Жұмыс берушілермен кездесу

23.01.2020

Көрулер: 2457

Информатика кафедрасында 23 қаңтарда жұмыс беруші компания өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, «Информатика» мамандығының білім беру бағдарламасы бойынша бітірушілердің қандай қабілеттіліктерге ие болу керектігі туралы тақырыпты талқылады. Кездесуге «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Транзакциялық және фронтальды жүйелерді тестілеу бөлімінің бастығы Ақылаев Жасұлан Ақжолұлы өз пікірімен бөлісті.

Ақылаев Жасұлан Ақжолұлы осы мамандықтың түлегі, өз тәжірибесімен бөлісіп, информатика мамандығының білім беру бағдарламасына өз ұсынысын және бітірушілерге қойылатын жаңаша талаптарды айтып өтті.

Кездесуге осы кафедраның басшығы және оқытушыларымен қатар әдістемелік жұмыстар және білім беру технологиялары басқармасының қызметкері А.А. Қаражанова, Ақпараттық технологиялар факультетінің оқу әдістемелік бюросының төрайымы Ф.Р. Гусманова қатысты.