БСҚБТА

1-ақп-18

Көрулер: 1690

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттіктің деректеріне сәйкес академиялық статистикалық көрсеткіштерді талдау, сарапшылардың бағасы және жұмыс берушілерден сұрау негізінде құрылған Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының 2018-ұлттық (бас) рейтингі жасалды.

 

2018 жылы Қазақстан ЖОО-ның ұлттық рейтингісіне көп салалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық және педагогикалық бағыттағы ЖОО, сондай - ақ өнер-барлығы 60 ЖОО қатысты.

 

ҚазҰУ білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттік (БСҚА) өткізетін жоғары оқу орындарының бас рейтингісіне және ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы өткізетін бакалавриат білім беру бағдарламаларының рейтингісіне қатысады. Сондай-ақ университет жоғары оқу орындарының тәуелсіз рейтингісіне НААР өткізетін мамандарды даярлау бағыттары мен деңгейлері бойынша қатысты.

 

Жоғары оқу орындарының бас рейтингі-2018 қорытындысы бойынша университет бірінші орынды иеленді. Оның ішінде "Менеджмент" кафедрасының мамандықтары да бар.