Жалпы мәліметтер

Кафедраның барлық оқытушылары және топтардың куратор-эдвайзерлері жыл бойында өз топтарында тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Олар тәрбие жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес студенттермен "Далалық практикада қауіпсіздік техникасымен, заттармен, практикада қажет дәрі-дәрмектер туралы", әлеуметтік- экономикалық, саяси және мәдени-қоғамдық тақырыптарға кездесулер мен сұхбаттар жүргізеді. Сондай-ақ студенттер факультетте өтетін «Жаңа жыл», "Наурыз" сияқты кештерге, театрларға, музейге, көрмелерге бару мәдени шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Мұндай іс-шаралар жүзеге асырудың нәтижесінде студенттердің отан сүйгіштік рухын қалыптастыру белсенділігін арттырады.

Оқушыларға профессиональды бағыт беру және тәрбие жұмыстарын жүргізу бойынша 2013 жылы желтоқсан айында келесішаралар өткізілді:

1. б.ғ.д., профессор Айташева З.Г. Қызылорда облысында орналасқан Ш.Е. Есенов атындағы облыстық мектеп оқушыларына таныстыру лекциясы оқылды және ғылыми жұмыстарға сайыс жүргізілді;

2. б.ғ.д., профессор міндетін атқарушы Омирбекова Н.Ж. Талдықорған қаласында Алматы облысының білім беру басқармасының басшысы Ж. Далбаевпен құрмет дипломымен марапатталды.

Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларына арналған ғылыми мақалалар дайындалып, оқушыларға арналған «аль-Фараби-kz» ғылыми баспасында редакциялау үстінде.