Жаңалықтар

Жаңа оқу жылы жемісті болсын!

14.09.2020

Биылғы оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталды. Қашықтықтан оқыту бірнеше білім платформаларында жүзеге асырылуда. Атап айтатын болсақ: Microsoft Teams, Zoom, СДО Moodle, Oqylyq, Open Master Class. Дәріс және семинар сабақтары онлайн түрінде, зертханалық сабақтар виртуальды лаборатория форматында жүргізіледі.

Ары қарай оқу >>

ҚҰРМЕТТІ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ! СІЗДЕРДІ БІЗДІҢ «ҚАЗҰУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ» ШАҚЫРАМЫЗ!

10.09.2020

Құрметті Balmoozdaq🥶,

біз сіздерге биология және биотехнология факультетіне қош келдіңіздер дей отырып біздің «ҚазҰУ ұйымдарының жәрмеңкесіне» шақырамыз! 🧬

 

💚 Ертең көңілді болады - біз сізге бұған уәде береміз.

Белсенділік жолы сізге ең жарқын естеліктерді, ең толқытатын және ең адал достарды уәде етеді! 🕺🏻💃🏻 

 

Бізде сіз өзіңізді жаңа қырынан танитын боласыз және біздің арамыздан сіз өз орныңызды табасыз! 🤳🏻 

Жәрмеңкеге келіп, қай ұйымға мүше екеніңізді біліңіз😱❓

 

P.S. Жәрмеңкенің уақыты - 20:00.

Барлығы онлайн форматта болады, достар! 👩🏻💻

 

https://www.instagram.com/p/CE9ovTVlbHC/?utm_source=ig_web_copy_link

Ары қарай оқу >>

1-КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ

29.08.2020

Құрметті 1 курс студенттері!  
Өздеріңіз білетіндей, күзгі семестрде оқу үдерісі қашықтықтан өтеді.  Осыған байланысты біз сізді деканмен кездесуге шақырамыз, онда сіз онлайн режимінде оқу процесін ұйымдастырылуы туралы ақпарат аласыз, сонымен қатар сіз өз сұрақтарыңызға тікелей жауап ала аласыз.

Платформа: Zoom
 Күні мен уақыты: 1 қыркүйек, сағат 12.00
 Конференцияның идентификаторы: 764 6629 1753
 Кіру коды: 8VuYnQ

Ары қарай оқу >>

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ ПРОФЕССОР ЗАЯДАН БОЛАТХАН КАЗЫХАНҰЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

30.06.2020

Қадірлі ұстазымыз, Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор Заядан Болатхан Казыханұлы маусымның 26 жұлдызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі болып сайланды.

Болатхан Казыханұлы Сізді академик болып сайланған үлкен жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

  Ғылымда қанатыңыз талмай самғай беріңіз, Қазақстан ғылымына әлі де қосатын үлесіңіз зор, Сізді қазіргі әлем ғылымындағы тың бағыттар Биоэнергетика, Фотобиотехнология салаларының биік шыңынан көрейік!

ҒАЛЫМ БОЛУ – ҚАЖЫМАС ЕҢБЕКТЕР ЖИЫНТЫҒЫ

Заядан Болатхан Қазыханұлы «Фототрофты микроорганизмдер, оларды биотехнология және биоэнергетикада пайдалану» бағыты бойынша Қазақстанда алғаш жаңа ғылыми мектебін ашты, оның жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ –нің Фотобиотехнология зертханасы жұмыс жасайды. Аталмыш зертхананың негізінде фототрофты микроорганизмдер биологиясы және биотехнологиясына бағытталған ҚР БҒМ және ҚР ҰҒА қаржыландыратын 17 ғылыми-зерттеу жобалары оның жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оның ғылыми мектебінің негізгі зерттеу бағыттары медицинада және ауыл шаруашылығына арналған биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) мен биологиялық белсенді жемдік қоспалар (ББЖҚ) алу, биожанармай және биотыңайтқыштар алу, қоршаған ортаның ластанған объектілеріне биомониторинг және биоремедиация жүргізу үшін болашағы мол маңызды фототрофты микроорганизмдерді іздеу және зерттеумен байланысты.

2017 жылы "Болашақ энергиясы" тақырыбына арналған Астанадағы "ЭКСПО 2017 шеңберінде биодизель алу мақсатында фотобиореакторларда микробалдырларды жаппай өсіру және мониторингілеу" жобасын басқарды.

Б.Қ. Заядан өмірінің көп уақыты мен күшін жоғары білікті маман дайындауға бөледі. Оның жетекшілігімен 6 кандидаттық және 8 PhD диссертация, 30 магистрлық диссертациялары қорғалды.

Б.Қ. Заяданның жетекшілігімен өндірістік биотехнологияда болашағы мол табиғи және мутантты 90 штаммнан тұратын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің цианобактериялар мен микробалдырлар коллекциясы (CCM KazNU - Culture Collection of microalgae, Al-Faraby Kazakh National university) құрастырылды.

Б.Қ. Заядан АҚШ, ҚХР, Польша, Ресей, Чехия, Жапония және Ұлыбританияның ірі ғылыми зерттеу орталықтарымен бірлесіп белсенді зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Б.Қ. Заядан жақын және шет елде, Қазақстанда жарияланымға шыққан 20- дай патент және 400-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішіне 15 кітап, 5 монография және International Journal of Hydrogen Energy, Journal of Biotechnology, Genome Announcements, FEMS Microbiology Letters, Photosynthesis Research, Russian journal of Plant physiology, Microbiology, Applied Microbiology and Biotechnology сияқты жоғары рейтингті халықаралық журналдарда жарияланған 80-нен астам мақалалары кіреді.

Соңғы 5 жылда публикациялар сілтемелері 448, h- индекс хирша -10 көрсетті.

Заядан Болатхан Қазыханұлы университеттердегі биология және биотехнологияны оқытудың заманауи талаптарына сәйкес келетін, биология ғылымдарының күрделі мәселелерін айқын және толық мазмұндайтын «Биомониторинг водных экосистем на основе микроводорослей», «Фототорфты микроорганизмдер биотехнологиясы», «Экологическая биотехнология фототрофных микроорганизмов» монографиялары, «Тағам биотехнологиясы», «Экологиялық биотехнология», «Basics of Biotechnology», «Биотехнология фототрофных микроорганизмов» оқулықтары және «Environmental biotechnology», «Су тоғандарының микрофлорасы», «Биотехнология негіздері», «Микробалдырлардың таза дақылдарын бөліп алу және оларды белсенді өсіру тәсілдері», «Биология талапкерлерге дәнекер», «Фототрофты микроорганизмдердің биотехнологиясы бойынша зертханалық практикум» оқу құралдары жарық көрді.

Заядан Б.Қ. биотехнология және биология мамандықтары бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мамандандырылған Докторлық Кеңесінің мүшесі, ҚазҰУ хабаршы (Экологиялық серия) журналының бас ғылыми редакторы. Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің биология мамандықтары бойынша комиссия төрағасы.

Заядан Б.Қ. педагогикалық, ғылыми және қоғамдық қызметтеріндегі жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының Жоғарғы оқу орындарының үздік оқытушысы» атағына екі рет ие болды (2008ж. 2018ж.), ҚР ғылым мен техниканың дамуына үлесін қосқан ғалымдар үшін мемлекеттік ғылыми стипендиясының (2014) иегері атанды.

2016 жылы педагогикалық қызметіндегі жетістіктері үшін ҚР БҒМ «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды.

2017 жылы Web of Science Core Collection мәліметтері бойынша "Жасыл энергетика" саласындағы қазақстандық ғалымдар арасында 2012-2016 жылдар аралығындағы жоғары дәйексөзге келтіргені үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломымен марапатталды.

2017 жылы Springer Nature баспасының мақалаларында жарияланған жарияланым белсенділігінің жоғары көрсеткіштері үшін сертификатпен марапатталды.

2018 жылы "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің төс белгісімен марапатталды.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төс белгісінің иегері.

2019 жылы Top researcher in Engineering and technologies" номинациясында Scopus Award-2019 дипломымен марапатталды.  

2019 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Ерең еңбегі үшін" медалімен марапатталды. 

 

Құрметпен, шәкірттері

Ары қарай оқу >>