Python тілінде бағдарламалаудың бірінші қадамдары

17.10.2019

Көрулер: 2797

Үйірме жетекшісі: Бурибаев Ж.А. «Информатика» кафедрасының Оқытушысы

Уақыты: Дүйсенбі 16:00

Аудитория: 412

Құны: Тегін

Курс келесі курс студенттеріне арналған: 2-3 курс студенттері

Курстың мақсаты: Курстың мақсаты - мәліметтерді талдаудан бастап, жаңа бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге дейінгі көптеген мәселелерді шешуге пайдалы Python тілінің негізгі құрылыстарын зерттеу.

Сипаттамасы: Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер сандарды, мәтіндерді және олардың жиынтықтарын өңдеуді және сақтауды үйренеді, стандартты Python тілдік кітапханасын игереді және мәліметтерді жинау және өңдеу тапсырмаларын автоматтандырады. Курс, Python тілінде машиналық оқыту, статистикалық мәліметтерді өңдеу, деректерді визуализациялау және тағы сол сияқты анағұрлым мамандандырылған бағыттарды дамытуға қажетті негіз береді. Сонымен қатар студенттер әртүрлі бағдарламалау парадигмаларының негіздерін: процедуралық, функционалды және объектіге бағытталған бағдарламалауды үйренеді.