Шет елдік дәріскерлер

АЛЕКСАНДР КЕРЛАХ

Тәжірибелік жұмысы 20 жылдан астам уақытты құрайды. Осы уақыт ішінде МВА газ және энергетика саласын тәмамдап, корпоративтік қаржы аумағындағы дәрістерді тыңдаған. Адизес институтында, АҚШ және Таллиндегі Владимир Тарасов менеджерлер мектебінде біліктілігін жоғарылатқан. Сонымен бірге,   корпоративтік басқару, корпоративтік қаржы аумағында оқу курстарын аяқтады. Мерзімі 5 жылға дейінгі 7 ірі жобалар мен 20 дан астам шағын жобалар жүзеге асырылды.Біздің факультетте  ЕМВА және  МВА пәні бойынша, HR менеджмент және көшбасшылық бойынша дәрістерді оқиды.

КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕСІ

2018 – 2019жж – «Дәрілік заттар және медициналық бұйымдарды сараптаудың ұлттық орталығы» тапсырыс беруші тарапынан жобаның жетекшісі.

2015 – 2016жж АО «ЗИКСТО», директорлар кеңесінің төрағасы

2015 – 2016жж «КВК» ЖШС теміржол машина жасау саласының дағдарысқа қарсы басқару жобасының жетекшісі.

2005-2014жж Халықаралық Бизнес Академиясы, МАБ, ХБА бағдарламаларында «Операциялық менеджмент», «Стратегиялық менеджмент», «Ұйымдастыру теориясы», «Менеджменттің кілттік құзіреттіліктері», «Корпоративтік басқару» курстарында сабақ берді;

2012-2014жж «Still Master» ЖШС,мұнай және газды қайта өңдеу саласындағы жобалар жетекшісі;
2012-2014жж ГК «Аркадам», HR қызметтік бөлімше компаниясының тобын құрды. Аркада компания тобының ұйымдастырушы консалтингі. 2014 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Аркада топ компаниясы Форбс журналында 5 орынды иеленді.

2007-2008жж «АПК» АҚ, Almaty Power Consolidated, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша электрмен қамту мекемесін басқару төрағасының кеңесшісі. «АПК» АҚ абоненттік жұмысы мен бизнес үрдісін есептеуді қайта құру жобасын тағайындады. «АПК» АҚ негізгі және қосалқы бизнес үрдістерін қолайландыру жобасын тағайындады.

2006-2007жж «ABS» ЖШС, Стратегиялық дамыту бойынша бас директордың орынбасары, компанияны қайта құру, компания менеджерлеріне сабақ беру, оқыту жұмыстарын жүзеге асырды. Тапсырыс беруші тарапынан «Oracle» жүйесін енгізу жобасының жетекшісі болды.

2006-2006 ENRC және Халықаралық Бизнес Академиясы, МАБ, ENR корпорациясының орта буын менеджерлерін өндірістен алшақтатпай оқыту жобасы. Ақсу ГРЭС менеджерлеріне арналған «Операциялық менеджмент» курсынан сабақ берді.

2005-2006 TOO «B-Systems», директор. Жүйелік интеграциялау компаниясын толыққанды құру және жүзеге асыру. «Казына Инвест» (TURAYA, 2DAY Telecom және т.б..) мүшесі., корпоративтік басқару және холдингтік компания арасын функционалды бөлу мен компанияның құрылымын ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырды. Компанияның стратегиялық жоспарын тағайындады.

2000-2005 «Алматыгаз» АҚ, Холдингтік Компания. Бес жыл ішінде қайта құру үрдісінде холдингтік компания құрылды, нәтижесінде келесі тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізді: 2004 ж санкцияланбаған газды тұтыну- 0%. Берілген есептік көрсеткіш бойынша 2004 жылға дебиторлық борышкерліксіз және алдыңғы айлардағы өсімпұлды есептемегенде 99,8% құрады.

2003-2004 жж аралығында «Алматыгаз» АҚ дирекорлар кеңесінің төрағасы болды. Директорлар кеңесінің төрағасы бола отырып,  қалалық коммуналды газбен қамту компаниясының топтарын корпоративтік басқару жүйесін құрып, оны енгізді.

1999-2002 жж «Вирджиниан Майнинг» ЖШС Ресей көмірін ұсақтау, сорттау, және магниттік тазарту бойынша үдерістік көмір компаниясының иесі және оның директоры болды.

2002 жылы Латвия порты тарапынан бизнес сатылып алынды, бірақ өндірістік технологиясы мен құрал жабдықтары осы уақытқа дейін жұмыс істеуде.

1996-1998жж Шұбаркөл көмір кесіндісі, тұрмыстық қызметтің жетекшісі;

1993-1996жж көмір трейдері;

1991-1993жж «Батыр»тауар-шикізаттық биржа АҚ коммерциялық директоры;

1991- 1991жж Қазақстандық қарағанды метталургиялық комбинаты комбинат бөлімшесінің жобалық-құрастырмалы электрмен қамтамсыздау тобы төрағасының орынбасары;

1989 – 1991жж Қарағанды металлургиялық комбинаты, прокатты цех зертханаларын релелік қорғау және автоматтандыру тобының басшысы болып еңбек етті.


 Абу Али ибн Сино А.Ш.Иноятов атындағы Бухара медициналық институты  ректорының хатына сәйкес (кіріс хаты № 4085т 27.11.2019ж.) академиялық ұтқырлық бағдарламасының аясында "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және гигиена" кафедрасының  аға оқытушысы Манасова Изимгуль Сердановна 09.12.2019.-20.12.2019 ж  мерзімі аралығында факультет білім алушыларына  "Жалпы гигиена және экология"  курсы бойынша дәріс оқуға қабылданды.