Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы ғылыми зерттеу жұмыстары үшін Корея қорының грантын жеңіп алды

12.01.2024

Көрулер: 182

Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Серікбаева Зарипа Асылбекқызы Корея қорының(Korea Foundation) грант иегері атанды. Гранттың мақсаты – шетелдік ғалымдар мен университет оқытушыларының ғылыми зерттеулері мен жобаларын қолдау. Ең ірі корей қоры (Korea Foundation) беретін грант Корея Республикасында ғылыми жобаны жүзеге асыруды көздейді. Тағылымдама Корей тілін шет тілі ретінде оқыту саласындағы ғылыми жоба аясында 2024 жылдың 1 ақпаны мен 31 шілдесі аралығында Кореяның жетекші университеттерінің бірі Сеул ұлттық университетінің білім факультетінде өтеді.

Корея қоры корейтануды танымал етуге бағытталған бірқатар бағдарламалар, семинарлар және түрлі жобалар арқылы ғалымдар мен университет оқытушыларына ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді. Грант конкурсына корейтану саласында зерттеу және оқытумен айналысатын әлемнің түкпір-түкпірінен келген үміткерлер қатыса алады.

Грант алу – ғылыми жұмыстар мен жобаларды жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік қана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы мәдени және ғылыми алмасуға жол ашады.