ҚР ҰҒА академигі Шайқұтдінов Еренғайып Мәлікұлына арналған мемориалдық тақтаның ашылуы

11.05.2023

Көрулер: 776

2023 жылдың 11 мамырында Алматы қаласында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанның жоғары мектебінің ұйымдастырушысы, КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, 18 жыл бойы Алматы қаласы Ардагерлер кеңесін басқарған Шайқұтдінов Еренғайып Мәлікұлына арналған мемориалдық тақта ашылды.