"Салауатты өмір салты және салауаттылық" - Асфендиярова С. атындағы ҚазҰМУ мұражайына экскурсия.

22.11.2023

Көрулер: 336

22 қараша 2023 ж. биотехнология кафедрасының аға оқытушысы Қайырманова Г.К. «Биотехнология» мамандығының 3 курс студенттеріне С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Қалыпты анатомия» мұражайына экскурсия ұйымдастырды. 

Экскурсияны жүргізген медицина ғылымдарының кандидаты, қалыпты анатомия кафедрасының доценті Шакенов Бауыржан Шәкенұлы. Мұражайдың тарихы 1931 жылы басталған. Негізінен, анатомиялық мұражайда адамның қалыпты мүшелері: буындар, тыныс алу жүйесі, несеп-жыныс жүйесі, асқазан-ішек жолдары, әртүрлі бұлшықеттер және т.б. келтірілген. Сонымен қатар, мұражайда дұрыс емес өмір салты және жаман әдеттердің фонында пайда болуы мүмкін туа біткен кемістіктер: анэнцефалия (мидың туа біткен болмауы), аяқтары біріктірілген сәбилер (су перісі), сиам егіздері және басқа даму патологиялары келтірілген.