Жаңалықтар

Биотехнология кафедрасында «ГМО әлемді аштықтан құтқара ма?» атты дөңгелек үстел өтті.

11.10.2023

БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары: 2 Аштықты жою бағыты бойынша  жалпы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту  мәселесі аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биотехнология кафедрасында  11.10.2023 ж. күні кафедра профессоры С.Д. Атабаева, б.ғ.к., К.А. Мухатаева, б.ғ.к. Г.Д. Ұлтанбекованың жетекшілігімен және биотехнология мамандығының студенттерінің  қатысуымен «ГМО әлемді аштықтан құтқара ма?» атты  дөңгелек үстел өтті. 

Ары қарай оқу >>

“Денсаулық-зор байлық” тақырып аясында дөңгелек үстел

07.10.2023

7-қазан күні “Денсаулық-зор байлық” тақырып аясында дөңгелек үстел шарасы өтті. Іс-шара барысында студенттерге денсаулықты күтудің жолдары мен қағидалары айтылды және салауатты өмір салтын ұстануға байланысты студенттер өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Қатысушылар: БТ23-02 қазақ тобы
Эдвайзер: Доқтырбай Гулина

Ары қарай оқу >>

«Ұстаз - ұлы тұлға» атты мұғалімдер күніне арналған кураторлық сағат өткізілді

03.10.2023

2023 жылғы 3 қазан күні сағат 16.00-де  Биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының "6В070103 - Биотехнология" мамандығының студенттері және куратор-эдвайзерлер С.Д. Атабаева, С.А. Шоинбекова, С.Ш. Асрандина "Айналаңды нұрландыр" бағдарламасы аясында шеңберінде «Ұстаз  - ұлы тұлға» атты мұғалімдер күніне арналған кураторлық сағат өткізді.

Ары қарай оқу >>

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарты бар үйдің қазынасы бар» тақырыбында мәдени іс-шара өткізілді.

02.10.2023

2 қазан 2023 жылы сағат 15.00-де 412 аудиторияда 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарты бар үйдің қазынасы бар» тақырыбында мәдени іс-шара өткізілді. Ұйымдастырушылар: биотехнология  мамандығының 3  курс студенттері және эдвайзер-кураторлар: Асрандина С.Ш., Атабаева С.Д.,  Шоинбекова С.А. Іс-шараның мақсаты: егде жастағы адамдардың проблемаларына назар аудару, қарттарға мейірімділік пен құрметпен қарауға тәрбиелеу, мерекенің тарихы мен дәстүрлері туралы білімді байыту.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ ТДМ 13-мақсатын (Климаттың өзгеруімен күресу) жүзеге асыру шеңберінде НАТО MYP G6094 қаржыландыратын халықаралық жобасында байланыстырушы университет болып тағайындалды.

02.10.2023

Бұл жобаның негізгі мақсаты – Украинаның күрделі ластанған әскери жерлерінде (Немишаево, Бородянка ауданы, Киев облысы және Долына, Ивано-Франков облысы) көпжылдық кезеңде M×g пайдалана отырып, озық фитотехнологияларды енгізу арқылы бұрынғы әскери объектілерді экологиялық регенерациялау, сондай-ақ климаттың өзгеруін жұмсарту және биомассаның физика-химиялық түрлендіруімен жанама өнімдердің валоризациясын қамтамасыз етеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арналған жобаның міндеттері:

 Кафедра меңгерушісінің жетекшілігімен биотехнология кафедрасында жүзеге асырылады.  биотехнология А.С.  Кистаубаева және Жас Ғалым PhD докторы Айгерім Мамирова.

 - Ризосфераның өзара әрекеттесуін және фитотехнологияларға делдал болатын әсер етуші факторларды тексеру.

 - Жанама өнімдермен толықтырылған аралас ластанған әскери жерлерде озық фитотехнологияны қолданудың парниктік газдарды азайту әсерін көрсету.

 Ал барлық серіктестердің ортақ міндеті– климаттың өзгеруі және айналмалы экономика саласындағы білім беруді күшейту.  Жаңашыл пайдаланушыларға озық фитотехнологиялар туралы ақпаратты жеткізу және НАТО елдері мен серіктестері арасында өзара біліммен бөлісу.

Ары қарай оқу >>

Жапонияның Цукуба университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

02.10.2023

2022 жылдың соңында Цукуба университеті мен біздің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлесе отырып, өзара студенттік алмасу бағдарламасын ұсынды. 2023 жылдың басында  конкурс нәтижелері жарияланып, 25 студент іріктеуден өтті. Биология және биотехнология факультетінен екі студент - Тяпкина Евгения мен Халикова Камиля таңдалды. Бұл сапар қалай болғанын баяндауға рұқсат етіңіздер. Әңгімені  университеттің өзін сипаттаудан бастайық. 

Ары қарай оқу >>

2 қазан күні сағат 15.00 412 аудиторияда "Биотехнология" мамандығының 4 курс студенттері мен топ куратор-эдвайзерлері С.Д. Атабаева, С. А. Шоинбекова және С. Ш. Асрандина қатысуымен қарттар күніне арналған кураторлық сағат өткізілді.

02.10.2023

2 қазан күні сағат 15.00 412 аудиторияда "Биотехнология" мамандығының 4 курс студенттері мен топ куратор-эдвайзерлері С.Д. Атабаева, С. А. Шоинбекова және С. Ш. Асрандина қатысуымен қарттар күніне арналған кураторлық сағат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты ғылымдағы аға буын өкілдеріне тиісті құрмет көрсетіп, еліміздің дамуы мен құрылуына орасан зор еңбек етіп, ерлік жасаған жандарға алғысымызды білдіру болып табылады. Студенттер үлкен өмірлік тәжірибесі бар және оны жас ұрпаққа жеткізе алатын халықтың игілігі болып табылатын еліміздің қарт адамдарына арналған презентация дайындады. Іс шара барысында  жастардың қарттарға құрметі, отбасылық құндылықтардың қалыптасуында үлкен кісілердің рөлі мен маңызына тоқталды. Сонымен қатар, қарт адамдарға көмектесу үшін мемлекет өткізетін іс-шаралар туралы айтылды. Қарт адамдарға өлеңдер келтірілді.  

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Шэньси технология және ғылым университеті арасында ынтымақтастық орнатылды

02.10.2023

25.09.2023-28.09.2023 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің деканы Құрманбаева М.С. мен  Шэньси технология және ғылым университетінің (Сиань, ҚХР) профессоры Джиан Джа (Jian Zha) арасында іскерлік кездесу өтті. 

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Францияның Нанси қаласында орналасқан Ecole Nationale Superieure d’ Agronomie және des Industries Alimentaires университетінде іссапарда болып қайтты.

16.09.2023

2023 жылдың 8-16 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның Биотехнология кафедрасының профессоры, доктор Савицкая И.С. және биология ғылымдарының кандидаты, ассоц.профессор Кистаубаева А.С. Францияның Нанси қаласында орналасқан Ecole Nationale Superieure d’ Agronomie және des Industries Alimentaires университетінде іссапарда болып қайтты.

Іссапардың мақсаты Тұрақты даму мақсаттарының 2.Аштықты жою және 12.Жауапты тұтыну және өндіріс шеңберінде АР09259491 "Комбинделген сүттікті жасау үшін полисахаридтік матрицаны қолдану биотехнологиялары" жобасының календарлық жоспарына сәйкес бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ QS World University Rankings критерийлеріне сәйкес шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты дамыту және өзара байланысты кеңейту болды. Бірлескен зерттеулер шеңберінде алынған нәтижелер кемінде 80 процентильді жоғары рейтингті журналда жарияланатын мақалаға енгізілетін болады.

Ары қарай оқу >>

1- курс 23-2 топ студенттеріне “Биотехнологияның жетістіктері мен болашағы” тақырыбында вебинар өтті.

14.09.2023

Вебинар барысында өнімділігі және тағамдық құндылығы жоғары  ауылшаруашылық сорттарын алу биотехнологиясының болашағы жетістіктері және осы бағыттағы ғылыми зерттеулер туралы білімдер айтылды. Студенттер биотехнология экономикалық перспективалы салаларында өздерінің кәсіби қасиеттерін жүзеге асыруға, біліктіліктерін арттыруға және мансаптық өсуге қол жеткізе алатынын  жан-жақтылы түсінді.

 

Эдвайзер: Доктырбай Г.

https://cloud.mail.ru/stock/4C2iGEKzH8x9PjY2rqXoJfyD

Ары қарай оқу >>