"Биофизика және биомедицина проблемалары" үйірмесі

«Мемлекеттік тіл - менің тілім»

22.09.2019

Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина            кафедрасында 2019 жылы 22 қыркүйек күні №7 жатақханада 19.00 сағатта «Мемлекеттік тіл менің тілім» тақырыбында

іс-шара өткізілді.

Ұйымдастырушы: «Биофизика және биомедицина проблемалары» студенттік үйірмесі , хронобиология орталығы және кафедра ұжымы

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби кітапханасымен танысу

04.09.2019

2019 жылдың 4 қыркүйегінде «5В060700 Биология» мамандығының 1 курс студенттері әл-Фараби кітапханасына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында кітапхана қызметкерлері студенттерге ҚазҰУ кітапханасының инфрақұрылымы мен қызметі жайлы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттер оқырман ережелерімен танысып, кітапханадағы оқырман залдарын аралап шықты.

әл-Фараби кітапханасы қазіргі таңда университеттің ақпараттық, білім беру және мәдени орталығы, университеттің білім бағдарламаларына сәйкестендіріліп жинақталған бай кітап қорымен және заманауи ақпараттық электронды ресурстарымен қамтамасыз етілген университетіміздің мақтанышы.

Ұйымдастырушы: биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы Қайрат Б.Қ.

Ары қарай оқу >>