Магистрант Абдидин Алина The Eiffel Excellence Scholarship Program 2024 лауреаты атанды.

25.04.2024

Көрулер: 78

  Францияның Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігі қолдайтын «The Eiffel Excellence Scholarship Program 2024» бағдарламасының нәтижелері белгілі болды, әлемнің түкпір-түкпірінен  магистратура мен PhD дәрежесінде 350 лауреаттардың бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті, механика кафедрасы «Механика және Энергетика» қос дипломды білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Абдидин Алина.


   Эйфель стипендиялық бағдарламасы – Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша француз оқу орындарына үздік шетелдік студенттерді тартуға арналған бағдарлама.


   AP14872287 AP14872287 «Континенттік климаттық жағдайларда фазалық ауысу материалдарын пайдалана отырып, күн жылу энергиясын каскадты сақтаудың тиімділігін зерттеу» ғылыми-зерттеу жобасының кіші ғылыми қызметкері Абдидин А.Н. ҚазҰУ доценті Ержан Беляевтың сонымен қатар Лотарингия университетінің профессоры Оливье Ботелла  жетекшілігімен фазалық ауыспалы материалдарды пайдалана отырып, күн жылу энергиясын сақтау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді