Жаңалықтар

Ашық есік күні!

17-сәу-21

Құрметті студенттер!

Сіздерді “Молекулалық биология және генетика кафедрасының Виртуалды ашық есік күніне” шақырамыз! Іс-шара аясында сіздер кафедрамыздың арнайы пәндерімен, пәндерге тіркелу жолдарымен және студенттік өмір туралы ақпаратты үйден шықпай-ақ аласыздар. Виртуалды ашық есік күні 2021 жылдың 19 сәуіріәнде сағат 16.00-де өтеді. Іс-шара бағдарламасымен танысу және оған тіркелу үшін мына сілтеме арқылы өтіңіздер.

--https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3a1611ec69965d40e39117854d6237b7c1%40thread.tacv2/1618635727110?context=%7b%22Tid%22%3a%22b0ab71a5-75b1-4d65-81f7-f479b4978d7b%22%2c%22Oid%22%3a%22525b78a0-94fb-4d67-932b-d068684921df%22%7d

Сіздермен кездесуді асыға күтеміз!

Ары қарай оқу >>

«Covid19: общее влияние на Казахстан. Вакцинация как решение данной проблемы» тақырыбында эдвайзерлік сағат

25-нау-21

2021 жылы 25 наурызда «Covid19: общее влияние на Казахстан. Вакцинация как решение данной проблемы» тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізілді. Ұйымдастырушылар «6В05105 – Генетика» мамандығының 2 курс студенттері, топ эдвайзері Мынбаева Д.О. вакцинация мәселесін, оның жалпы мағынасында мәнін түсіну бағытында талқылаулар жүргізді. Сонымен қатар бүкіл әлемдегі, атап айтқанда, Қазақстан қалаларындағы науқас адамдардың статистикасына көп көңіл бөлінді. Іс-шараға Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары, б.ғ.к. Алтыбаева Н.А., оқытушы Сербаева А.Д., оқытушы Әліқул А.Б. қатысты. Вирус жоғары жылдамдықпен мутацияға ұшырайтындықтан, студенттер вакцина жасау кезеңдеріне және олардың болашақта тиімділігіне қатысты маңызды сұрақтарды көтерді.

Мынбаева Д.О.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру

15-нау-21

Құрметті оқытушылар және студенттер!

Сіздерді наурыз айының 18 жұлдызында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттердің көзқарасы» тақырыбында өтетін іс-шараға қатысуға шақырамыз! Ұйымдастырушылар Биология және биотехнология мамандығының 3 курс Бб 18-06 тобының студенттері және эдвайзер Әліқул А.Б.

 

Тема: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттердің көзқарасы»

Уақыты: 18 наурыз 2021 15:00  Алматы

Конференцияғы қосылу

https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3a17d595a21e824147a0c4c5364a842540%40thread.tacv2/1614779693667?context=%7b%22Tid%22%3a%22b0ab71a5-75b1-4d65-81f7-f479b4978d7b%22%2c%22Oid%22%3a%22c4c3a6a3-eeef-4d32-b62e-4bd924fe14e7%22%7d 

Ары қарай оқу >>

Наурыз құтты болсын!

12-нау-21

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

Биология және биотехнология факультетінің, Молекулярлық биология және биология кафедрасы сіздерді 15 наурыз күні, сағат 16:00 онлайн форматта өтетін «Наурыз-Ұлыстың Ұлы күні» атты мерекелік іс-шараның құрметті қонағы болуға шақырады.

Ұйымдастырушылар: «5B070100 Биотехнология» мамандығының 3 курс студенттері, эдвайзер Тілеулес Ж. Б. жетекшілігімен.

Өтетін орны: Microsoft teams платформасы

Онлайн-трансляцияға қосылу үшін ссылка бойынша өту қажет:

https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_MGJlZDg4MjgtMjE1My00OGMxLWJhMDYtNWM5OWFkMGFiYWEw%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%22b0ab71a5-75b1-4d65-81f7-f479b4978d7b%22%2c%22Oid%22%3a%226e0be609-12f3-42b7-b59e-9b27319ef918%22%7d

Ары қарай оқу >>

«Өмір сүру үшін өзгере білу керек»

19-ақп-21

2021 жылы ақпан айының 19 күні Молекулалық биология және генетика кафедрасының «Биотехнология» мамандығының 3 курс 18-39, 18-40, 18-41 топ студенттерімен «Өмір сүру үшін өзгере білу керек» тақырыбында факультет деңгейінде ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты MC Teams каналында ашық форматта, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» толу мерекесіне орай, студенттерге патриоттық тәрбие беру мақсатында жүргізілді. 

Ары қарай оқу >>

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

8-ақп-21

2021 жылдың 8 ақпан күні биология және биотехнология факультетінің деканы биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Заядан Болатхан Қазыханұлының 60 жасқа толуына орай, биология факультетінің ұжымы салтанатты түрде жиын ұйымдастырды.  Дүние жүзінің және еліміздің жетекші университеттері мен ғылыми зерттеу институттарынан  құттықтау хаттары келді. Факультеттің құрметті академик, профессорлары, кафедра меңгерушілері деканды мерейтойымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Карантинге байланысты жиынға қатыса алмаған факультеттің беделді профессорлары онлайн құттықтау сөздерін жеткізді.

Молекулалық биология және генетика кафедрасының ұжымы Болатхан Қазыханұлына ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс және отбасына амандық тілейді.

Ары қарай оқу >>

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

27-қаң-21

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері ҚР ҰҒА академигі Бисенбаев Амангелді Қуанбаевичты "ЖОО үздік оқытушысы-2020"атағымен құттықтайды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ Coursera платформасында

4-қаң-21

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алғашқы жаппай ашық онлайн курсы – Methods of molecular biology 2021 жылдың 2 қаңтарында онлайн білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы-Coursera халықаралық білім беру платформасында жарияланды.

Ары қарай оқу >>

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Тайпакова Сабира Мыктыбекқызы 2020 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды

30-жел-20

Молекулалық биология және генетика кафедрасының постдокторанты Тайпакова Сабира Мыктыбекқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №542 бұйрығымен 2020 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды   

Ары қарай оқу >>