Факультет студенттері NURINTECH-2017 байқауының жеңімпаздары атанды

4-қаң-18

Көрулер: 3410

2017 жылдың 26 желтоқсанында «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында «Nurintech-2017» Республикалық Жастар инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау шарасы өтті. Байқау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің 4-курс студенттері Ергешев Әкім мен Бекназаров Қанат «Техностарт» номинациясы бойынша 1-орын иеленді. Олар байқауға «ПЭТФ-тен жасалған пластик шөлмектер негізіндегі екіншілік полимерлі шикізаттан полиэфирлі шайырлар алу» жобасын ұсынып, 1 млн. теңге ақшалай сыйлық алды. Сондай-ақ факультеттің химиялық физика және материалтану кафедрасының оқытушысы Гаухар Смағұлова «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша 2-орын иеленді. Факультет студенттері мен оқытушысын жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!