ТДМ 3 – «САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ» ШЕҢБЕРІНДЕ «МЕДИЦИНАДА ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ БИОХИМИЯДА ФЕРМЕНТТЕРДІ ҚОЛДАНУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ІС-ШАРА.

11.12.2023

Көрулер: 255

2023 жылдың 11 желтоқсанында сағат 12.00-де 309 аудиторияда ГУК-6 х.ғ д., профессор Шоинбекова С.А. «06В05103 – Биотехнология» мамандығының 4 курс студенттерімен «Энзимология» пәнін оқу траекториясында ТМД 3 «САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ» іске асыру шеңберінде  «Медицинада және клиникалық биохимияда ферменттерді қолдану» тақырыбында дәріс сабағы – іс-шара өткізді. 

Х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А. кіріспе сөз сөйлеп, осы «Тұрақты даму мақсаттары» бағдарламасының пайда болу тарихымен таныстырып, бағдарламаның мәнін түсіндірді.

Ары қарай студенттердің баяндамалары тыңдалды:

  1. «Тағам өнірісіндегі ферменттік препараттардың қолданылуы».  
  2. «Энзимодиагностика және энзимотерапия».  
  3. «Гендік инженерияда ферменттердің қолданылуы». 

Студенттер Халық денсаулығы, нутрициология, аштық, қазіргі заманғы зиян әдеттердің сферасын кеңейуі, адам денсаулығына дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы мәселелерін үлкен қызығушылықпен талқылады, осы мәселелердің шешімін табу, теңдестірілген тамақ өнімдерін жасау, ГМО қолдану, аштықты жою жолдары, әртүрлі жастағы адамдарды салауатты өмір салтына, спортқа тарту мәселелері талқыланды, Биотехнология мен энзимологияның Халық денсаулығы мәселелерін шешуге қосқан үлесі туралы айтылды. Тұрақты дамудың бұл мақсатын шешу ұшін үлкен шығындарды талап ететіні атап өтілді (тамақ өнімдерін құруға және планетадағы әрбір адамды толыққанды тамақпен қамтамасыз етуге, адамдардың денсаулығын қорғауға (әртүрлі эпидемияларды  диагностикалау және емдеу мәселелерін шешу, халықты заманауи сапалы, тиімді вакциналармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, медициналық мекемелермен және т.б. қамтамасыз ету).

Бұл бағдарлама сәтті болады және  шешімін табады, бірақ әр адам кішкентайдан бастаса – ең бастысы -өзінен: салауатты өмір салтын ұстанса, өзінің, жақындарының денсаулығына қараса, өмірлерінің әлеуметтік деңгейін көтеруге тырысса.

Студенттер қоршаған ортаны, суды қорғау мәселесін де талқылады, оларды қорғау, суды үнемді және тиімді қолдануды ұсынды. Сонымен қатар, тағам өнімдерін сырап қылмай, қажетті мөлшерде тұтынуды, қалдық тағам өнімдерін дұрыс утилизациялауды -малға, құсқа жинап беру сияқты ұсыныстарды айтты. Аталған іс-шараға студенттер үлкен жауапкершілікпен және тиянақты дайындалған: жасаған баяндамалары, көрсеткен презентациялары, плакаттары жақсы дайындалған, мағыналы ғылыми мәліметтері көп, олар ғылыми әдебиеттермен жақсы жұмыс істегенін көрсетіп тұр. Дайындаған материалдары, тақырыптардың талдауы, баяндама жасап, дисскусиялауы  студенттердің жоғары кәсіби деңгейінің жақсы көрсеткіші болып табылады және жеке қасиеттері мен патриотизмін көрсетеді.