Эпидемиология және Гигиена пәні бойынша Қазақстандық олимпиада

03/04/2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЭПИДЕМИОЛОГИЯ, БИОСТАТИСТИКА ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 

 6В10107 - «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА 

 

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2023 жылдың 21 сәуір күні оффлайн форматта Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізеді.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығының 4 курс студенттері үшін 6В10107-"Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы (бұдан әрі – РСПО) өткізеді.

    Олимпиаданың мақсаты - студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу, студенттерді қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту және ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту болып табылады.

    Олимпиада 2 кезеңде өткізіледі: ЖОО ішіндегі және ЖОО аралық.

    Олимпиаданың I кезеңінің қорытындысы бойынша (ЖОО ішіндегі) 1-ші (1-орын), 2-ші (2-орын), 3-ші (3-орын) орын алған "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығының 4 курс студенттері РСПО-ның II кезеңіне қатысу үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың базалық ЖОО-на жіберіледі. II кезеңге қатысу үшін әр ЖОО-дан жіберілген студенттердің жалпы саны - 3 адамнан артық болмауы керек.

    Олимпиада қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы бейіндік пәндері бойынша өткізіледі. Олимпиаданың тапсырмалары кешенді сипатқа ие және 2 турдан тұрады: 1-ші турға оффлайн тестілеу, 2-ші тур - кейстік тапсырмаларды шешу кіреді.

    Әрбір қатысушы үшін 1-турдың тапсырмалары тестілеу жүйесіне кірген сәттен бастап 60 минут ішінде ашық болады. Әр қатысушыға олимпиада пәндері бойынша 50 тест тапсырмасының нұсқасы ұсынылады. Сұраққа дұрыс жауап 2 балмен бағаланады. Әр қатысушы тек бір рет тестілеуден өтеді.

    2-ші турда қатысушыларға ҚР Негізгі заңнамалық нормативтік құжаттарын білуге арналған кейс-тапсырмаларды орындау ұсынылады. Дұрыс орындалған тапсырма 100 балмен бағаланады.

    Олимпиада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінде-Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде өткізіледі. Ұйымдастырушы-эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасы.

    Олимпиада оффлайн режимде өткізіледі.

    II кезеңді өткізу күні:  

1-тур: оффлайн-тестілеу: 21.04.2023 ж., өткізу уақыты сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін. 

2-тур: кейстік тапсырмаларды шешу: 21.04.2023 ж., өткізу уақыты сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін (оффлайн режимде).

 

    II кезеңге қатысуға қатысушылар ретінде тіркелген адамдар жіберіледі.

    Өтінім әр қатысушыға жеке толтырылады (сканерленген нұсқасын жіберу).

    Толтырылған өтінімдерді 03.04.2023 ж. бастап 18.04.2023 ж. дейін эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының техникалық хатшы – оқытушысына, магистр Идаят М. Г.  жіберу керек, электрондық пошта: idayat.malika@kaznu.kz  ұялы телефон: +77716327077.

 

    Қосымша ақпаратты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің сайтынан таба аласыздар. https://www.kaznu.kz/ru/17311/page).

     Өтінім нысаны қоса беріледі.

 

6В10107 - "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша 

Республикалық студенттік олимпиадаға қатысуға өтінім 

 

Тіркеу карточкасы

 

1. Қатысушының толық аты- жөні ________________________________________________

2. Мамандық шифрі, курс, оқу бөлімі (қазақ/орыс/ағылшын) __________________________

3. ЖОО (толық атауы) __________________________________________________________

4. Адрес ______________________________________________________________________

5. Қатысушының байланыс телефоны/ E-mail  ______________________________________

Команда жетекшісінің аты-жөні, лауазымы және байланыс телефоны, факс  __________

 

 

ЖОО басшысының қолы, мөрі.

РСПО-2023-Информ.письмо.pdf

 

 Құрметпен, ұйымдастыру комитеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

01.03.2021.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЭПИДЕМИОЛОГИЯ, БИОСТАТИСТИКА ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ

 

  

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

5В110200-Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша

Республикалық студенттік пәндік олимпиада


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығының 4 курс студенттері үшін 5В110200-"Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы (бұдан әрі – РСПО) өткізеді. 

Олимпиаданың мақсаты-студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу, студенттерді қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту және ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту болып табылады.

Олимпиада 2 кезеңде өткізіледі: ЖОО ішіндегі және ЖОО аралық.
Олимпиаданың I кезеңінің қорытындысы бойынша (ЖОО ішіндегі) 1-орын (1-орын), 2-орын (2-орын), 3-орын (3-орын) алған студенттер "қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығының 4-курс студенттері ҚазҰУ-дың базалық ЖОО-на жіберіледі.әл-Фараби РСПО-ның II кезеңіне қатысу үшін. II кезеңге қатысу үшін әр жоо - дан жіберілген студенттердің жалпы саны-6 адамнан аспайды.

Олимпиада Қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология, Коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы мамандықтарының бейіндік пәндері бойынша өткізіледі. Олимпиаданың тапсырмалары кешенді сипатқа ие және 2 турдан тұрады: 1-ші турға он-лайн тестілеу, 2-ші тур-кейстік тапсырмаларды шешу кіреді.

Әрбір қатысушы үшін 1-турдың тапсырмаларына қол жеткізу ол тестілеу жүйесіне кірген сәттен бастап 60 минут ішінде ашық болады. Әр қатысушыға олимпиада пәндері бойынша 50 тест тапсырмасының нұсқасы ұсынылады. Сұраққа дұрыс жауап 2 баллмен бағаланады. Әр қатысушы тек бір рет тестілеуден өтеді. 2-ші турға өту үшін ең төменгі балл -70 (ең жоғары 100-ден).

2-ші турда қатысушыларға ҚР Негізгі заңнамалық нормативтік құжаттарын білуге арналған кейс-тапсырмаларды орындау ұсынылады. Дұрыс орындалған тапсырма 100 баллмен бағаланады.
Олимпиада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінде-Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде өткізіледі. Ұйымдастырушы-эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасы.

Олимпиада ZOOM платформасында он-лайн режимде өткізіледі.

II кезеңді өткізу күні: 

  • 1-тур: онлайн-тестілеу: 26.04.2021 ж., өткізу уақыты сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін .
  • 2-тур: кейстік тапсырмаларды шешу: 28.04.2021 ж., өткізу уақыты сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін (ZOOM платформасында онлайн режимде).

II кезеңге қатысуға қатысушылар ретінде тіркелген адамдар жіберіледі.
Өтінім әр қатысушыға толтырылады (сканерленген нұсқасын жіберу).

Толтырылған өтінімдерді 10.03.2021 ж. бастап 24.04.2021 ж. дейін эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының техникалық хатшы – оқытушысына, магистр Идаят М. Г.  жіберу керек, электрондық пошта: idayat.malika@kaznu.kz. ұялы телефон: +77716327077.

Қосымша ақпаратты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің сайтынан таба аласыздар. https://www.kaznu.kz/ru/17311/page).
 Өтінім нысаны қоса беріледі.

5В110200 - "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша

Республикалық студенттік олимпиадаға қатысуға өтінім

Тіркеу карточкасы

Қатысушының толық аты- жөні ________________________________________

Мамандық шифрі, курс, оқу бөлімі (қазақ/орыс/ағылшын) _____________________________

ЖОО (толық атауы) _______________________________________________

Адрес _____________________________________________________________

Қатысушының байланыс телефоны/ E-mail  ________________________________

Команда жетекшісінің аты-жөні, лауазымы және байланыс телефоны, факс  ____________________________

 

ЖОО басшысының қолы, мөрі.

 

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті

 

 

 


18.02.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «гигиена және эпидемиология» пәндері бойынша
ҚР жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында  Республикалық пәндік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу 
Ережесі

 

 

 


2020 жыл

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қоғамдық денсаулық сақтаудың жаңа жағдайындағы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау» тақырыбында гигиена және эпидемиология пәндері бойынша Қазақстандық Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу 

Ережесі

 

I. Жалпы ережесі

1.1 Бұл Ереже Қазақстан Республикасы медициналық жоғары оқу орындарының «Қоғамдық денсаулық сақтау» (бұрынғы «Медико-профилактикалық іс») мамандығының 4 курс студенттерінің арасында өтетін «Қоғамдық денсаулық сақтаудың жаңа жағдайындағы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау» тақырыбында гигиена және эпидемиология пәндері бойынша Қазақстандық Олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізудің, әдістемелік қамтамасыз етудің, жеңімпаздарды анықтаудың ретін айқындайды.  

1.2. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

  • ·                     дайындығы жоғары және талантты студенттерді анықтау, қолдау көрсету;
  • ·                     студенттердің ғылыми жұмыстарға деген қызығушылығын арттыру, ғылыми жұмыстармен айналысуды жоғарылату;  
  • ·                     ағарту жұмыстарды, ғылыми нәтижелерді насихаттау;
  • ·                     академиялық және кәсіби ортадағы серіктестікті дамыту.

1.3. Олимпиада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚДСЖМ- медицина және денсаулық сақтау факультеті, эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасында өтеді.

1.4. Олимпиада келесі пәндер бойынша жүргізіледі: коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы, тағам гигиенасы, эпидемиология. Олимпиада тапсырмалары кешенді сипатта және 3 кезеңнен тұрады. 

1.5. Олимпиада тапсырмалары Қазақстан Республикасы медициналық жоғарғы оқу орындарының «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша оқу бағдарламасы негізінде құрастырылады.     

 

2. Олимпиаданың ұйымдастыру-әдістемелік қамтылуы

2.1. Олимпиаданы өткізу үшін Ұйымдастыру комитеті мен жюри тағайындалады.

2.2. Олимпиаданы ұйымдастыру-әдістемелік қамту Ұйымдастыру комитетімен жүргізіледі. Ұйымдастыру комитетінің төрайымы эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі, Ph.D Мамырбекова С.А., координаторлар – доцент м.а., м.ғ.к. Арынова Г.А., доцент м.а., м.ғ.к. Романова Ж.В., доцент, Ph.D Душпанова А.Т., аға оқытушы Адилова М.Т.

Ұйымдастыру комитеті:

  • ·            олимпиаданы өткізу уақыты мен реті туралы кафедра ұсыныстарын қарастырады;
  • ·            кәсіби тапсырмалардың тізімі мен мазмұнын анықтайды;
  • ·            олимпиада сатыларының жүргізу форматын анықтайды;  
  • ·            келесі сатыға өтудің шектік деңгейін және олимпиада тапсырмаларын орындаудың шектік уақытын анықтайды;
  • ·            жюри құрамын дайындайды;
  • ·            олимпиада жеңімпаздарын анықтау үшін бағалау критериін дайындайды;   
  • ·            олимпиада нәтижесін бекітеді;
  • ·            олимпиаданы жүргізуге байланысты күнделікті сұрақтарды шешеді.

2.3. Жюри құрамы медицина факультетінің деканымен бекітіледі.

2.4. Жюри:

  • ·            олимпиада жұмыстарын тексереді;
  • ·            жұмыс нәтижелері бойынша талқылайды;
  • ·            олимпиадаға қатысушыларды марапаттау бойынша шешім шығарады;
  • ·            олимпиада өткеннен кейін 5 күннің ішінде нәтиже хаттамасын дайындайды.

3. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу реті

3.1. Олимпиадаға Қазақстан Республикасы медициналық жоғарғы оқу орындарының «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітіруші курс студентері өз еріктерімен қатысады.        

3.2. Олимпиадаға сайтында тіркелген студенттер қатыса алады.

3.3. Олимпиада 3 кезеңде өтеді:

1 кезең - онлайн-тест https://online-test.kaznu.kz/

Өткізу уақыты: 10.03.2020 ж., уақыты  9.00-ден 19.00-ге дейін.   

1-кезеңге қатысу үшін сайтында арнайы тіркелу қажет.  Тест тапсыру үшін тіркелген қатысушы 9.00-ден 19.00-ге дейінгі аралықта тапсыра алады. Тест тапсырмасын орындауға 60 минут уақыт бөлінеді. Әрбір қатысушыға олимпиада пәндері бойынша 50 сұрақ бойынша тест тапсырмалары беріледі. Әрбір дұрыс жауап 2 балмен бағаланады. Әрбір қатысушы тек бір-ақ рет тест тапсыра алады.

2-кезеңге өту үшін минималды балл 80 (максималды – 100 б.).

2 турбизнес-кейс шешу (on-line режимінде).

Өткізу мерзімі: 17.03.2020 ж., өткізу уақыты 9.00-ден 19.00-ге дейін.  

1-кезеңнен 80 балл және одан жоғары алған қатысушыға тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға жеке тапсырмалар жіберіледі.  Әрбір қатысушыға олимпиада пәндері бойынша 5 бизнес-кейс тапсырмалары беріледі. Қатысушы тапсырманың көшірмесін жеке файлға түсіріп, сол жерде әрбір кейс бойынша негізделген шешімін жазады. Тапсырманы орындағаннан кейін, файлды кафедраның электрондық поштасына, ephykaf@gmail.com.  жібереді. 17.03.2020 ж. 19.00.-ден кейін жіберілген жұмыстар қарастырылмайды. Әрбір орындалған тапсырма 20 балмен бағаланады.

3-кезеңге өтудің минималды балы – 80 (максималды балл 100).

2-кезеңнен өткен қытысушы 3-кезеңге өтеді, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не шақырылады ( Алматы қаласы). 

3-кезеңстуденттер мен жас ғалымдар арасында өтетін «Фараби Әлемі» халықаралық ғылыми конференцияда медициналық секциясында ғылыми баяндама жасау.

Өткізу мерзімі: 08.04.2020 ж., өткізу уақыты – 9.00-11.00.  

2-кезеңнен өткен қытысушылар кафедраның электрондық поштасына, ephykaf@gmail.com, эпидемиолоия және гигиена саласы бойынша өзіндік ғылыми жұмыстары бойынша мақала немесе тезис жібереді.   

Жұмысты қабылдау  – 2020 жылдың 27 наурызына дейін.

Конференцияға баяндамашыларды таңдауды олимпиада жюрилері мәселенің маңыздылығына және мақаланың дұрыс ережеге сай жазылуына сараптама жүргізілгеннен кейін барып, анықталады. («Ғылыми жұмыстарды жариялау тәртібі» алдын ала олимпиада сайтында беріледі). Жюри шешімі туралы мәлімет қатысушыға 2020 жылдың 30-наурызына дейін жіберіледі. 3-кезеңнің және олимпиаданың жеңімпаздары конференция қорытындысы бойынша жюри шешімі бойынша анықталады.     

4. Олимпиаданың жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларын марапаттау 

4.1.    3-ші кезеңнің қатысушыларына ҚазҰУ жатақханасынан орын тегін беріледі.  Қатысушыларға Олимпиадаға қатысқандығы жөнінде сертификаты, студенттер мен жас ғалымдар арасында өтетін «Фараби әлемі» ғылыми конференциясының сертификаты беріледі.

4.2. Редакциялық коллегиядан өткен 3-кезең қатысушылары мақалаларын (тезис)  студенттер мен жас ғалымдар арасында өтетін «Фараби әлемі» ғылыми конференциясының материалдар жинағына тегін жариялай алады.  

4.3. Олимпиада жеңімпаздары I,II,III дәрежедегі Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.   

 

 

Онлайн тестілеу бойынша пайдаланушыға арналған  нұқсаулық

казИнструкция пользователя_online-test_v2019.pdf

   

 

 15.04.2020

 

07сәуір  2020жылы  дистанциялық бойынша эпидемиология және гигиена пәнінен Қазақстандық Олимпиаданың III  кезеңі өтікізіліп, қорытынды нәтижелері  жарияланып өз мәресіне жетті.  Үшінші кезеңде 5 студенттер қатысты.

Әділ қазылар алқасы  берілген зерттеу жұмыстарын қарап бағалады.  Зерттеу жұмысының орындалуын бағалады: 

1. Тұрлықожа Тоғжан,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  ҚДС мамандығының 4 курс студенті. Баяндама тақырыбы: «Ата-аналардың педикулездің алдын алу туралы ақпараттылығын арттыру». ғылыми жетекшісі эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина негіздері кафедрасының доцент м.а. Даниярова А.Б.

2. Алшынов Бекбаулы, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ҚДС 4 курс студенті  баяндама тақырыбы «Алматы қаласының мектеп оқушыларының физикалық дамуын бағалау». Жетекшісі профилактикалық медицина курсымен нутрициология кафедрасының доценті, Текманова А.К.

3. Калимулдинова Айдана, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  ҚДС мамандығының 4 курс студенті. Баяндама тақырыбы: «Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде вакцинация шараларының жүргізілуін зерделеу», эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина негіздері кафедрасының доцент м.а., Даниярова А.Б.

4. Бильдешбай Аружан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  ҚДС мамандығының 4 курс студенті. Баяндама тақырыбы:    «2016-2018 жылдары Жамбыл облысы балаларының жіті ішек инфекцияларымен аурушаңдығы», жетекшісі эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина негіздері кафедрасының оқытушысы  Жолдасбекова А.С.

5. Жолдасбек Нұрханым,С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ҚДС 4 курс студенті  баяндама тақырыбы «Теміржолшылардың еңбек жағдайын бағалау». профилактикалық медицина курсымен нутрициология кафедрасының аға оқытушысы Сейдуанова Л.Б.

 

 

 3 кезең бойынша  1-место Тұрлықожа Тоғжан 

3- кезең нәтижелері:  

1.  Тұрлықожа Тоғжан – 24 б.  

2. Калимулдинова Айдана – 23,1 б.  

3.  Алшынов Бекбаулы - 23 б. 

4.  Бильдешбай Аружан – 22,5 б. 

5.  Жолдасбек Нұрханым – 22,1 б. 

        3  кезең бойынша қорытынды нәтижелері жарияланғаннан кейін  олимпиада комитеті  қатысушылардың жиынтық балын есептеді. 

1.  Тұрлықожа Тоғжан – 218 б. 

2. Бильдешбай Аружан – 215,5 б. 

3. Калимулдинова Айдана – 213,1 б.  

4. Жолдасбек Нұрханым – 206,1 б.  

5. Алшынов Бекбаулы - 196 б.  

 Қорытынды нәтиже: 

 I дәрежелі диплом:  

1.Тұрлықожа Тоғжан - Әл Фараби атындағы ҚазҰУ 

 

 II дәрежелі диплом 

2.Бильдешбай Аружан - Әл Фараби атындағы ҚазҰУ

3.Калимулдинова Айдана - Әл Фараби атындағы ҚазҰУ

    

 III дәрежелі диплом   

     4.  Жолдасбек Нұрханым - С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

     5. Алшынов Бекбаулы - С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ