Жаңалықтар

Физикалық химия бойынша олимпиада —халықаралық ынтымақтастыққа тағы бір қадам!

24.02.2023

2022 жылғы 26-мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан Республикасына ресми сапары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылуы өтті. Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мақсатында химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнай-химиясы кафедрасы 2023 жылғы 22-23 ақпанда ҚР ҰҒА құрметті академигі Хабибулла Құсайынұлы Оспановтың 90-жылдығына арналған республикалық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері арасында алғаш рет "Физхимик–2023" халықаралық пәндік олимпиадасын ұйымдастырып, өткізді.

Оған қазақстандық студенттермен қатар И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің студенттері де қатысты. Олимпиада онлайн форматта, екі кезеңде өткізілді: тест және есеп тапсырмаларын орындау. Жарыс нәтижесінде І, ІІ дәрежелі дипломдармен, 100000 және 75000 теңге материалдық ынталандырумен ҚазҰУ студенттері Жақсыбай Бағашар, Ергешов Мақсат марапатталды, 3 орынды ҚазҰУ студенті Асқар Мұқанов және И. Арабаев атындағы ҚМУ студенті Оғұлай Ташматова (50000 теңгеден) бөлісті. Олимпиада қатысушыларына сертификаттар берілді. Олимпиаданың демеушісі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия факультетінің физикалық химия кафедрасының түлегі, Х.К. Оспановтың шәкірттерінің бірі Қарлығаш Қабиденқызы Алдабергенова (Әубәкірова) болды.

Ары қарай оқу >>

"7M07101 – Мұнайхимия" мамандығының 1 курс магистранты Ақан Ақжол Алтайұлы II дәрежелі дипломмен марапатталды

21.02.2023

20-21 ақпан 2023 жылы өткен Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті тұңғыш ректор, химия ғылымдарының докторы, профессор Серіков Төлеуіш Пәуеденұлын еске алуға арналған мұнайхимия және мұнай өңдеу пәндері бойынша халықаралық онлайн-олимпиадасында "Органикалық заттардың химиялық технологиясы", "Көмірсутек шикізатын өңдеудің химиялық технологиясы", "Мұнай мен газды химиялық өңдеу", "Полимерлер өндірісінің химиялық технологиясы" мамандықтары бойынша білім алушылар және мұнай химиясы және мұнай өңдеу саласындағы бейіндеуші ЖОО-дар, сондай-ақ магистранттар мен мұнай өңдеу кәсіпорындарының жас мамандары арасында өткен сайыста "7M07101 – Мұнайхимия" мамандығының 1 курс магистранты Ақан Ақжол Алтайұлы II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к, қауымдастырылған профессор Смағұлова Н.Т.
 Шығармашылық табыс, сәттілік тілейміз!
Iзгі тілекпен, физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы.

Ары қарай оқу >>

ТҰРАҚТЫ ДАМУ КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ОҚУЛЫҚТА БЕЙНЕЛЕНУІ

15.02.2023

Вернадский ілімінен басталған экологиялық зерттеулер маңызын ешқашан жойған емес. Тұрақты даму концепциясы 2015 жылы БҰҰ саммитінде 17 мақсатпен айқындалды. Тұрақты даму концепциясын жастарға түсіндіру мақсатында әлемдік деңгейдегі проблемаларды ортаға салып, зерделеу қажет. Экологиялық проблеманы шешуде алға қойған мақсатқа жету үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетінің студенттеріне ағылшын тілінде оқулық ұсынылады. Авторлар ұжымы Л.Р. Сасыкова, Е.А. Аубакиров, Ж.Х. Ташмухамбетова мұнай – химия өндірістерінің ең өзекті экологиялық аспектілерін қарастырады.

Ары қарай оқу >>

ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ЗАМАНАУИ БАҒЫТТАРЫ" тақырыбында Халықаралық қысқы мектеп

15.02.2023

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлердің химиясы мен химиялық технологиясы кафедрасы 2023 жылдың 15 ақпанында Е.Е. Ерғожин атындағы Ғылыми Кеңес Мәжілісінің залында гибридті форматта (онлайн-оффлайн) "ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ЗАМАНАУИ БАҒЫТТАРЫ" тақырыбында Халықаралық қысқы мектеп өткізді.

Ары қарай оқу >>

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып аралығында Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

14.02.2023

2023 жылдық 14-16 ақпан аралығында «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып аралығында Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті.

Ары қарай оқу >>

ИЗМИР ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

13.02.2023

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы мен Измир технологиялық институты арасында ұзақ жылдар бойында байланыс бар. Кафедра меңгерушісі профессор Е.А. Аубакировтың бастамасымен екі оқу орнының ғалымдарының ұзақ жылдардан бергі ғылыми байланысы нәтижесінде бүгінгі таңда екі жақты меморандумға қол қойылды. Осы меморандум негізінде «7М07101 - Мұнайхимия» білім беру бағдарламасы магистранттары және «8D07101 - Мұнайхимия» білім беру бағдарламасы докторанттары ғылыми тағылымдамаларын өтетін болады.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ынтымақтастық

11.02.2023

2023 жылдың 10 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде Жапония Атом энергиясы агенттігінің Ядролық өнеркәсіптегі адам ресурстарын дамыту орталығы директорының орынбасары Йошихиро Накано және орталық хатшысы Кана Сузукимен кездесу өтті.

Кездесуге химия және химиялық технология факультетінің деканы Галеева А.К., жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының профессоры Буркитбаев М.М., сонымен қатар жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының оқытушылары қатысты.

Ары қарай оқу >>

«ФИЗХИМИК-2023» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ

10.02.2023

2023 жылдың 10 ақпанында Химия және химиялық технология факультетінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Х.Қ.Оспановтың 90 жылдық мерейтойына естелігіне орай, ҚР және шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Физхимик-2023» халықаралық пәндік олимпиадасының іріктеу кезеңі өтті. Факультет қабырғасында мұндай олимпиаданы алғаш рет физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы өткізіп отыр. Іріктеу кезеңіне 2-3 курс студенттері қатысты. Оларға кафедра меңгерушісі профессор Е.А. Әубәкіров, кафедра профессоры А.Қ.Оспанова және оқытушылар кеңес берді. Турдың қорытындысы бойынша 18 студенттен 10 студент іріктелді.

Ары қарай оқу >>

"7М07201 - Мұнай-газ ісі" мамандығының магистранттары "Erasmus" бағдарламасы бойынша оқу гранттарын жеңіп алды

10.02.2023

"Физикалық химия, катализ және мұнай-химия" кафедрасының 1-ші және 2-ші курс магистранттары, "7М07201 - Мұнай-газ ісі" білім беру бағдарламасы бойынша, Каленов Ғаламат және Хасанова Ақерке, Франция Республикасының, Нанси қаласындағы Лотарингия университетінің профессорлары мен оқытушылары өткізген күрделі іріктеу турынан сәтті өтіп, "Erasmus" бағдарламасы бойынша оқу гранттарын жеңіп алды. Бұл іріктеу турында басқада Қазақстанның ірі университеттерінің магистранттарыда қатысты. Магистранттарымызға табыс пен амандық тілейміз.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетіне білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Атташенің сапары

09.02.2023

Химия және химиялық технология факультеті қарсаңында ҚазҰУ мен химия және химиялық технология факультеті басшылығының Қазақстандағы білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Француз атташесі Ксавье Ле Торривеллекпен кездесуі өтті. Кездесуге факультеттің деканы мен барлық ПОҚ қатысты. Кездесу барысында Францияның жоғары мектептері мен жетекші университеттеріндегі студенттерімізді Лион 1 және Париж Сакли ретінде оқыту мүмкіндіктері, сондай-ақ студенттерді Total Energy ретінде әлемдік ауқымдағы жобаларға тарту талқыланды. Стипендиялық бағдарламалар бар және Франция елшілігі кез-келген тиісті жобаны қолдайды, сонымен қатар француз университеттерімен тығыз серіктестік орнату және оларды гранттық қаржыландыру жобаларына тарту мүмкіндігі талқыланды. Сонымен қатар, бірлескен және екі дипломдық білім беру мәселесі қозғалды, бұл бағытта Физикалық химия, катализ және мұнай - химия кафедрасы Лион 1 Клод Бернард университетімен және Лотарингия университетімен Мұнай-газ дело білім беру бағдарламасы бойынша мұнай-химия-7М017101 бірлескен білім беру бағдарламасы туралы белсенді жұмыс жүргізуде. Келісімшартқа қол қою туралы кейбір сұрақтар болды, оған атташе жауап берді және қол қою процесін жеделдетуге уәде берді.

Ары қарай оқу >>