологиялық-құқықтық (профессор Байдельдинов Д. Л.); қаржы-құқықтық (профессор Жатқанбаева А. Е.); кедендік-құқықтық (профессор С. Әлібеков).   Заң факультетінде жеті ғылыми орталық жұмыс істейді.

Докторанттар Қазақстан Республикасының БжҒМ қаржыландыратын ҒЗЖ орындауға мынадай бағыттар бойынша белсенді қатысады: еңбек заңнамасы және мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қамтамасыз ету; қазақстандық қоғамның құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру; қылмыстық құқық және криминалистика; Кәсіпкерлік құқық және зияткерлік құқық; Азаматтық құқық, іс жүргізу құқығы, адвокатура және нотариат.   Сонымен қатар докторанттар басқа көздерден қаржыландырылатын ғылыми жобаларды орындауға, ғылыми-практикалық конференциялар мен теориялық семинарларды ұйымдастыруға, монографияларды, ғылыми мақалалар мен баяндамаларды дайындауға және жариялауға қатысады. Диссертациялық зерттеулерді дайындау барысында докторанттар шетелдік жетекші ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының ғылыми кітапханаларында жұмыс істеу үшін шетелге шығады.

Шетелдік жоғары оқу орындардың ұқсас бағдарламаларымен салыстыру

8D042_ _ - Құқықтану мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Англияның, АҚШ-тың, Германияның, Францияның, Ресейдің шетелдік жоғары оқу орындарының ұқсас бағдарламаларына бағдарланған.

2. Оқыту нәтижелері форматында біліктілік талаптары

 

2.1  ББ бойынша күтілетін нәтижелер

Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:

NO 1. Құқық пен мемлекеттің дамуының және қызмет етуінің басты заңдылықтарының жүйелі түсінігін көрсету; жалпы Қазақстанның құқықтық жүйесінің дамуын сыни талдау; философиялық санаттарға негізделген жаңа құқықтық идеяларды дәлелдеу және синтездеу; құқық түсінудің ғылыми мектептерін саралау; құқықтық практика үшін құқық түсінудің әртүрлі тұжырымдамаларының мәнін бағалау.   Әлеуметтік ғылымның жаңа жетістіктерін ескере отырып, мемлекет пен құқықтың мәнін, қызмет етуін және одан әрі дамуын талдау және бағалау.

NO 2. Медиация институты негізінде дауларды баламалы реттеу жүйесі ретінде әлеуметтік жанжалдарды шешудің жаңа тәсілдерін жасау, әзірлеу және бейімдеу. Конфликтілі құқықтық қатынастардың түрлерін сыни бағалау және саралау, әлеуметтік конфликтілердің алдын алуда құқықтың рөлін анықтау; әлеуметтік конфликтілерді шешу үшін құқықтық келісу рәсімдерін қолдану әдістемесін әзірлеу. Медиация институтының рөлі мен маңыздылығын анықтау, медиация институтын жетілдіру жолдарын анықтау; дауларды баламалы шешуді талдау және бағалау, татуластыру рәсімдері

NO 3. Азаматтық іс жүргізу құқығының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеу және түсіндіру; талап-арыз өндірісіне қатысты жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу; кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қорғау; іс жүргізушілік ынтымақтастық; іс жүргізушілік құқықтық мирасқорлық.

NO 4. Жергілікті қылмыстылықты талдау және жіктеу; латентті қылмыстың түрлерін бағалау, жіктеу және саралау; қылмыстың ғылыми проблемаларын әзірлеу; қылмыстың алдын алу тұжырымдамасын жасау.    

NO 5. ҚР кеден қызметі мен кеден саясатын зерттеу әдістемесіне негізделе отырып, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде заңнаманы бірегейлендіру процесін дамытудың негізгі теориялық және практикалық мәселелерін жүйелі түрде ашып, бағалау. Еуразиялық экономикалық одақ – ЕЭО елдерінің кедендік заңнамасын дамыту ерекшеліктерін жүйелі түрде түсіну.

NO 6. Азаматтық құқықтың тұжырымдамалық ережелерін жинақтау және топтастыру; білікті заң қорытындыларын әзірлеу және азаматтық заңнама мәселелері бойынша консультациялар жүргізу; ұлттық және шетелдік азаматтық заңнаманы салыстыру; азаматтық құқықтың ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеу және түсіндіру.

NO 7.   Конституциялық бақылау институтын сын тұрғысынан бағалау; Конституциялық процесс теориясын әзірлеу; мемлекеттік басқару саласындағы реформаларды бағалау; мемлекеттік басқаруға қатысты ұлттық және шетелдік заңнаманы салыстыру.

NO 8. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жаңғырту процестерін бағалау; зияткерлік меншік құқығын қорғау тетігін әзірлеу. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы саласындағы қазіргі заманғы ғылыми мектептердің әлемдік тенденциялары мен даму динамикасын сыни бағалау; Қазақстан Республикасының әлеуметтік-қамтамасыз ету заңнамасын жаңғыртудың құқықтық тәсілдеріне қатысты ғылыми ұстанымды түсіндіру және дәлелдеу. Зияткерлік меншік құқығын қорғау механизмін бағалау және сыни талдау; зияткерлік меншік құқығын қорғаудың теориялық және практикалық мәселелеріне қатысты диалог жүргізу; зияткерлік меншік құқығын құқықтық реттеудің одан әрі дамуын болжау.

NO 9. Халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың құқықтық мәселелерін жүйелі түрде талдау; халықаралық құқықтағы интеграциялық байланыстарды дамыту тетіктерін әзірлеу. Қазақстанның шет елдермен экономикалық қатынастарын құқықтық реттеудің перспективалық бағыттарын талдау және анықтау; ҚР шет мемлекеттермен халықаралық экономикалық ынтымақтастығының құқықтық негіздерін сыни бағалау;

NO 10. Жазалардың криминопенологиялық параметрлерін және олардың типтерін, криминалдық және криминопеналдық құбылыстарды жүйелі түсіну және жіктеу; қылмыстық сот ісін реформалау процестерін талдау. Инновациялық білім беру технологиялары мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып, оларды сыни тұрғыдан түсіну негізінде заң пәндері бойынша оқу сабақтарын және аудиториядан тыс жұмыстарды өткізу үшін оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу.

NO 11. Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық механизмін жетілдірудің негізгі бағыттарын жүйелі түсіну және осы негізде ҚР-да табиғатты қорғау қызметінің даму деңгейін бағалау; табиғатты қорғау қызметін құқықтық реттеу проблемалары бойынша ғылыми тұжырымдамаларды бағалау бойынша диалог жүргізу; халықаралық стандарттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық тетігінің даму үрдісін анықтау.

NO 12. Ғылыми пікірталастар мен жарияланымдарда, сондай-ақ ұлттық және халықаралық рецензияланатын басылымдарда талқылау үшін ғылыми нәтижелерді дәлелді және негізді түрде ұсыну. Құқықтық ғылым проблемаларын шешу үшін қоғамда дұрыс және төзімді өзара іс-қимыл жасауға, әлеуметтік өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа дайын болу.