Кафедраның тарихы

 

 

 

   

 

 

Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент» кафедрасының тарихы 1995 жылы университет ректоры, академик К.Нарибаевтың бастамасымен құрылды. Кафедра бірнеше мәрте атау транформациясына ұшырап, атауын 2011 жылы «Менеджмент және бизнес» пен «Маркетинг және коммерция» кафедраларының бірігуі нәтижесінде алды. Құрылған уақытында ең алғашқы дайындайтын мамандық тек «Менеджмент» болғанымен, өз әлеуетін ұтымды пайдаланып, 2001 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығымен толығып, кейін «Маркетинг» пен «Логистика» сияқты мамандықтармен кеңейді. Қазіргі таңда мемлекетті, ұйымды тиімді басқару - замануи еліміздің  негізгі міндеті болып табылатындықтан, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін 2019 жылы  Экономика және бизнес жоғары мектебінде жеке «Менеджмент» кафедрасы құрылды. 

Негізі қаланғаннан бері осы уақытқа дейін кафедра ұжымын профессорлар Кубаев К.Е., Мұхтарова Қ. С., Тургинбаева А.Н. сияқты Қазақстанның білім беру мен ағарту саласының көшбасшылары басқарған. Кафедра Қазақстан Республикасының атақты академик-профессорларын, еңбік сіңірген ғылыми қызметкерлері мен доценттерін біріктіретін жоғары кәсіби ұжым болып табылады. Кафедра оқытушыларының бірқатары ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» атанды: Кубаев К.Е. (2006 ж.) э.ғ.д., профессорТургинбаева А.Н. (2007 ж.), э.ғ.к., доцент м.а. Купешова С.Т. (2014 ж.), э.ғ.д., профессор м.а. Кунанбаева Д. А. (2015 ж.) аталмыш грантының иегерлері. Кафедра құрамы жоғары кәсіби қызметкерлерден тұрады. Бұл күндері біздің кафедра 6 профессорды, 4 PhD докторлары мен 10 доценттерді біріктіріп, елдің интеллектуалды және ғылыми потенциалын дамытуда өлшеусіз үлес қосуда. Кафедра дайындайтын мамандықтардың оқу бағдарламалары жоғарғы білім беру сапасын бағалайтын агенттіктердің FIBAA сияқты беделді халықаралық аккредитацияларынан өтіп, өз сапасын дәлелдеді.

Осы күндері біздің кафедра түлектері тек Қазақстан бойынша ғана емес, ТМД елдеріндегі ең үздіктердің бірі болып табылады. Түлектердің көбісі ұлттық және халықаралық экономиканың барлық салаларында, мемлекеттік қызметте жұмыс жасап, елдің мақтанышына айналды. Жыл сайын оқу бітіретін түлектердің көбісі өз білімдерін ары қарай жалғастыру мақсатымен әлемнің үздің оқу орындарына түсіп, университеттің абыройын арттыруда.

Кафедраның халықаралық әріптестермен орнатқан байланыстары да өте нық әрі ауқымды. Білім беру мен маман даярлау сапасын арттыру мақсатымен кафедра өз студенттерін, магистранттарын және докторанттарын әріптес университтерге академиялық мобильділік, біліктілікті арттыру, қысқа және ұзақ мерзімді тәжірибелерге, тағылымдамалар мен бірлескен жобаларға жіберіп отырады.

 



Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының тарихы 1995 жылы университет ректоры, академик К.Нарибаевтың бастамасымен құрылды. Кафедра бірнеше мәрте атау транформациясына ұшырап, бүгінгі атауын  2011 жылы «Менеджмент және бизнес» пен «Маркетинг және коммерция»  кафедраларының бірігуі нәтижесінде алды да, осы атымен көптеген жетістіктерге жетіп, беделді болды. Құрылған уақытында ең алғашқы дайындайтын мамандық тек «Менеджмент» болғанымен, өз потенциалын ұтымды пайдаланып, 2001 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқар» мамандығымен толығып, кейін «Маркетинг» пен «Логистика» сияқты  мамандықтармен кеңейді. Бүгінгі күндері «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы Ұлттық университеттегі ірі кафедралардың бірі және бірқатар мамандықтар бойынша республикадағы базалық кафедра болып табылады.

Негізі қаланғаннан бері осы уақытқа дейін кафедра ұжымын профессорлар            Кубаев К.Е., Мұхтарова Қ. С., Тургинбаева А.Н. сияқты Қазақстанның білім беру мен ағарту саласының көшбасшылары басқарған. Кафедра Қазақстан Республикасының атақты академик-профессорларын, еңбік сіңірген ғылыми қызметкерлерін мен доценттерін біріктіретін жоғары кәсіби ұжым болып табылады. Кафедра оқытушыларының бірқатары ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» атанды: Кубаев К.Е. (2006 ж.) э.ғ.к., доцент Тургинбаева А.Н. (2007 ж.), э.ғ.к., доцент м.а. Купешова С.Т. (2014 ж.), э.ғ.д., профессор м.а. Кунанбаева Д. А. (2016 ж.) аталмыш грантының иегері. Кафедра құрамы жоғары кәсіби қызметкерлерден тұрады. Бұл күндері біздің кафедра 9 – профессорды, 3 PhD докторлары мен 14 доценттерді біріктіріп, елдің интеллектуалды және ғылыми потенциалын дамытуда өлшеусіз үлес қосуда. Кафедра дайындайтын мамандықтардың оқу бағдарламалары жоғарғы білім беру сапасын бағалайтын агенттіктердің FIBAA сияқты беделді халықаралық аккредитацияларынан өтіп, өз сапасын дәлелдеді.

Осы күндері біздің кафедра түлектері тек Қазақстан бойынша ғана емес, ТМД елдеріндегі ең үздіктердің бірі болып табылады. Түлектердің көбісі ұлттық және халықаралық экономиканың барлық салаларында, мемлекеттік қызметте жұмыс жасап, елдің мақтанышына айналды. Жыл сайын оқу бітіретін түлектердің көбісі өз білімдерін ары қарай жалғастыру мақсатымен әлемнің үздің оқу орындарына түсіп, университеттің абыройын арттыруда.  

Сонымен қатар кафедрада «Техникалық-экономикалық дәлелдеу және жобаларды басқару» ғылыми-білім беру орталығы жұмыс жасайды. Бұл орталық барлық мүдделі жеке және заңды тұлғалар үшін техникалық-экономикалық дәлелдеу және бизнес жоспарлар жасау саласында консалтингтік қызметтер көрсету бағытында жұмыс жасайды. 

Кафедраның халықаралық әріптестермен орнатқан байланыстары да өте нық әрі ауқымды. Білім беру мен маман даярлау сапасын арттыру мақсатымен кафедра өз студенттерін, магистранттарын әне докторанттарын әріптес университтерге академиялық мобильділік, біліктілікті арттыру, қысқа және ұзақ мерзімді тәжірибелерге, тағылымдамалар мен бірлескен жобаларға жіберіп отырады.