Менеджмент кафедрасы мүшелері ресейлік Сколкова бизнес мектебінің МВА бағдарламасының тұсау кесер шарасына қатысты

14-ақп-20

Көрулер: 1263

14 акпан күні Менеджмент кафедрасының меңгерушісі, аl-Farabi Business School бизнес мектебінің МВА бағдарламасының директоры А.Н.Тургинбаева және МВА бағдарламасының координаторы С.Т.Купешова ресейлік Сколкова бизнес мектебінің МВА бағдарламасының тұсау кесер шарасына  қатысты. Сколково, Ресей мен ТМД елдері арасындағы беделді, және мәртебелі EQIUS халықаралық аккредитациясына ие бизнес мектеп ретінде танымал. Шара соңында Сколково бизнес мектебінің академиялық директоры Андрей Шапенкомен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың мүмкін бағыттары талқыланды; яғни бизнес-тренерлер, эксперттермен алмасу, бірлескен МВА бағдарламаларын құрастыру, білім беру бағдарламаларының сапасын жоғарылату мақсатында.